Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бидайдың өсіп-жетілуін зерттеу

Автор:   •  Сентябрь 12, 2023  •  Реферат  •  2,693 Слов (11 Страниц)  •  128 Просмотры

Страница 1 из 11

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы

"№38 мектеп-лицей" КММ

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ 

Тақырыбы: Бидайдың өсіп-жетілуін зерттеу

Секция: Жаратылыстану

Орындаған: Сералы Томирис 

Сыныбы: 2 "Ә"

Жұмыстың жетекшісі: Нурманбетова Кунсулу Бейсеналиевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Нұр-Сұлтан, 2022 ж

Мазмұны

Аннотация  …………..…………………………………………………………...3

Кіріспе .………………………………………………………………………….....4

Бидайдың түрлері …………………………………………………………………5

Бидайдың зиянкестері мен аурулары және күресу шаралары …………….……8

Бидайдың адам ағзасына пайдасы …………………………….............................9

Практиқалық бөлім …………………………………………………...…………10

Қорытынды ………………………………………………………………………13

Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………..………14

Аннотация

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бидайдың өсіп жетілуі мен қызметін және адам денсаулығына пайдасын анықтау.

Зерттеу жұмысының маңызы: Бидайды зерттей отырып өсімдікке ең қолайлы ортаны анықтау. Бидайдың түршелерін және оның себептерін зерттеу, зерттеу жургізуші оқушының жеке тәжірибесі  негізінде бидайдың өсу қарқынын және бидайдың өсуіне қолайлы ортаны зерттеу.

Зерттеу жұмысын жүргізу мерзімі: 27 Мамыр 2022 - 14 маусым 2022

Зерттеу жұмысының зерттеу әдісі:

Жинақтау;

Ғылыми тәжірибе жүргізу;

Өзіндік ой топшылау    

Зерттеу жұмысында қолданылатын құралдар: Бидай дәні, дәнді отырғызатын арнайы ыдыс және сызғыш, компьютер, дәптер, қара топрақты жер, қалам, қайшы

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Бидайдың өсуіне қолайлы орта және бидайдың құрамын аңықтау (ғылыми әдебиеттердегі мәлімет және энциклопедия негізінде);
  • Бидайдың өсуін бақылау "тәжерибе жасау арқылы";
  • Бидайдың түршелерін зерттеу;
  • Бидайдың өсу қарқынын есептеу (зерттеу жүргізуші оқушының жеке тәжірибесі негізінде);
  • Бидайдың адам ағзасына тигізетін падасы туралы іздену (ғаламтор желісін пайдалану арқылы);

Жұмыстың жетекшісі: Нурманбетова Кунсулу Бейсеналиевна

                                                                               

                                                                                  3

Кіріспе

Бидай ертеден келе жатқан мәдени өсімдіктердің бірі. Археологиялық құжаттарға қарағанда біздің заманымыздан Y-YI мың жылдарда Ашхабад, Ереван, бөлігінен қазбадан бидай дәні табылған. Бидай 10 мың жылдам астам уақыттан бері өсіріліп келеді.
Бидай (латынша. Triticum) - астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (Еділ бидайы, Польша бидайы, көже бидай, қатты бидай, жұмсақ бидай, көбен бидай), өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Бидай - дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі. Бір гектардан 30-40 центнер өнім береді. Бидай - бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және де көптеген елдердің экономикасында өте ерекше орын алады. Бүкіл дәнді дақылдар өнімінің 60% мөлшері бидайдан алынады.

Бидайдың шыққан жері, таралған аймағы:

  • Бидайдың 18 түрі Иран, Араб елдері аумақтарынан шыққан. Бұл елдерден жұмсақ бидай тараған.
  • Жерорта теңізі орталығынан қатты бидай кеңінен таралған.
  • Дүние жүзінде егіс көлемі 220 млн.га шамасында, барлық дақылдардың ішінде 1 орын алады.
  • Қазақстанда бидай себу көлемі бойынша 6 орында тұр. Әлемде бидай жасалатын ұн экспорты бойынша 2-орынды алады.

[pic 1]

бидай алқабы - 1 cүрет

                                                                                      4

Бидайдың түрлері[pic 2]

бидайдың түршелері – 2 сүрет

Бидайдың түрлері. Бидай қоңырбастар тұқымдасына жатады да, 22 түрді біріктріреді. Дәннің гүл қабықшаларынан ажыратылу дәрежесіне қарай барлық бидай түрлері жалаңаш дәнді немесе нағыз бидайлар жөне қабықты немесе полба бидайлары болып екі топқа бөлінеді.

Қазақстанның солтүстігінде барынша көп тараған түршелерге жұмсақ бидайдан лютесценс, барбаросса және қатты бидайдан гордейформе, лейкурум жатады. Бидайдың әрбір түршесі биологиялық және өндірістік ерекшеліктерімен бір-бірінен ажыратылатын бірқатар сорттарын біріктіреді. Бір түршіде жаздық та, күздік те, ерте пісетін және кеш пісетін, т.б. сорттар болуы мүмкін.

...

Скачать:   txt (23 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club