Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Азаматтық құқық

Автор:   •  Июнь 21, 2023  •  Лекция  •  35,209 Слов (141 Страниц)  •  161 Просмотры

Страница 1 из 141

1 тақырып. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҢ БІР САЛАСЫ

1. Азаматтық құқық ұғымы

2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы

3. Азаматтық құқық принциптері

4. Азаматтық құқықтың жүйесi

1. Азаматтық құқық ұғымы

Азаматтық құқық басқа құқық салаларынан өзінің реттеу пәні мен әдiстерiмен ерекшеленедi.

Азаматық-құқықтық нормалармен реттелетiн қоғамдық қатынастар азаматтық құқықтың реттеу пәнiн құрайды. ҚР АК 1-бабы былайша айқындайды: "Азаматтық заңдармен тауар - ақша қатынастары және қатысушылардың теңдгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi". "Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды".

Заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттерді иелену және пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік қатынастар деп түсінеді. Әдетте, мүліктік қатынастар объектісін ақшамен бағалауға болады. "Мүлік" термині азаматтық құқықта алты мағынада түсініледі: 1) заттар, 2) ақша, бағалы қағаздар, 3) жұмыс, қызмет 4) шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, 5) ақпарат, 6) мүліктік құқықтар.

Мүліктік емес жеке қатынастар - бұл материалдық емес игіліктер жөнінде адамдар арасында туындайтын және зкономикалық мазмұны болмайтын қатынастар. Бұл қатынастардың екі тобы ажыратылады:

Мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес жеке қатынастар (мыс. ғылым, әдебиет,-өнер туындыларына авторлық құқыққа байланысты қатынастар);

мүліктік қатынастармен байланысты емес мүліктік емес жеке қатынастар (мыс. ар-намыс, қадір қасиет, іскерлік беделге байланысты қатынастар).

Сонымен, азаматтық құқық пәнiн мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес қатынастар құрайды.

Азаматтық - кұқықтық реттеу әдiсi деп олардың көмегiмен мемлекет осы қатынастарға қатысушылардың керектi мiнез - құлқын қалыптастыра алатын, қоғамдық қатынастарға ықпал ететiн, реттейтiн және оларды қорғайтын құралдар мен әдiстер жүйесiн айтамыз. Азаматтық-құқықтық реттеу әдiсi рұқсат етуші ретiнде болады, яғни белгiленген тәртiппен мемлекет тыйым салғаннан басқа ic - әрекеттiң бәрiне рұқсат етiлуi. Рұқсат ету ретiнде болатын азаматтық-құқықтық реттеу әдiсiнiң келесi белгiлерi болады: 1)тараптардың заңды теңдiгi, 2)тараптар еркiнiң автономиялылығы, 3)тараптардың мүлiктiк дербестiгi, 4)азаматтық құқықтарды сот тәртiбiнде басымдықпен қорғау, 5)азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң мүлiктiк сипаты.

Азаматтык, құқықтың реттеу пәнi және әдiсiне сүйене отырып, мынадай анықтама келтiруге болады: азаматтық құқық дегенiмiз - бұл заң тұрғысынан алғанда, бip-бipiнe бағынбайтын мүлiктiк оқшауланған субъектiлер арасындағы мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке қатынастарды рұқсат ету әдiсiмен реттейтiн заң нормаларының жиынтығы.

2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы

Құқықтың сабақтас салаларынан азаматтық құқықтың айырмашылығы ең алдымен оның нысанасына қарай айқындайды. Құқықтың мүліктік қатынастарын реттемейтін барлық салалары (мысалы, қылмыстьқ құқық, әкімшілік құқық) реттейтін нысанасына қарай азаматтық құқықтан айқын ажыратылады. Ал мүліктік қатынастарды қамтитын құқықтың басқа салаларынан реттеу әдісімен ажыратылады.

Азаматтық және кәсіпкерлік құқықты ажыратуға тоқталайық. Азаматтық құқық кәсіпкерлік қызмет саласына жататын және бұл салаға жатпайтын барлық құқықтық қатынастарды реттеудің жалпы негіздерін анықтайды.

Конституциялық құқық құқық жүйесінде негізгі принциптерді, соның ішінде азаматтық құқықтың негізгі бастауларын анықтайды. Конституциялық құқық меншіктің барлық нысанының теңдігін, оған қол сұқпаушылықты, кәсіпкерлік қызмет еркіндігін және т.с.с. белгілейді. Азаматтық құқық бұл ережелерді өзінің нормаларында нақтылайды.

...

Скачать:   txt (499.1 Kb)   pdf (877.9 Kb)   docx (375.1 Kb)  
Продолжить читать еще 140 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club