Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономика негіздері және кәсіпкерлік

Автор:   •  Апрель 5, 2024  •  Тест  •  5,017 Слов (21 Страниц)  •  215 Просмотры

Страница 1 из 21

«Экономика негіздері және кәсіпкерлік» пәні бойынша тест тапсырмалары

Сұрақтар

1

Экономикалық циклдардың типтері Дж. Китчиннің «қысқа мерзімді» толқындарының ұзақтылығы (Китчин циклы):

1. 3-4 жылға дейін

2. 15 -12 жылға дейін

3. 17-19-ға дейін
4. 4-5 жыл
5. 40-60-қа дейін

2

Макроэкономикалық талдаудың негізгі мәселелері:

1. Жекелеген тұтынушылардың іс-әрекеті

2. Жалақы мөлшері

3. Өндіріс шығындарының құрылымы

4. Баға деңгейі

5. Өндіріс тиімділігін арттыру

3

Мемлекеттік бюджеттің дефициті орын алады, егер:

1. Мемлекеттік шығындар салықтан түскен табыстан көп болса.

2. Салықтан түскен табыс мемлекеттік шығындардан көп болса.

3. Салықтан түскен табыс тұтынуға кеткен шығындардан көп болса.

4. Салықтан түскен табыс инвестициялардан көп болса.

5. Мемлекеттік шығындар салықтан түскен табыстан аз болса.

4

Қарапайым ұдайы өндіріс:

1. Барлық тауарлар өндірісін жаңарту.

2. Өндірісті жыл сайын қысқарту.

3. Өспелі масштабта өндірісті жаңарту.

4. Еңбек ресурстарын өндірісте көбірек пайдалану.

5. Тұрақты масштабта өндірісті қайталау.

5

Интенсивті өндірісті сипаттайтын:

1. Ресурс санын өзгертпестен технологияны жақсарту.

2. Тұрақты технология жағдайында қосымша ресурстарды тарту.

3. Жиынтық ішкі өнімнің қысқаруы.

4. Тұрақты масштабта өндірісті қайталау.

5. Экономикадағы дағдарыс.

6

Индукция дегеніміз:

1. Экономикалық құбылыстарға тарихи көзқарас.

2.  Жалпы жағдайға жеке құбылысты негіздеу.

3.  Экспериментті ғылыми негіздеу.

4.  Экономика-математикалық моделдерді дайындау.

5. Жекеге негіздеп жалпы жағдайды анықтау.

7

Дедукция дегеніміз:

1. Жалпы жағдайға жеке құбылысты негіздеу.

2. Жеке құбылыс приециптері негізінде жалпыны анықтау.

3. Қысқартылған пікір.        

4.Экономикалық процестерді модельдеу.

5. Экономикалық процестерге  тарихи көзқарас.

8

Талдау әдісі немен сипатталады:

1. Экономикалық құбылысты қарапайым элементтерге жіктеу.

2. Элементтерді тұтас біріктіру.

3. Жалпы жағдайды логикалық қалыптастыру.

4.Эксперимент жасау.

5. Экономикалық процестерді модельдеу.

9

Алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі қалай сипатталады:

1. Сауда мен көпестіктің оқшаулануы.

2.  Қолөнердің оқшаулануы.

3.  Егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының оқшаулануы.

4.  Өндірістің оқшаулануы.

5. Өнім өндірушілердің оқшаулануы.

10

Екінші  ірі қоғамдық еңбек бөлінісі қалай сипатталады:

1. Егін шаруашылығы оқшаулануы.

2. Қолөнердің оқшаулануы.

3. Сауда мен көпестіктің оқшаулануы.

4. Мал шаруашылығының оқшаулануы.

5. Өсімқорлықтың оқшаулануы.

11

Үшінші  ірі қоғамдық еңбек бөлінісі қалай сипатталады:

1. Сауда мен көпестіктің оқшаулануы.

2. Өсімқорлықтың оқшаулануы.

3. Егін шаруашылығы оқшаулануы.

4. Мал шаруашылығының оқшаулануы.

5. Қолөнердің оқшаулануы.

12

Тауар құны деген не :

1. Тауар өндіруде жұмсалған еңбек.

2. Тауар пайдалылығы.

3. Тауардың айырбасталу қасиеті.

4. Тауардың сиректігі.

5. Адам қажеттілігін өтеу қасиеті.

13

Тауардың айырбас құны деген не:

1. Баға.

2. Белгілі мөлшер мен пропорцияда тауардың айырбасталу қасиеті.

3. Сиректігі.

4. Пайдалылығы.

5. Сұраныс.

14

Тауарлар мен қызметтердің импорты да, экспорты да жоқ экономика, бұл:

1. Аралас экономика

  1.  Дәстүрлі экономика
  2. Постиндустриалды экономика
  3. Жабық экономика
  4.  Ашық экономика

15

Филлипс қисығы инфляция мен ненің байланысын мазмұндайды:

1. Экономикалық өсудің

2. Ақша ұсынысының

3. Нақты пайыздық мөлшерлеменің

4. Пайыз деңгейінің

5. Жұмыссыздық деңгейінің

16

Экстенсивті даму көзі не:

1. Өндірісті ұйымдастыруды жақсарту.

2. Еңбек өнімділігін жоғарылату.

3. Жаңа техника.

4. Еңбек квалифиациясын жоғарылату.

5. Жұмысшы санын өсіру.

17

Ақшаның қандай қызметі бағаны анықтайды:

1. Құн өлшемі.

2. Айналым құралы.

3. Жинақтау құралы.

4. Төлем құралы.

5. Әлемдік ақша.

18

Ақшаның қай қызметін тек алтын орындай алады:

1. Қазына жасау құралы.

2. Айналым құралы.

3. Төлем құралы.

4. Құн өлшемі.

5. Әлемдік ақша.

19

Жабық экономикада таза экспорт неге тең:

1. Экспорттық тауарлардың құнына.

2. Мемлекеттік жинағына.

3. Халықтың жинағына.

4. Импорттық тауарлардың құнына.

5. Нөлге.

