Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның Ресейге қосылуы

Автор:   •  Октябрь 9, 2022  •  Доклад  •  474 Слов (2 Страниц)  •  199 Просмотры

Страница 1 из 2

[pic 1]

Қазақстанның Ресейге қосылуы ұзаққа созылды. Көшiм хандығының ыдырауы (1598ж), және орыс елiнiң кеңбайтақ Сiбiр жерiн, Қазан (1552 ж.), Астрахан (1556 ж.) хандықтарын бiрте-бiрте жаулап алуы, Кама сауда жолының құрылуына әкелдi.

I Петр: “Барлық Азия елдерi үшiн Орда кiлт пен қақпа, сондықтан Орда Ресейге тәуелдi болуы керек”. Бұл Ресейдiң Қазақстанмен қатынасындағы болашақ саясатын белгiледi, яғни әскери отарлау саясатын күшейттi.

Жоғары Ертіс бойына салынған әскери бекіністер:

  • Жәміш Ямышевск (1716 ж)
  • Омбы (1716ж)
  • Железинск (1717ж)
  • Семипалатинск (1718ж)
  • Павлодар, Өскемен (1720ж)

1715 жылдың күзiнде (кейбiр деректерде 1718 жыл) Тәуке қайтыс болды, оның орнын басқан Қайып сұлтан хандықты әлсiретiп алды. Келесi басқарушылардың бағытының бiрдей болмауынан үш жүздiң бiрлiгi әлсiредi.

 (Кiшi жүздi        Әбiлқайыр; [pic 2]

Орта жүздi       Сәмеке, Күшiк (Қосманбет); [pic 3]

Ұлы жүздi        Жолбарыс басқарған кезде)[pic 4]

Алғашында Қайып ханға тәуелдiлiгiн мойындаған Кiшi жүз билеушiлерiнiң бiрi Әбiлқайыр ХVIII ғасырдың 20-жылдарынан өз алдына билiк құра бастады.

Жоңғар хандығы XVII ғасырдың 40-жылдарынан бастап қазақ жерiне сан рет жойқын жорықтар ұйымдастырды.

XVII ғасырдың соңы — XVIII ғасырдың басында

Жетiсудың бiр бөлiгiн жаулап, Сарысу өзенi алқабына дейiн жеттi.

1710 жылы

Қарақұм

Қазақ жүздерiнiң белгiлi өкiлдерi Қарақұм маңында бас қосты.

1711 жылы

Қазақ батырлары тiзе қосып, жауға айтарлықтай тойтарыс бердi.

1713 жылы

Жоңғар қонтайшысы Себан Рабданның (Цэван-Рабдан) қазақ жерiне жорығы да сәтсiздiкпен аяқталды.

1717(1718) жылы

Аякөз өзенi бойында

Қаракерей Қабанбай мен Жауғашар (Шақантай) батырлардың басшылығымен жаудың қолын талқандаған жеңiс.

1723-1727 жж

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»

Жоңғарлар Жетiсуды жапыра, Қаратауды басып өтiп, Талас алқабында көшiп жүрген қазақ ауылдарына ойран салды. Қатты ойрандалған — Жетiсу өңiрi. 

Ұлы жүздiң көпшiлiк рулары мен Орта жүздiң бiрқатар рулары Шыршық өзенiнiң Сырдарияға құяр сағасынан өтiп, Ходжентке қарай беттедi.

Орта жүздiң басқа рулары Самарқанға ойысты. Кiшi жүз Ырғыз, Торғай, Жайық, Ор өзендерiне қарай ығысты. Шапқыншылармен арпалысқан қазақтардың бiр бөлiгi Тобыл губерниясының шекарасына жақындады.

Есiмдерi аңызға айналған Есет, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Саурық, Малайсары, Наурызбай, Баян, Жауғашар (Шақантай), Жәнiбек, Райымбек, тағы басқа батырлар жеке

қол құрап, күрестi тоқтатпады.

Ел басынан кешкен осынау қайғықасiрет әйгiлi “Елiм-ай” әнінде айтылады.

1725 жылы

Жоңғарлар Түркiстан мен Ташкенттi басып алды.

1728 жылы (кейбір деректерде 1727 жылы) Торғай даласындағы Сарысудың орта ағысы алқабында, Бұланты

және Білеуті өзендері аралығындағы

Қарасиыр

Бiрiккен қазақ жасағы жоңғарларға ойсырата соққы бердi. Қазақ -қырғыз және басқа халықтардың 60 мыңдық қолының толық жеңiсiмен аяқталды. Қалмақ қолдары тас-талқан болған сол жер, кейiннен “Қалмақ қырылған” деп аталып кеттi.

Қазақстанның солтүстiк-батыс өңiрiн азат еттi.

1726 жылы

Ордабасы

Қазақстанның оңтүстiгiндегi Ордабасы тауының етегiне барлық қазақ жасақтары жиналды. Бұл жер, жау қолындағы Жетiсуды азат етуге аттануға жақын едi.

1730 жылдың көктемiнде Балқаш көлiнiң оңтүстiгiнде, Аңырақай түбiнде (Балқаштың оңтүстiк шығысы, Алакөл мен Итiшпес көлiнiң аралығында 1729 жылы)

Әбiлқайырдың басшылығымен үш жүздiң ортақ әскерi қалмақтарға күйрете соққы бердi. Осы қырғын ұрысқа Әбiлқайырдың қарсыластары Әбiлмәмбет пен Барақ сұлтанда да белсене қатысты. Қазақ қолы үлкен жеңiске жеттi.

Тарихта “Аңырақай шайқасы” (қалмақтардың аңырауы, боздауы) деп аталып кеткен.

...

Скачать:   txt (6.6 Kb)   pdf (119.7 Kb)   docx (306.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club