Əкімшілік айыппұл түсінігі
Автор: Alibek0909 • Октябрь 11, 2021 • Реферат • 2,054 Слов (9 Страниц) • 330 Просмотры
КІРІСПЕ
Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның) ғана болуы оны барлық жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға, əрі əкімшілік құқықтың пəніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша əкімшілік құқықпен емес, құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-əрекеттерді жиі жасайды. Мысалы, олар реттелуі азаматтық құқық пəнін құрайтын мүліктік мəмілелер жасай алады. Олардың бюджет — салық аясында жасайтын бірқатар ісəрекеттері конституциялық жəне қаржылық құқық нормаларының реттеушілік ықпалына жатады, т.с.с. Бұл мынаған байланысты, мұндай жағдайларда қандай да болмасын атқарушы орган атқару — өкім етушілік сипаты бар функцияларды орындамайды; мысалы, мəміле жасаған кезде ол өзінің мүліктік құқығын іске асырады. Ішкі басқарушылық қатынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы жəне сот биліктері субъектілерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының өздерінің аппараттарына басшылық жасаған кезде пайда болады.Сыртқы қатынастар атқарушы билік органдары жағынан басқарылатын сыртқы объектілердің (азаматтардың, мемлекеттік жəне мемлекеттік емес кəсіпорындардың, мекемелердің жəне ұйымдардың) мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда болады. Əкімшілік құқық өзінің пəнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұнын атқарушы билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін жасау констиуциялық мақсат-міндеттеріне сəйкес, сондай-ақ реттелінетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын қамтамасыз ету құрайды. Əкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сəйкес əкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы əр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-əкімшілік құқықсубъектілігі. Əкімшілік құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады.
ҚР-ның құқық жүйесінің ерекше саласы бар, оның негізгі мақсат-міндеті айырықша сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі сол, олар атқарушы билікті нақты жүзеге асыру аясында пайда болуы (тиісінше өзгертілуі жəне тоқтатылуы) мүмкін. Ал оларға реттеушілік ықпал жасау өзінің жиынтығы бойынша əкімшілік құқықғы құрайтын құқықтық нормаларға жүктелген. Қазақстан Республикасының əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiнен тұрады. Əкiмшiлiк жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске олар енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi. Қазақстан Республикасының əкiмшiлiк-деликттiк құқықтық қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттық жəне өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлiгi болып табылады. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады жəне халықаралық шартты қолдану үшiн заң шығару қажет болатын реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Айыппұл (штраф) — заңда белгіленген ретте жəне тəртіпте белгілі бір қағидаларды бұзушы тұлғаларға қолданылатын ақшалай айып
...