20

Экономикалық игіліктер дегеніміз:

1. Бағаны қалыптастыру процесі

2. Экономиканы басқарудың шаралық жиынтығы

3. Техникалар және тауар қызметтерін өндірудің тәсілдері

4. Адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтер

5. Қоғамдағы адамдардың материалдық жағдайын қамтамасыз ету

21

Экономикалық мәселе жартылай нарықпен, жартылай үкіметпен шешілсе, экономика:

1. Аралас.

2. Нарықтық.

3. Дәстүрлі.

4. Командалық.

5. Өтпелі.

22

Экономикалық циклдің фазаларына жатпайды

1. Инфляция

2. Рецессия

3. Құлдырау

4. Өсу

5. Жандану

23

Экономикалық жүйе келесі фундаментальды сұрақтарды шешеді:

1. Не, қалай, кім үшін.

2. Қалай ,неге, кім үшін.

3. Қашан, қайда,кім.

4. Кім, неге, не үшін.

5. Инфляция мен жұмыссыздықты жою мәселелерін.

24

Оукен заңына сәйкес жұмыссыздықтың табиғи деңгейден екі процентке артуы жалпы ұлттық өнімнің реалды жалпы ұлттық өнімнен қанша қалыс қалатындығын көрсетеді:

1. 2%.

2. 3%.

3. 4%.

4. 5%.

5. 5%-тен жоғары.

25

Постиндустриалды жүйе белгілері:

1. Тиімді технология, ақпаратпен қамтамасыз етілген, қызмет көрсету сферасы дамыған экономика.

2. Ауыл шаруашылығы дамыған және қол еңбек басым экономика

3.  Машиналы өндіріс өнеркәсібі мен еңбек бөлінісіне негізделген экономика.

4. Дәстүрге негізделген экономика.

5. Аграрлы-индустриалды.

26

Сұраныс икемді болу үшін:

1. Сұраныс көлемінің проценттік өзгерісі баға өзгерісінен жоғары болуы керек.

2. Сұраныс графигі көлденең орналасады.

3. Сұраныс графигі вертикаль орналасады.

4. Сұраныс көлемі өзгерісі баға өзгерісінен төмен болуы тиіс.

5. Сұраныс көлемі  мен  баға өзгерісі тең.

27

Нарықтық шаруашылықтың негізгі субъектілері:

1. Үй шаруашылығы, фирма және мемлекет.

2. Өнеркәсіп өндірісі мен қарыз капиталы  иелері.

3. Жалдамалы жұмысшылар, капиталисткр, жер иелері.

4. Форфор өндірісі.

5. Кәсіподақ, кәсіпкерлер бірлестігі, мемлекеттік институттар.

28

Қайсысы нарықтың механизм құрылымы элементі бола алмайды:

1. Бәсеке.

2. Сұраныс.

3. Ұсыныс.

4. Жоғарыдан жоспарлау.

5. Баға.

29

Монопсония:

1. Нарықтағы бір сатушы.

2. Нарықтағы бір сатып алушы.

3. Нарықтағы көп сатушы.

4. Нарықтағы көп тұтынушы.

5. Бірнеше сатушы мен тұтынушы.

30

Жетілген және монополиялық бәсекелі нарықтарға ортақ белгі:

1. Көптеген тұтынушылар мен сатушылардың болуы.

2. Біртекті өнім сатылады.

3. Дифференциалданған өнім сатылады.

4. Жоғары технологиялы нарық.

5. Әр фирма баға дискриминациясына кездеседі.

31

Сұраныс  заңы:

1. Сұраныстың бағалық емес факторға тәуелділігі.

2. Сұраныс көлемі мен баға арасындағы тура байланыс.

3. Сұраныстың бағаға тәуелділігі.

4. Сұраныс көлемі мен баға арасындағы кері байланыс.

5. Бағаның сұранысқа тәуелділігі.

32

Сұраныс көлемінің кемуі ненің әсерінен болуы мүмкін:

1. Ұсыныстың  өсуінен.

2. Бағаның өсуінен.

3. Ұсыныстың кемуінен.

4. Бағаның төменденуінен.

5. Бағалық емес факторлар әсерінен.

33

Жаңа компьютер бағасының өсуі тұтынылған компьютерге деген сұранысты:

1. Көлбеулетеді (графигін).

2. Солға орын ауыстырады.

3. Оңға орын ауыстырады.

4. Вертикаль көтереді.

5. Өзгеріссіз қалдырады.

34

Өндіріске қажетті материалдар бағасының жоғарлауы:

1. Ұсыныс графигін солға (жоғары) жылжытады.

2. Сұраныс графигін төмен (солға) жылжытады.

3. Ұсыныс графигін оңға (төмен) жылжытады.

4. Сұраныс графигін.

5. Сұраныс графигін вертикаль жылжытады.

35

Ұсыныс заңы :

1. Баға мен сатылатын тауар саны арасындағы тура байланыс.

2. Баға мен сатылатын тауар саны арасындағы кері байланыс.

3. Бірін – бірі толықтыратын және алмастыратын тауарлар арасындағы  байланыс.

4. Тауардың икемділігін өлшейді.

5. Ұсыныстың ресурс құнына тәуелділігін көрсетеді.

36

Ұсыныс графигі:

1. Сатушылар ұсынатын әртүрлі бағадағы тауар санын көрсетеді.

2. Қор мөлшерін көрсетеді.

3. Фирма пайдасын көрсетеді.

4. Өндірушілер санын көрсетеді.

5. Өндіруші алатын кірісті көрсетеді.

37

Тауарлар мен қызметтер нарығы тепе – теңдікте болады, егер:

1. Сұраныс ұсынысқа тең болмаса.

2. Тұтынушылар мен сатушылар саны тұрақты болса.

3. Сұраныс көлемі ұсыныс көлеміне тең болса.

4. Баға тұтынушыны да өндірушіні де қанағаттандырса.

5. ЖҰӨ тұрақты болса.

38

Жұмысын жоғалтқан шахтёрлар (көмірді мұнай, газ, атом энергиясы ығыстырады) мамандық бойынша жұмыс таба алмайды. Бұндай жұмыссыздық:

1. Фрикционды.

2. Циклды.

3. Құрылымдық.

4. Маусымдық.

5. Жасырын.

39

Игілікке сұраныс икемді, егер баға бойынша сұраныс икемділігінің коэффиценті:

1.  Ed > 1.

2.  Ed < 1.

3.  Ed = 0.

4.  Ed =1.

5.  Ed = ∞.

40.

