Практическая работа по "Политологии"
Автор: Aizzzzh • Февраль 25, 2022 • Практическая работа • 1,622 Слов (7 Страниц) • 762 Просмотры
Сарбарова Айжан
Семинар 1.
1. Адамзат өркениетіндегі саяси идеялардың генезисі.
2 Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Яссауидің саяси көзқарастары.
3. ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары, саяси ойлары.
Саяси ой-пікірдің қалыптасу және даму тарихы саясат пен мемлекеттік басқару формаларының пайда болуынан бастау алады. Саяси ой Ежелгі Шығыс елдерінде пайда болып, ұзақ уақыт бойы қоғамдағы қарым- қатынастар мен үдерістер діни-мифолологиялық көзқарас тұрғысынан түсіндіріліп келді. Ежелгі Шығыс елдері Египет, Вавилон, Қытай, Үндістанда қоғамдағы әлеуметтік-саяси іс-әрекеттер құдайдың құдіретімен, тылсым күштердің әсерімен байланыстырылды.
Конфуций ілімі бойынша «табиғатында барлық адамдар ұқсас болып келеді, оларды бір-бірінен бөліп тұратын әдет-дағдылары мен алған тәрбиелері. Тек жоғары даналық пен шектен шыққан ақымақтық қана әрдайым өзгермейді».
Бірде Конфуцийге шәкірті Цзы Гун мынадай сауал қояды: «өмір бойына қолданатын тәртіп ережесін бір ғана сөйлеммен білдіру мүмкін бе?». Конфуций «мүмкін. Өзіңе тілемеген нәрсені, өзгелерге де тілеме», - деп жауап берген екен. Рақымшылдық, адамгершілік пен ізгілік Конфуций этикалық ілімінің негізгі идеялары болды.
Ежелгі Шығыстың саяси ойлары тарихындағы беделді ілімнің бірі ежелгі Қытай философы, әрі көрнекті ойшылы Конфуций (б.д.б. 551-479) негізін салған конфуцийшілдік болды. Конфуцийдің саяси көзқарастары негізіне ең алдымен этика, яғни әдептілік нормалары тән. Бұл барлық басқару жүйесіндегі басты фундамент болуы шарт. Билеуші өз құзырындағы бағынышты халыққа өз баласындай қамқорлық танытып, сәйкесінше, халық билеушілеріне құрмет көрсетіп, сөзсіз бағынуы тиіс.
Ежелгі Үндістандағы саяси ой-пікірлердің көрнекті өкілінің бірі б.з.д. VI ғасырда өмір сүрген, Будда деген атпен белгілі болған Сиддхартха Гаутама. Гаутама ілімі бойынша «ең бастысы – адамның атағы мен шыққан тегі емес, оның адамгершілігі».
Будда ілімін жақтаушылардың пікірінше, адам өмірінің мәні байлық пен атақта емес, әрқашан шындықты айтып, мейірімділік пен қайырымдылыққа ұмтылуында.
Ежелгі Үндістандағы Дхарма түсініктемелеріне (адамның өз міндеттері) сәйкес адамдардың бір-біріне бауырмалдығы, қайырымдылығы, жамандыққа жақсылықпен жауап беруі арқылы ізгілікті өмірге қол жеткізуге болады.
Адамның өз міндеттерін (дхарма) адал атқаруына қалай жетуге болады деген сұраққа «Артхашастраның» («Табиғат пен адамның өз міндеттерін адал атқаруы туралы») авторы, император Чандрагупта Маурьидың бас кеңесшісі Каутилья (б.з.д. IV ғ.) жауап беруге тырысты. Оның көзқарасы бойынша құдайдың құдіретімен орнаған жердегі тәртіпті ақылды билеуші ғана сақтай алады. Ол халықты тура жолға бастап, олардың өз міндетін адал атқаруына қол жеткізуі тиіс.
Ежелгі Шығыстың саяси ой-пікірі Ежелгі Грецияның саяси ілімдеріне үлкен ықпал етті. Дегенмен гректердің мемлекеттік істерге белсенді қатысуы, полистердегі қызу саяси өмір мифологиялық түсініктің дағдарысын тудырып,
қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді түсіндірудің басқа бір үлгісі - саяси сана теориясын өмірге әкелді.
Ежелгі грек ойшылдарының қатарында ұлы ойшылдар Сократ(б.з.д. 470-б.з.д.399), Платон (б.з.д. 427- б.з.д.347), Аристотель (б.з.б.384-б.з.д.322), Цицерон (б.з.б. 106-б.з.д. 43) , т.б. бар.
Сократ Ежелгі Грек философиясының негізін қалаушы ежелгі грекфилософтарының бірегейі. Сократтың шәкірті Платон былай жазған екен: «Мен өз шығармаларымды ең ұлы дана - Сократқа арнадым. Адамдар мені ұмытып кетуі мүмкін, бірақ менің шығармаларым арқылы Сократты ұмытпайтын болады».
Сократ философия тарихында үлкен бетбұрыс жасаған ойшыл. Ол ғарышты зерттеуден адамды зерттеуге, адамның ішкі рухани шындығына үңілуге, себепті танудан мақсатты тануға бұрылуға әсер етті. Оныңэтикасаласына жасаған үлесі айырықша. Этика мәселесінде Сократ рационализм қағидасын дамытқан. Ол рақымшылдық білімнен келеді, мейірімнің не екенін білетін адам ешқашан жамандыққа бармайды. Мейірімнің өзі білім, сондықтан ақыл-парасат мәдениеті адамды мейірбан ете түседі деген пікірде болған.
...