Инновация түсінігі түрлері
Автор: Almira02 • Май 14, 2024 • Реферат • 3,811 Слов (16 Страниц) • 98 Просмотры
Инновация түсінігі түрлері.
Нарықтық экономикадағы ғылыми қызметтің нәтижелерін пайдалану мүмкіншілігінің мол болуы, «инновация» деген экономикалық категорияны өмірге әкелді. Қоғамдық қатынастардағы пайда болған осы құбылыс «жаңалық енгізу» деген мағынаны білдіретін «инновация» сөзімен атала бастады.
«Инновация» сөзі 1440 жыл француз тіліндегі «жаңғыру және жаңа» намесе «зат жасаудың жаңа жолы» деген мағынаны білдіретін «innovatіon» сөзінен пайда болған.
«Инновация» термині, «жаңалық» және «ашылым» түсініктерімен тығыз байланысты болады. «Жаңалық» түсінігі, адаммен шығарылған жаңа құралдар, механизмдер, жабдықтармен түсіндіріліеді. «Ашылым» түсінігі, бұрын белгісіз болған мәліметтерді алу үрдісі және бұрын белгісіз болған табиғи құбылыстардың көрінісімен түсіндіріледі. Инновацияға қарағанда, ашылым термині ең алғашқы сатыда жасалады және қандай да бір кіріс алу мақсатын көздемейді.
Қазіргі кезде бұл инновацияға деген көп көз-қарас бар, әркім әртүрлі анықтама берген, солардың ең алғашқысы және инновация теориясын қалыптастырушы - Й.Шумпетер болатын. 1920 жылдары Австриялық ғалым Й.Шумпетер өзінің «Экономикалық өсу теориясы» еңбегінде алғаш рет инновация түсінігіне көңіл аударды. Оның ойынша экономикалық тұрақтылықты жаңашыл кәсіпкерлер бұзады. Бұл кәсіпкерлер рынокқа жаңа өнім енгізіп сонысымен басқа кәсіпкерлерді бәсекелестікке шақырады. Әр кәсіпкер бәсекеден озу үшін, өз тарапынан басқа да жаңа өнімдер ойлап табуға ұмтылады және мәжбүр болады. Й.Шумпетердің айтуынша әр кәсіпорынның ішкі факторларын жаңадан біріктіру арқылыда да жаңалық алуға болады деді. Й.Шумпетер теориясы бойынша жаңа комбинациялардың бес түрі бар, оларға:
- жаңа өнімді қалыптастыру;
- жаңа технология пайдалану;
- өндіріс үрдісін ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдалану;
- сатудың жаңа рыноктарыға шығуы;
· ресурстардың жаңа түрлерін немесе жаңа қайнар көздерін пайдалану жатады.
Й. Шумпетерден кейін Джеймс Брайен Куинн инновацияның жалпы сипаттарына тоқталып келесілерді атады: қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады; ықтималды сипатқа ие; күрделілігімен ерекшеленеді; көп уақытты талап етеді; кедергінің пайда болуына, қарсыласуға, тоқтатылымға және шапшаң дамуға бейім деп атап көрсетті.
Ағылшынша-қазақша сөздікке сәйкес, «инновация» - жаңадан енгізу, жаңашылдық, өзгеріс. Дегенмен интеллектуалды еңбектің нәтижесі болып жаңашылдық табылады. Жаңашылдық, қысқа мағынада – интеллектуалды қызметтің жемісі, кең мағынасында – ноу-хаудың, ұтымды ұсыныстардың, тауар белгісінің, патенттің, өнертапқыштық, ашылымдардың бейнесінде жасалған инновациялық үдерістің нәтижесі. Егер, жаңадан енгізудің экономикалық немесе әлеуметтік құндылығы болмаса, ол инновация ретінде саналмайды, өйткені инновация болуы үшін белгілі бір пайдалы әсерді қамтамасыз ететін инновациялық үдерістің өндіріске енгізген нәтижесі болуы қажет.
Ал В.А. Макаренконың редакциясымен шыққан заманауи түсніктер мен терминдердің қысқаша сөздігінде толығырақ анықтама берілген. «Инновация (ағыл. innovation – жаңа енгізу, жаңалық, лат. innovation – қайта жаңару, жаңару) бұл:
· техникалар мен технологиялардың буынын қамтамасыз ету үшін, экономикаға қаржы салу;
- ғылыми-техникалық үдерістің нәтижесі болып табылатын жаңа техника, технологиялар ойлап табу;
- жаңа идеяларды жасау мен жинақтау, жаңа теория, модель жасау, оларды жүзеге асыру: қайталанбайтын, жеке саяси бағдарламалар;
- тіл білімінде – жаңа өскін, салыстырмалы жаңа құбылыс, әсіресе морфологияда.
Қазіргі қолданыстағы «Инновациялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы бойынша, «инновация – жаңа немесе жетілдірілген өнім, жаңа немесе жетілдірген техникалық прогресс, жаңа ұйымдастырушылық техникалық, қаржылық – экономикалық немесе басқа да өнеркәсіп немесе қоғамды басқару салаларына прогрессивті ықпал ететін, әр түрлі қоғамдық қатынастар салаларындағы шешімдер ретіндегі жүзеге асырылынған, инновациялық қызмет нәтижелері». Ең алдымен, бұл анықтамада инновацияның құқықтық қатынастардағы түрлі көріністері көрсетілген. Екіншіден, инновация – инновациялық қызметтің нәтижесі ретінде келтірілген.
...