Дефляция- бұл:

1. Тауарлар мен қызметтердің баға деңгейінің жалпы төмендеуі.

2. Экономикадағы бағаның жоғарылауы

3. Ұлттық валюта курсының төмендеуі

4. Ақшаны сатып алу қабілетінің төмендеуі

5. Экономикадағы ақшаның жалпы өсу қарқыны

41.

Экономикалық теорияның қызметі :

1. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі .

2. Техникалар және тауар қызметтері.

3. Материалдық шектелген ресурстар қызметтері.

4. Ұлттық нарықтың даму қызметі

5. Бағаны қалыптастыру қызметі.

42

Нарықтың кемшілігі:

1. Шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі

2. Қоғамда теңсіздікті туғызады.

3. Нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге ынталы

4. Қоғамдық өндірісті әлсіз, икемсіз, қабілетсіз кәсіпкерлерден тазартады

5. Шығындарды азайту және пайдалану көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолданады

43

М1, М2, М3 ақша агрегаттарын қандай белгіге қарап бөледі:

1. Ликвидтілік деңгейіне байланысты.

2. Айналыс жылдамдығына байланысты.

3. Инфляцияға бейімділігіне байланысты.

4. Атқаратын функцияларына байланысты.

5. Агрегатталу деңгейіне қарай.

44.

Қайсысын мемлекеттік шығынға жатқызуға болады:

1. Космосты зерттеу шығыны.

2. Баланы жеке меншік жоғарғы оқу орынында оқыту шығыны.

3. Коммуналдық қызмет шығыны.

4. Жеке меншік үй құрылысы.

5. Офисті жөндеу шығыны.

45

Банктік резервті реттеу қай саясаттың инструменті:

1. Әлеуметтік саясаттың.

2. Фискалдық саясаттың.

3. Экологиялық саясаттың.

4. Ақша-несие саясатының.

5. Сыртқы экономикалық саясаттың.

46.

Қандай жұмыссыздық  қайта дайындықты және квалификацияны жоғарылатуды талап етеді:

1.Фрикционды.

2. Құрылымдық.

3. Циклдік.

4. Маусымдық.

5. Мәжбүрлік.

47.

Егер экономика тұтас жүйе ретінде қарастырылса:

1. Микроэкономикалық.

2. Позитивті.

3. Макроэкономикалық.

4. Негативті.

5. Дедуктивті.

48.

Экономикалық циклдың фазалары келесі:

1. Дағдарыс, депрессия, жандану, өрлеу

2. Өсу, регрессия, азаю, ұлғаю

3. Инфляция, тапшылық, қарқындау

4. Диагностика, зерттеу, өндіру, сату

5. Пайдалану, өткізу, жеткізу, ұйымдастыру

49.

Экономикадағы құлдырауға байланысты жұмысын жоғалтқан жұмыссыз қандай категорияға жатады:

1. Фрикционды.

2. Құрылымды.

3. Циклдік.

4. Маусымдық.

5. Жасырын.

50.

Экономикалық цикл:

1. Бірінен соң бірі болатын кезеңдік тербелістер мен ауытқулар

2. Экономикалық ойдың даму кезеңдері

3. Экономиканы біртұтас жүйе ретінде сипаттау

4. Экономикалық субъектілердің тәжірибелерін анықтау

5. Ресурстар мен өндіріс факторларының шектеулі болу жағдайын зерттеу

51

Ақша:

1.Айналыс құралы.

2. Жинақ құралы.

3.Құн өлшемі.

4. Барлық жауап дұрыс.

5. Ешбір жауап дұрыс емес.

52.

Нақты ЖІӨ өлшенеді:

1. Базистік жылдағы бағалармен

2. Табиғи жұмыссыздық жағдайындағы өндіріс көлемімен

3. Сатып алушының сұранысы мөлшерімен

4. ЖІӨ дефляторымен
5. Қазіргі бағалармен

53.

ЖҰӨ ді шығындар бойынша есептегенде қандай агрегаттық өлшем есепке алынбайды:

1. Жалпы инвестиция.

2. С + I + G.

3. Таза экспорт.

4. Тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік саудасы.

5. Жалақы.

54

Егер жұмысшы өз бетімен жұмыстан босатылса бірақ ол уақытша жұмыс таппаса ол қай жұмыссыздық формасына жатады:

1. Фрикциондық.

2. Құрылымдық.

3. Циклдық.

4. Мезгілдік.

5. Мезгілдік және циклдық.

55.

Оукен заңы:

1. Нақты ЖҰӨ деңгейімен жұмыссыздық арасындағы кері тәуелдікті көрсетеді.

2. Іс жүзіндегі ЖҰӨ деңгейімен жұмыссыздық арасындағы тікелей тәуелдікті көрсетеді.

3. Нақты ЖҰӨ деңгейімен жұмыссыздық арасындағы тікелей тәуелдікті көрсетеді .

4. Номиналды ЖҰӨ деңгейімен жұмыссыздық арасындағы кері тәуелдікті көрсетеді.

5. Нақты ЖҰӨ деңгейімен инфляция арасындағы тікелей тәуелдікті көрсетеді.

56.

Ақша эмиссиясының құқығы берілген:

1. Ұлттық банкі.

2. Коммерциялық банк.

3. Барлық банктер.

4. Банктық емес қаржы институттары.

5.Халық банкі.

57.

Нарықтың мәні бұл:

1. Айырбас айналыс категорияларға өзара тығыз байланысты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі.
2. Шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекелендіру дәрежесі.
3. Сұраныс пен ұсыныс бағаны қалай анықтайтыны туралы түсінік.
4. Белгілі бір тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларды бірге қосатын орын.
5. Табыс пен шығындарды салыстыру негізінде қалыптастыру.

58.

Экономикалық теория зерттейді:

1. Қоғамдағы адамдардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін шектелген ресурстарды тиімді пайдалану туралы ғылымды

2. Бағаны қалыптастыру процесін

3. Техникалар және тауар қызметтерін өндірудің тәсілдерін

4. Экономиканы басқарудың шаралық жиынтығын

5. Ұлттық нарықтың дамуын

59.

