Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Агрономиялық токсикология негіздері және зиянды организмдердің пестицидтерге төзімділігі

Автор:   •  Октябрь 13, 2021  •  Лекция  •  801 Слов (4 Страниц)  •  506 Просмотры

Страница 1 из 4

2- Дәріс

      Тақырыбы:Агрономиялық токсикология негіздері және зиянды организмдердің  пестицидтерге төзімділігі.

      Түйінді сөздер: Агротехнология, у және улану, зиянсыз мөлшер, орташа леталды, сублеталды, арттырушы дозалар, гидролиз, тотығу, тотықсыздану, табиғи төзімділік, үйреншікті төзімділік.

Дәрісте  қарастырылатын негізгі сұрақтар:

1. Агрономиялық токсикология.

2.Улы заттардың  жасушаға енуі және ферменттерге әсері.

3.Пестицидтердің зиянды организмдерге уыттылығы және төзімділігі, оларды  анықтаушы факторлар.

      1сұр.Токсикология (toxicon-у, logos-зерттеу) – уды зерттейтін ғылым және олардың организмдерге әсері. Агрономиялық токси -кология-токсикологияның бір бөлімі, агрономияда қолданылатын пестицидтердің қасиеті және олардың жылы қанды жануарларға, бунақденелілерге, бактерияларға,саңырауқұлақтарға, өсімдіктерге, биоценозға, экологиялық жүйелерге әсерін зерттей -тін ғылым.

     Агрономиялық токсикологияның негізгі  міндеттеріне - зиянды, пайдалы жануарлар мен сыртқы ортаға кедергі  әсерін тигізбейтін теориялық негізі  құрылған пестицидтерді синтездеу және тиімді пайдалануы.

      У- бұл химиялық заттар- аз мөлшерде әр түрлі жолмен тыныс алу органдары, тері, ас қорыту жүйесі арқылы)  организмдерге енгенде, олардың тіршілігіне кері әрекет жасап уландырады.

     Уыттылығы (токсичность)- уландыру- бұл пестицидтің қасиеті, аз мөлшерде организмнің тіршілігіне қарсы әрекет жасап  уландырады, өлтіреді. Зиянкестің пестицидпен улануы – удың тек бір рет әсерінен даму процестері  бұзылып, кейде өліп кетуі  ықтимал. Зиянкестер пестицидпен үнемі, созылмалы, түрде уланса өсіп жетілуі бұзылады немесе тіршілігі тоқтайды.

     Пестицидтің мөлшері- белгілі бір көлемді (га,м2,т) жеке затты атағанда(бір топ ағаш, бұта және т.б.) улауға кететін пестицидтің мөлшері(мг,г,кг,мл,л). Пестицидтің қауіпсіз деңгейдегі мөлшері (безвредная, пороговая доза)- зиянды организмге бір рет енгізгенде, қауіпті әсер етпейтін мөлшері. Пестицидтің летальдық немесе толық жоятын мөлшері-пестицидтің зиянды  организмге бір рет  енгізгеннің өзінде 100 пайыз өлімін тудыратын мөлшер. Пестицидтің орташа летальдық  мөлшері- пестицидтің зиянды организмге бір рет енгізілген жағдайда 50 пайыздай санын өлімге келтіретін мөлшері.Пестицидтің сублетальдық мөлшері- зиянды организмге бір рет қолданылғанда өлімін  туғызбай, тек организмнің өсу тіршілігіне кері әрекет жасайды.

     2сұр. Жасуша тығыз қабықпен жабылған, целлюлоза және басқа қоспалардан тұрады. Қабықтан өткен қоспалар олардың заттарымен бірлесіп зат алмасуы, молекула адсорбция және  ион алмасу арқылы жүреді.Пестицидтер тірі клеткаға еніп цитоплазманың физико-химиялық қасиеттерін өзгертеді, органелланын мембраналарын бұзады,  реакция ортасын өзгертеді, клеткадағы белокты тұрақты болдыртпайды.

     Организмге енген улы заттардың әсерінен бұл жерде керісінше реакция жүреді, улануға кедергі жасалынады. Осындай реакциялардың әсерінен организмде бөтен заттар пайда болады. Организмге бөтен заттар (мысалы, пестицидтер) енген жағдайда бұзылу реакциялары жүреді. Осы мерзімде уландыру азаяды (детоксикация) немесе көбейеді (активация). Улы заттар организмге енгеннен кейін ол жерде  мынадай реакция жүреді: гидролиз, тотығу, тотықсыздану, коньюгирлану және т.басқалары.

...

Скачать:   txt (11.1 Kb)   pdf (99.5 Kb)   docx (10.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club