Құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері
Автор: Дилара Сайлауова • Сентябрь 30, 2020 • Реферат • 429 Слов (2 Страниц) • 630 Просмотры
«Құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері»
Құқықтық қатынастардың құрамын құқықтық қатынас субъектісі, құқықтық қатынас мазмұны және құқықтық қатынас объектісі құрайды.
Құқықтық қатынас субъектісі болып объективтік құқықтары мен заңды міндеттерге ие бола алатын құқықтық қатынас қатысушылары танылады. Жеке тұлғалар (азаматтар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар), заңды тұлғалар (коммерциялық немесе коммерциялық емес), мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлігі және мемлекеттің өзі де құқықтық қатынас субъектісі бола алады.
Жеке тұлға – қоғамда өзіндік мәртебесі бар және соған сәйкес құқықтар мен бостандықтарға, міндеттерге ие болатын адам. Жеке тұлға қоғамның ең басты құраушы бөлігі болып табылады және жеке тұлғалар біріге отырып, сол қоғамға өзгеріс әкеле алады немесе мемлекеттік билікті өзгерте алады.
Кез келген адам туғаннан бастап өзі қайтыс болғанға дейін құқықтық қатынастың субьектісі бола алады. Дегенмен, кейбір жағдайларда олардың құқықтық қатынасқа өз бетімен түсуіне нақты жағдайлар кедергі болуы мүмкін. Сондықтан, адамдарда құқықтық қатынастарға түсу үшін құқық және әрекет қабілеттілігінің болуы талап етілуі мүмкін.
Құқық қабілеттілік дегеніміз – қоғамдық қатынас субъектісінің туылғаннан бастап қайтыс болғанға дейін құқықтарға ие болып, оларды жүзеге асыру қабілетін білдіретін ұғым.
Әрекет қабілеттілік дегеніміз - тұлғаның өз еркімен құқықтық қатынастарға түсіп, құқықтар мен міндеттерге ие болу, дербес құқықтық әрекеттер жасауға қабілеті.
Мемлекет әкімшілік-аумақтық бірлігі-саяси дербестігі жоқ, мемелекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінісінің құрылымдық элементі. Қазіргі кезде Қазақстан республикасының аумағы келесідей әкімшілік-аумақтық бірліктерден тұрады: облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ,
...