Алматы облысы, Қарасай ауданының ашық-қара қоңыр топырақтарының балл бонитеті
Автор: qolqanat • Октябрь 16, 2023 • Курсовая работа • 1,437 Слов (6 Страниц) • 163 Просмотры
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
“Агробиология” факультеті
“Топырақтану, агрохимия және экология” кафедрасы
СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Тақырыбы: Алматы облысы, Қарасай ауданының ашық-қара қоңыр топырақтарының балл бонитеті
Орындаған: Қолқанат Ф.
Тобы: ПА-20-04қ
Қабылдаған: Сейтқали Н.
Алматы, 2023
Мазмұны
- Кіріспе
- Табиғи климат жағдайы
2.1. Климат
2.2. Жер бедері
2.3. Жер беті және жер астындағы ыза сулары
2.4. Өсімдік жамылғысы
- Қарасай ауданына сипаттама
3.1. Топырақтарының морфологиялық және генетикалық ерекшеліктері
- Ауыл топырақтарының негізгі топырақ типі мен типшелерін анықтау және сипаттама беру
- Шаруашылықтың топырақтары туралы жиналған материалдар бойынша балл бонитетін анықтау
5.1. Негізгі көрсеткіштерге математикалық өңдеу жүргізу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бонитировка деген сөз латынша “bonitas” деген сөзден шыққан. Бұның аудармасы «сапалық, сапасы артушылық». Бонититеттеу дегеніміз топырақтың сапалылығын білдіреді. Топырақ бонитеті дегеніміз – оның сапасының көрсеткіші. Топырақтың сапасы, оның табиғи белгілері және қасиеттері бойынша бағаланады, ол ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығымен тығыз байланысты. Сондықтан топырақтың сапасын айыру дегеніміз, оларды ауылшаруашылық дақылдар шығымдылығымен өзара байланысты, табиғи белгілері және қасиеттері бойынша бағалау деп түсініледі.
Топырақты бонитеттеу – топырақтың табиғи құнарлығын салыстырып бағалау, оларды табиғи қасиеттер бойынша жіктеу.
Топырақтың сапасын бағалау мәселесін зерттеуге көп үлес қосқан және ғылыми топырақтанудың негізін салған В.В.Докучаев болды. Топырақтың сапасын бағалау жұмыстарын жүргізгенде В.В.Докучаев табиғи-тарихи әдісті қолданды. Бұл әдістің маңыздылығы мынада: ең алдымен топырақтың, оның негізіндегі қасиеттерін жан-жақты зерттеп алып, содан кейін олардың салыстырмалық бағасы белгіленеді, яғни сапасы бағаланады.
Топырақтың сапасын бағалау жұмыстарын В.В.Докучаев екі кезеңге бөледі. Бірінші кезеңде (табиғи-тарихи зерттеу кезеңі) ең алдымен топырақтың табиғи құндылығы анықталады, яғни топырақтың табиғи сапасы морфологогенетикалық, химиялық, физикалақ, фитозоологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ топырақтың ауа-райы мен өзара байланысын зерттейді.
Қарасай ауданы Алматы облысының оңтүстік - батыс бөлігінде орналасқан. Шығысында Қарасай, Кеген ауданымен және Алматы қаласымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен, батысында Жамбыл ауданымен және солтүстігінде Іле ауданымен шекараласады.
[pic 1]
1-сурет. Қарасай ауданы орналасу картасы.
Табиғи климат жағдайы
Алматы облысының Қарасай ауданының климаттық жағдайы Қаскелең метеостанциясы деректерімен сипатталады. Бұл ауданның климаты барлық Қазақстан бойынша сияқты қатаң континентальды. Қысы жылы, ылғалды; жазы ыстық әрі құрғақ. Бұл температураның тез өзгеруімен, құрғақ ауамен және жауын-шашынның біраз мөлшерімен қамтамасыз етілген. Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған ауданның географиялық орналасуы және атмосфералық ерекшеліктердің циркуляциясы мен рельефтің әр түрлілігі ауа температурасына әсер етеді. Осы аудан үшін температураның тәулікті және жылдық аутқуы тән. Жазықты тау алды бөліктерінде температура солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытта өзгереді, ал биік облыстарда жергілікті жердің теңіз деңгейінен биік көтерілуімен өзгереді. Қаңтардың орташа температурасы -3,7°-7,4°С, шілденің орташа температурасы +19,3°-22,4°С.
...