Индустриалдық жүйе:

1. Ірі машианлық өндіріске дамыған тауар-ақша қатынастарына негізделеді

2.  Ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі

3.  Натуралды шаруашылық еңбегі дәстүр бойынша жалғасып, жүргізіліп отырады

4.  Ауыл шаруашылығында натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады

5.  Негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы

60.

Нарықтың мәні:

1. Табыс пен шығындарды салыстыру негізінде қалыптастыру

2. Белгілі бір тауарлар мен қызметтерді, сатушылар мен сатып алушыларды бірге қосатын орын

3. Сұраныс пен ұсыныс бағаны қалай анықтайтыны туралы түсінік

4. Шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алу және жекелендіру дәрежесі

5. Айырбас айналыс категориялары өзара тығыз байланысты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі

61.

ЖҰӨ нің дефляторы- бұл:

1. ЖҰӨ нің номиналдық құнының нақты құнына қатынасы.

2. ЖҰӨ нің нақты құнының номиналды құнға  қатынасы.

3. Нақты ЖҰӨ нің баға индексине қатынасы.

4. Нақты ЖҰӨ нің  ТҚИ ға қатынасы.

5. Ағымдағы шығарудың базистік жылға натуралды түрдегі қатынасы.

62.

Қаржы жүйесі бұл:

1. Қаржы және несие институтарының жиынтығы.

2. Барлық деңгейдегі банктер жиынтығы.

3.Барлық өзара байланысқан қаржылық құрылымдық элементердің жиынтығы.

4. Мемлекеттің валюталық резервтері.

5. Экономикалық жүйе.

63.

Нарықтың кемшіліктері:

1. Ресурстардың шектеулігі

2. Адам капиталының дамуы үшін шарттарды қалыптастыру

3. Нарық бәсеке болғанда ғана жақсы жұмыс істейді

4. Қажеттіліктер толық қанағаттандырылмайды

5. Балалар еңбегін қолдану

64.

Салықтың атқаратын қызметі:

1. Делдалдық

2. Сауықтыру

3. Фискалдық

4. Танымдық

5. Баға белгілеу

65

Ақша:

1. Төлем және халықаралық айырбас құралы

2. Жеке резервті  жабумен байланысты жүйе

3. Мәміле жасау үшін қолданылатын депозиттер

4. Банк өнімі

5. Тұтыну активтері

66.

Сұраныс:

1. Құндық тұрғыдан тауарларды сапасын құрайды

2. Барлық шарттар өзгеріссіз болған уақыттағы тауар бағасының өсуі

3. Сатып алушылардың белгілі уақыт аралығында бағасы анықталған тауарларды сатып алу қабілеттілігі

4. Белгілі уақыт аралығында бағасы анықталған тауарларды нарыққа сатуға ұсыну

5. Өнімнің нақты бағасының тепе-теңдігі

67.

Сұранымға әсер ететін факторлар:

1. Тұтынушылардың талғамы

2. Жұмыскерлердің саны

3. Өндіріс технологиясы

4. Нарықтағы сатып алушылар саны

5. Нарықтағы сатушылар саны

68.

Фирма табысын арттыруда(максимумында) орындалатын шарттар:

1. (TC – TR) > FC

2. MPL*MR=W

3. AP=TP-L

4. MP=TP:L

5. (TC-TR)=FC

69.

Ақша-несие саясатының аралық мақсаты:

1. Пайыздық қойылым

2. Экономикалық өсу

3. Толық жұмысбастылық

4. Бағалардың тұрақтылығы

5. Тұрақты төлем балансы

70.

Макроэкономикалық талдау объектісі:

1. Фирма пайдасы

2. Фирма шығыны

3. ЖҰӨ

4. Фирма табысы

5. ЖІӨ

71.

Кейнстік үлгіде:

1. Толық жұмысбастылық өзі орнайды

2. Негізгі теңдеу Y=C+I+G+Nx

3. Негізгі теңдеу MV=PY

4. Ақша-несие саясаты

5. Бағалар, жалақы және пайыз мөлшерлемесі икемді

72.

Ақшаның қызметіне жатпайды:

1. Айналым құралы

2. Құн өлшемі

3. Төлем құралы

4. Инфляция құралы

5. Жинақтау құралы

73

Меркантелистік көзқарас бойынша:

1. Еңбек өнімділігін жоғарылату заңы

2. Экспортты ұлғайту және импортты шектеу үшін сыртқы сауданы реттеу

3. Уақыты үнемдеу заңы

4. Экономиканың жоспарлы пропорциональды даму заңы

5. Қосымша құн заңы

74.

Өндіріс факторлары:

1. Жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік

2. Салық, капитал, еңбек

3. Реттелген бағалар, бұлардың мөлшерін мемлекеттік органдар реттеп отырады

4. Құрал-жабдықтар, еңбек, материал, шикізат

5. Капиталды арттыру, орнықтыру

75.

Бюджет тапшылығы:

 

1. Мемлекеттік шығыстар сомасы

2.Мемлекеттік қызметкерлерге жалақы мен трансферттік төлемдер

3. Мемлекеттік қарыз бойынша %-дық төлемдер

4. Капиталдық салынымдар

5. Мемлекеттік шығыстарының салықтардан артық болуы артықшылығы

76.

Лаффер қисығын суреттейді:

1. Салық мөлшерінің минималды шамасында салықтық түсімнің жоғары болуын

2. Салықтық түсімдер  мен салық мөлшерінің арасындағы тура байланысты

3. Салықтық түсімдер  мен салық мөлшерінің арасындағы кері байланысты

4. Салық субъектісі мен салықтық жеңілдіктер арасындағы байланысты

5. Салық мөлшері мен жеңілдіктер арасындағы тура байланысты

 

77

Экономикалық игіліктер:

1. Экономиканы баскарудың шаралық жиынтығы.

2. Қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы заттар.

3. Ресурстар шығындарымен өндірілген тауар мен кызмет катынасы.

4. Қоғамдағы адамдардың материалдық жағдайын қамтамасыз ету.

5. Бағаны қалыптастыру процесі

78

Меншіктің анықтамасы:

1. Материалдык игіліктерді айырбастау жөніндегі қатынастар.

