Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бунақденелердің және басқа зиянды организмдердің саңырауқұлақ аурулары

Автор:   •  Декабрь 8, 2022  •  Реферат  •  3,156 Слов (13 Страниц)  •  181 Просмотры

Страница 1 из 13

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Агробиология»  факультеті

«Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы

                                   [pic 1]

       РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Бунақденелердің және басқа зиянды организмдердің саңырауқұлақ аурулары

                                         

                                                Орындаған: Сағынбек Динә

                                                Тобы: ЗР-414

                                                Тексерген: Искендирова Р.А.

                                   Алматы 2022

     

Жоспар                                                                                       Беті

     

1.      Кіріспе                                                                               3

2.      Негізгі бөлім                                                                     5

2.1.   Бунақденелрдің саңырауқұлақ аурулары                      5

          2.2.   Энтомофторлы саңырауқұлақтар                                   5

          3.Қорытынды                                                                             11

4.Пайдаланылған әдебиеттер                                                   12

Кіріспе

Қазақстанда соңғы  жылдары биоәдіс бойынша ғылыми зерттеулер және оны өндірісте қолдану экономикалық дағдарыстың, аграрлық қайта құрулардың, ғылымға бөлінетін қаржының қысқаруының және импорттық пестицидтердің базарды жаулау әсерінен тоқтады.

Республикамыздың аграрлық секторында пестицидтерді бақылаусыз қолданудың артуы, бұл қоршаған ортаның ластануына, пестицидтерге төзімді зиянкестердің пайда болуына және улы химикаттар табиғи экобиожүйенің жойылуына әсерін тигізеді.

Көптеген елдер өсімдік қорғауда экологиялық таза технологияларға белсенді түрде өтіп жатса, ал Қазақстанда керісінше, өсімдікті зиянкестерден қорғау – бұл тек пестицидтермен өңдеу ғана деген ұғым қалыптасқан. Дамыған елдерде химиялық пестицидтерді қолдануға және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің құрамындағы токсикологиялық қалдықтарға деген талаптарды күшейтіп, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге биологиялық әдісті кеңінен қолданып, өсімдікті қорғауға мәжбүрлейді. Мұнымен қатар мемлекеттің және жеке сектордың қаржылай көмектесуінің арқасында бұл бағытта іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуде.

Адам денсаулығына улы химикаттардың кері әсер етуінің ең аса қауіпті факторлардың бірі – ол бүрку кезінде адамдардың улануы, өсімдік және жануарлар, азық-түлік өнімдерінде токсикологиялық қалдықтардың жинақталуының әсерінен әртүрлі онкологиялық және аллергиялық аурулардың жаңа туылған балаларда патологиялық белгілерінің пайда болуы.

Егістіктерде тонналап пайдаланған улы химикаттардың миллиардтаған шығыны жергілікті халықтың денсаулығы мен экологиясына орны толмас зақым келтіруде.

Мұнымен қатар мемлекеттің және жеке сектордың қаржылай көмектесуінің арқасында бұл бағытта іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Көптеген елдер өсімдік қорғауда экологиялық таза технологияларға белсенді түрде өтіп жатса, ал Қазақстанда керісінше, өсімдікті зиянкестерден қорғау – бұл тек пестицидтермен өңдеу ғана деген ұғым қалыптасқан. Қазақстанда 1991 жылға дейін бірнеше ондаған биозертханалар жұмыс істеген, биоәдісті қолдану көлемі 400 мың гектардан астамды құраған, соның ішінде мақтада – 250 мың га, жеміс дақылдарында – 20 мың га, көкөніс дақылдарында – 35 мың га. Мысалы, 1987 жылға дейін бір ғана Алматы облысында трихограмманы 25 мың гектардан астам жерге, ал 4 биопрепараттарды 7,5 мың гектарға қолданып, улы химикаттарды қолдану көлемін айтарлықтай төмендеткен. Өкінішке орай, Қазақстанда соңғы 20 жылда биоәдіс бойынша ғылыми зерттеулер және оны өндірісте қолдану 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыстың, аграрлық қайта құрулардың, ғылымға бөлінетін қаржының қысқаруының және импорттық пестицидтердің базарды жаулау әсерінен тоқтады.                                                             

...

Скачать:   txt (37.8 Kb)   pdf (581.7 Kb)   docx (466 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club