2. Адамдардың арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

3. Адамдардың субъективтік мүдделерін және сана-сезімдерін анықтайды.

4. Еңбек өнімдерін нарыққа түсетін айырбас үшін өндіру.

5. Адамдардың өндіріс – құрал-жабдықтарын иемдену, пайдалану

қатынастарын экономикалық жағынан жүзеге асыру.

79

Тауардың касиеті:

1. Ұлттық қаржы, қоғамдық табыс.

2. Табыс көзі.

3. Қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті бар зат.

4. Ұлттық өнім, табыс, сауда.

5. Еңбек құралы.

80

Сұраныс заңы:

1. Тауарды сату көлемінің ұлғаюы.

2. Икемді және икемсіз тауарлар арасындағы байланыс.

3. Тұтынушылардың саны.

4. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныстың азаюы.

5. Тауарлар бағасы мен сатылатын көлемі арасындағы тура қатынас.

81

Жай ұдайы өндіріс:

1. Жаңа ресурстарды игерумен байланысты ұдайы өндіріс

2.Қол еңбегіне негізделген ұдайы өндіріс.

3. Алтын шығарумен байланысты ұдайы өндіріс.

4. Жеке тұтынудың төмендеуі

5. Өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады.

82

Бюджет шығыстарының құрамына кірмейді:

1. Қорғанысқа шығыстар

2. Басқаруға шығыстар

3.Трансферттік төлемдер

4. Несиелерге шығыстар

5. Салықтар

83

Өндірістің құлдырауына байланысты фирманың жабылуы салдарынан жұмыстан босатылған адам жұмыссыздыққа жатады:

1. Жұмыссыздыктың фрикциондық формасына.

2. Жұмыссыздыктың маусымдық формасына.

3. Циклдық жұмыссыздық.

4. Жұмыссыздықтың жасырын формасына.

5. Жұмыссыздықтың құрылымдық формасына.

84

Ұлттық экономикалық жүйені қалыптастыруда туындайтын сұрақтар:

1. Қалай, кім үшін, өсу қарқыны қандай

2. Қашан, неге, қайда

3. Өзгерген жағдайларға бейімделе ала ма

4. Кім үшін, не үшін, қалай өндіру керек

5. Жұмыссыздық пен инфляция себептері қандай

85

Жабық экономикада өндірілген өнім кімдердің арасында бөлінеді:

1. Үй шаруашылықтары, жұмысшылар, шетелдік жұмысшылар

2. Осы елдің үй шаруашылықтары мен үкіметі

3. Фирмалар, үй шаруашылықтары және шетел үкіметтері

4. Осы елдің үй шаруашылықтары, фирмалары және үкіметі

5.Отандық фирмалар, шетел фирмалары, үй шаруашылықтары

86

Нарықтың кемшілігі көрінеді:

1. Шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі.

2. Тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырмайды.

3. Шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдануы.

4. Өзгеретін жағдайларға тез бейімделуі және икемделуі.

5. Қоғамдық өндірісті әлсіз, икемсіз, қабілетсіз кәсіпкерлерден тазартады.

87

Жекешелендіру саясаты:

1. Мемлекеттік меншіктің болуы.

2. Шаруашылық процестерін жүргізу арқылы шектеулі ресурстарды пайдаланатын өндірістік қатынастары.

3. Толық жұмыспен қамтуға жету, ЖҰӨ-нің көлемін өсіру, инфляцияны төмен деңгейде ұстап тұру мақсатымен елде экономикалық жағдайға бақылау жасау үшін жасайтын үкімет іс-әрекеті.

4. Елдің барлық еңбекке жарамды халықтың жұмысқа деген сұранысын қамтамасыз ету үшін жеткілікті жұмыс орнының болуы.

5. Табиғи ресурстарға, жерге, үйге, өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасын өзгерту процесі.

88

Натуралды шаруашылықтың түсінігі:

1. Жеке қажеттілікке өндірілген еңбек өнімдері.

2. Еңбек өнімдерін нарыққа түсетін айырбас үшін өндіру.

3. Ресурстар шығындарымен сол арқылы өндірілген тауар мен қызметтердің қатынасындағы шаруашылық.

4. Өндірілген еңбек өнімдерін жұмысшы күші.

5. Адамдардың материалдық жағдайын толығымен қамтамасыз ету үшін шектелген ресурстарды тиімді пайдаланудағы шаруашылық.

89

Тауар ұсынысының заңы:

1. Заттың пайдалылығы.

2. Тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған санының молаюы.

3. Тұтынушылардың табысы.

4. Бағасы анықталған тауарларды нарыққа сатуға ұсыну.

5.Нарықтағы ұсынылған ұсыныс көлемі.

90

Ұдайы өндіріс типтері:

1. Кооперативтік және ұжымдық.

2. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктер

3. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануы.

4. Қоғамдық өндіріс

5. Акционерлік меншік.

91

Айналымдағы капиталдың формуласы:

1. А-Т-А.

2. Т-А1-Т.Ө...Т11

3. Өндірістік.

4. Саудалық.

5. Өнеркәсіптік.

6. Тауарлы ақша

92

Экономикалық теорияның зерттеу әдісі:

1. Зандар мен категориялар.

2. Экономикалық теорияны абстракциялық қарастыру.

3. Экономика математикалық модельдеу.

4. Айналым, төлем, кор жинау.

5. Табысы шектелген нақты тұтынушыға көмек беру.

93

Нарыктық экономиканың принципі:

1. Баға қалыптастыру еркіндігі.

2. Мемлекеттің экономикалық секторларын жекешелендіру.

3. Тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау.

4. Интенсивті өндіріс.

5. Тауарлар мен қызметтерге бағаны мемлекеттік реттеу.

94

Меншіктің анықтамасы:

1. Адамдардың арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

2. Материалдық игіліктерді айырбастау жөніндегі қатынастар.

3. Адамдардың субъективтік мүдделерін және сана-сезімдерін анықтайды.

4. Адамдардың өндіріс-құрал жабдықтарын иемдену, пайдалану қатынастарын экономикалық жағынан жүзеге асыру.

5. Өндірілген еңбек өнімдерін және жұмысшы күші иелері.

95

Нарықтық шаруашылықтың қызмет етуіне кедергі болатын шартты атаңыз:

1. Қоғамдық еңбек бөлінісі.

2. Экономика субъектілерінің экономикалық оқшаулануы

3. Бағаны ырықтандыру.

4. Тауарлар бағасы мен сатылатын көлемі арасындағы тура қатынас.

5. Кәсіпкерлік субъектілерінің еріктілігі

96

Макроэкономикалық интерпретацияда Вальрастың жалпы экономикалық тепе-теңдік моделі мынаны болжайды:

1. Барлық нарықтарда жетілмеген бәсекелестік бар.

2. Тауарлар мен ресурстардың салмақ бағасы тұрақты.

3. Қолданыстағы өндіріс факторларының қоры өзгермейді.

4. Салалық нарықтарда артық сұраныс немесе ұсыныс болуы мүмкін емес.

5. Қолданыстағы өндіріс факторларының қоры азаяды.

97

Ұдайы өндіріс типтері:

1. Жай және ұлғаймалы өндіріс.

2. Коллективтік меншік.

3.Акционерлік меншік.

4. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктер.

5. Кооперативтік және ұжымдық.

98

Шығындар сомасы бойынша есептелетін ЖҰӨ-ге кіреді:

1. Еңбек ақы мен көмек ақы.

2. Баға белгілеу, таза инвестициялар

3. Еңбек, мемлекеттік шығыстар

4. Шығындар, кірістер

5. Тұтынушылар шығысы, инвестициялар мен мемлекеттік шығыстар және таза инвестициялар.

99

Нарықтық экономикада  мәселелерді жартылай нарық, жартылай үкімет шешкен кездегі экономика:

1. Аралас.

2. Дәстүрлік.

3. Өтпелі.

4. Командалық.

5. Нарықтық

100

Баға деңгейі жоғарылап, өндіріс көлемі төмендеген жағдайда жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың өзгеруі:

1. Жиынтық ұсыныс қисығы оңға жылжиды.

2. Жиынтық сұраныс қисығы оңға жылжиды.

3. Жиынтық ұсыныс қисығы солға жылжиды.

4. Сұраныс пен ұсыныстың қисығы бірге жылжиды.

5. Сұраныс қисығы жылжиды.

101

Өндірістік капитал пайдаланылатын сфера:

1. Мәдениетте.

2. Білімде.

3. Саудада.

4. Қызметте.

5. Өндірісте.

102

Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздылары:

  1. Айналымдағы ақша көлемінің бұзылуы.

2. Ақшаның құны төмендеуіне байланысты.

3. Халықтың сатып алу қабілеті төмендейді.

4. Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.

5. Кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзінің өніміне жоғары баға қою.

103

Нарық субъектілеріне жататындар:

1. Үй шаруашылығы, мемлекет, фирма

2. Ақша, еңбек.

3. Сатушылар мен сатып алушылар.

4. Тауар, ақша

5. Кәсіпкерлер, үкімет, тауар

104

Ұлғаймалы ұдайы өндіріс:

1. Жаңа ресурстарды игерумен байланысты ұдайы өндіріс.

2. Алтын шығарумен байланысты ұдайы өндіріс.

3. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруы.

4. Жылдан жылға өндіріс мөлшері өзгермейтін өндіріс.

5. Жеке тұтынудың төмендеуі.

105

Сұраныс факторларына қайсылар жатады?

1. Табыс көлемі, тұтынушы талғамы

2. Табыс мөлшері,технология

3. Берілген тауарды алмастыратын және толықтыратын тауардың көлемі

4. Ұсыныс көлемі, техника

5. Салық және дотация

106

Ұсыныс:

1. Белгілі уақыт аралығында бағасы анықталған тауарларды нарыққа сатуға ұсынуы.

2. Сату мен сатып алу арасындағы тепе-теңдікті қалыптастыратын бағалар.

3. Өнімнің нақты бағасы.

4. Сатып алушылардың белгілі уақыт аралығында бағасы анықталған тауарды сатып алу қабілеттілігі.

5. Баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас.

107

Экономикалық жүйе дегенiмiз не:

1. Экономикалық процестер жиынтығы

2. Өндірістік қатынас

3. Өндiрiстiк қатынастардың жиынтығы

4. Өндiрiс заттардың жұмыс атқаруы

5. Өндiрiс сфералары

108

Тауардың тұтыну құны дегеніміз не?

1. Тауар өндірісіне кеткен еңбек

2. Ақшаның ресми құнын өзінің тұрақты қалпына келтіру

3. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қасиеті

4. Тауарды жасауға жұмсалатын материал мөлшері

5. Адамның қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіншілігі

109

Баға дегеніміз:

1. Тауар құнының ақшалай көрінісі

2. Тауар өндірісінің объективті экономикалық заңы

3. Өзінің тұрақты қалпына келтіруі құны

4. Ақшаның ресми құның тұрақтандыру және бағаның құнсыздануынан өсуіне қарсы ықпал жасаудың әдісі

5. Ақшаның шамадан тыс көбейіп кету салдарынан оның құнсыздануы

110

Ақша –бұл:

1. Ерекше тауар

2. Өндіру шығындары

3.  Баға

4. Айналым шығындары

5. Еңбек шығындары

111

Бәсеке дегенiмiз бұл:

1. Еркін кәсіпкерлік

2. Өндiрушiлер арасындағы барынша көбiрек пайда табу үшiн күрес

3. Жеке өндіремін

4. Сұраныс пен ұсынастың қилысуы

5. Нарықтық тепе-теңдік

112

Егер нарықтық баға тепе-теңдіктен төмен орналасса, онда:

1. Тапшылық болады

2. Барлық тұтынушылар қанағатандырылады

3. Тұтыну және бөлу

4. Өндірушілер өнім ұсынысын арттырады

5. Артықшылық болады

113

Нарықтық шаруашылықтың қызмет етуіне кедергі болатын шартты атаңыз:

1. Тауар санының және көлемінің азаюы.

2. Бағаны ырықтандыру.

3. Қоғамдық еңбек бөлінісі.

4. Кәсіпкерлік субъектілерінің еріктілігі.

5. Әрбір тауардың икемділік мөлшері.

114

Ұдайы өндіріс типтері:

1. Коллективтік меншік.

2. Қоғамдық өндіріс.

3. Жай және ұлғаймалы өндіріс.

4. Акционерлік меншік.

5. Кооперативтік және ұжымдық.

115

Шығарылатын өнім көлеміне тәуелсіз шығындар:

1. Жұмыскерлердің алатын ақша сомасы.

2. Шекті.

3.Ішкі.

4. Орташа .

5.Тауар мен қызмет.

116

Экономикалық цикл типтері бойынша К.Жуглярдың «орташа толқындарының» ұзақтылығы:

1. 17-ден 19 жылға дейін.

2. 40-тан 60 жылға дейін.

3. 15-тен 20 жылға дейін.

4. 25-тен 40 жылға дейін..
5. 1-ден 10 жылға дейін.

117

Егер нарықтық баға тепе-теңдіктен жоғары орналасса, онда:

1. Артықшылық болады

2. Тапшылық болады

3. Тарифтік емес шектеу

4. Мемлекет салық пайызын көтереді

5. Өндірушілер өнім ұсынысын арттырады

118

Төмендегілердің қайсысы алмастырушы (субститут) тауарлар бола алады?

1. Терезе және есік

2. Жылқы еті және сиыр еті

3. Көлік және бензин

4. Кітап және қалам

5. Терезе және оқулық

119

Төмендегілердің қайсысы  бірін-бірі толықтырушы (комплиментарлы) тауарларға жатады?

1. Көлік және бензин

2. Кофе және пепси

3. Кофе және шай

4. Пепси және кола

5. Перде және қалам

120

Тауар өткізу сипатына қарай нарық бөлінеді:

1. Көтерме сауда және бөлшек сауда

2. Ішкі және сыртқы

3. Ресми және жасырын көленкелі  

4. Аймақтық және әлемдік

5. Өндірістік және өндірістік емес

121

Трансакциялық шығын - бұл:

1. Ақпарат іздеудегі, мәмілені әзірлеудегі шығындар

2. Өзгермелі шығындар

3. Тұрақты және үзілісті шығындар

4. Өндіріс шығыны

5. Трансформациялық шығын

122

Нарық  инфрақұрылымының элементтері болып табылатындар:

1. Тауарлық және қор биржалары

2. Өндірістің материалдық жағдайы

3.  Әуежайлар

4. Әкімшіліктер, соттар, прокуратура

5.Зауыт пен фабрикалар

123

Тауар ұсынысы икемсіз болған жағдайда оған деген ұсыныс азаяды делік, сонда сатушының жалпы түсімі:

1. Егер сұраныс икемсіз болса ғана азаяды

2. Өзгермейді

3. Көбейеді

4. Кемиді

5. Артады

124

Олигополиялық бәсекені қандай  белгілер анықтайды?

1. Берілген тауарды өндіруге  аз ғана фирмалар қатысады

2.  Тауарлардың ерекшелігі

3.  Көп фирма қатысады

4. Берілген тауардың түрін екі кәсіпорын өндіреді

5. Берілген тауарды жалғыз фирма өндіреді

125

Табыс эффектісі келесі жағдайда орын алады:

1. Адам табысы өссе, олар ұлғайған табыстың бір бөлігін сақтайды

2. Тауар  арзандаған сайын тұтынушы басқа тауар түрін сатып алуды қысқартпай  берілген тауарды көп сатып алуға мүмкіндік алады.

3. Адам табысының жоғарылауы әсерінен кейбір тауарларды сатып алу көлемі азаяды.

4. Егер адамдардың табысы төмендесе  берілген тауарды аз сатып алады.

5.Өндірістік қатынастар

126

Экономикалық цикл типтері бойынша Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары» кезеңінің ұзақтылығы:

1. Алпыс жылдан жоғары
2. 25-тен 40 жылға дейін.
3. 40-тан 60 жылға дейін.
4. 3-тен 4 жылға дейін.
5. 15-тен 20жылға дейін

127

Капитал -өндіріс факторының түрі, ол:

1. Материалдық және қаржы ресурстар

2. Ақша

3. Еңбек ресурстары: адамдардың жұмыс күші

4. Барлық табиғи ресурстар: мұнай, су, газ, орман, кен т.б

5. Қаржылық табыс алумен байланысты ынталы, шаруашылық қызмет

128

Өндіріс шығындары:

1. Тұрақты және өзгермелі шығын

2. Өндіріске және тауарға жұмсалған шығын

3. Ресурстарға жұмсалынатын шығындар

4. Орташа  

5.Өндіріс және жарнама шығындары

129

Индустриялдық жүйе:

1. Мемлкеттің егемендігі және ұлттық экономиканы жүзеге асырады

2. Ауыл шаруашылығында натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады

3. Негізгі ресурс ретінде ақпаратсаналады, экономиканың бастаушы саласы

4. Ірі машиналық өндіріске дамыған тауар-ақша қатынастарына негізделеді

5. Ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттің меншіктің үстемділігі жүргізіледі

130

Нарықтық шаруашылықтың қызмет етуіне кедергі болатын шарттар:

1. Қоғамдық еңбек бөлінісі

2. Кәсіпкерлік еңбек субъектілерінің еріктілігі

3. Экономика субъектілерінің экономикалық оқшаулануы

4. Бағаны ырықтандыру

5. Әрбір тауардың икемділік мөлшері

131

Тауардың қасиеті:

1. Табыс көзі

2. Айырбас құнына ие тауарлар

3. Қоғамның қажетілігін қанағаттандыру қасиеті бар зат

4.  Өндірушінің өзі тұтынатын еңбек өнімі

5.Ұлттық өнім, табыс, сауда  

132

Өндіріс факторларының иелері факторлық табыс алады:

1. Пайда

2. Дивидент

3. Субсидия

4. Табыс

5.  Салық

133

Айнымалы фактордың қосымша бір бірглігін пайдалана отырып өндірілген жалпы өнімнің өсімі:

1. Жалпы өнім

2. TP        

3. MP

4. Шекті өнім

5. Орташа өнім

134

Тұрақты капитал:

1. Техника, технологияларға жұмсалған капитал

2. Еңбек құралдарының құны

3. Жұмыс күші, тауарды сатып алуға жұмсалған капитал («V»)

4. Өнеркәсіп капиталы

5. Өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күшін сатып алуға кеткен капитал

        

135

Микроэкономиканы зерттейтін экономикалық ғылымның саласы ретінде анықтауға болады:

1. Экономикалық зерттеулерде микрокомпьютерлерді қолдану.

2. Жеке кәсіпкерлер мен шағын фирмалардың экономикалық мінез-құлқы.

3. Қоғамның әртүрлі таптарының жеке өкілдері арасындағы қатынастар.

4. Тұтынушылардың жекелеген топтарының, фирмалар мен ресурстар иелерінің экономикалық мінез-құлқы

5. Барлығы дұрыс

136

Өндіріс көлемінің өзгерісінде тұрақты шығын (FC):

1. Өндіріс көлемінің өсуінде өзгеріссіз қалады

2. Баға өзгерісіне байланысты өзгереді

3. Өзгереді

4. Өндіріс көлемінің өсуінде ұлғаяды

5. Пайда нормасының өзгерісіне байланысты өзгереді

137

Экономикалық рента дегенiмiз:

1. Ссудалық процент

2. Ссудалық пайыздың ставкасы

3. Жалақыға салынатын салық

4.Бюджетке төленетiн төлем

5. Жер және тағы басқа табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем

138

Жалпы шығындар-бұл:

1. Тұрақты және айналмалы шығындар сомасы

2. Мүмкiн шығындар

3. Экономикалық шығындар

4. Тұрақты шығындар

5. Жалпы шығындардың өнiм бiрлiгiне қатынасы

139

Кесімді жалақы дегеніміз:

1. Жұмыскердің өндірген өнімдерінің көлеміне байланысты

2. Номиналды жалақы

3. Жұмыс атқарған уақытына байланысты

4. Жұмыс сағат саны

5. Бір сағаттың ақысы

140

Экономикалық ілімі «Меркантелизм» ұғымы дегеніміз:

1. «Мерканте» - саудагер-көпес, сауда, пайда.  

2. «Мерканте» - әлеуметтік-құқықтық әдісі.

3. «Мерканте» - өндіргіш күштердің әдістері.

4. «Мерканте» - шығынның табыс көзі.

5. «Мерканте» - сату және тауарға қызмет қатынасы.

141

Макроэкономика – бұл:

1. Ұлттық экономиканы тұтастай зерттейді

2. Баға, пайда мен шығын және нақты тауар қызмет көрсетулерді зерттейді

3. Үй шаруашылығының қызметтерi

4. Экономиканың бір бөлігі ретінде сала, фирма және үй шаруашылықтарын

5. Жекелеген экономикалық субъектілерді және жекелеген нарықтарды

142

Ұлттық байлық - бұл:

  1. Спорт
  2. Материалдық және мәдени құндылықтар
  3. Жасалған және жиналған мәдени құндылықтар
  4. Өндiрiс құрал-жабдықтары
  5. Адам ресурстары

143

Меншік субъектісі:

1. Адам, отбасы, әлеуметтік топтар, ұжым

2. Жер,ғимараттар, табиғи ресурстар

3. Мүлік, жұмыс күші

4. Әлеуметтік топтар, асыл заттар

5. Білім, бағалы қағаздар, ақша

144

Меншік объектісі:

1. Адам,отбасы

2. Әлеуметтік топтар, ұжым

3.Жер,ғимараттар, табиғи ресурстар

4. Халық,мемлекет, басқару органдары

5.Әлеуметтік топтар, асыл заттар

145

Классикалық саяси экономия өкілдері:

1. Д.Рикардо, А.Смит

2.Л.Морган, Вольтер

3. О.Шпенглер, А.Смит

4. Дж.Кейнс

5. К.Маркс,А.Монкретьен

146

Маржинализм теориясының классиктері болып кім табылады:

1. К. Маркс,Т. Манн.

2. К. Менгер, Ф. Визер

3. А.Смит, Д. Рикардо

4.Маршалл, Джевонс

5. Ф. Кенэ, А. Тюрго.

147

Егемендік құқығы - бұл:

1. Игіліктерді тұтыну құқығы

2. Басқару құқығы.

3. Пайдалану құқығы.

4. Табысты алу кұқығы.

5. Иелік ету құқығы.

        

148

Фрикциондық жұмыссыздық дегеніміз не:

1. Адамдардың уақытша жұмыс орындарын және тұрғылықты орнын ауыстырғанда

2. Қыс басталғандықтан жұмыс істемейтін сүңгуір

3. Қатты аяз болғандықтан жұмыс істемейтін құрылысшы.

4.Университеттің күндізгі бөлімінде оқитын студент.

5. Зейнеткерлікке шыққан шенеунік

149

Мемелекетік бюджеттен қайтарымсыз төлемдер:

1. Субсидия, Дотация

2. Мемлекеттік заемдар, Субвенция

3. Мемлекеттік несие

4. Мемлекеттік қаржы

5. Салық ,Мемлекеттік төлемдер

150

Салық субьектісі – бұл:

1. Заң бойынша салық төлеуге тиісті тұлға

2. Факт түрінде салық төлеуші тұлға

3. Салық обьектісінің бірлігіне түсетін салық мөлшері

4. Салық құрылымына жататын құрал

5. Салық есептелетін база

151

Шағын бизнестің артықшылықтары:

1. Жұмысшы күші мен капиталдың алмасуын жеңілдетеді;

2. Жаңа өнім немесе қызмет түрін тез игереді;

3. Өндіріс құрылымын жеңілдетеді;

4. Барлық жауап дұрыс.

5. Қызмет түрін тез игереді.

152

Жеке – дара кәсіпкерлік қандай бизнестің субъектісі бола алмайды?

1. Орта;

2. Шағын;

3. Ірі;

4. Шағын және орта;

5. Орта және ірі.

153

Шағын бизнестің артықшылығына төмендегілердің қайсысы жатпайды?

1. Барлығы;

2. Икемділік және тез бейімделушілік;

3. Ірі өндіріспен тиімді өзара әрекетте болу;

4. Жергілікті ресурстарды пайдалану;

5. Тәуекел деңгейінің жоғары болуы.

154

Шағын биснестің кемшіліктеріне төмендегілердің қайсысын жатқызамыз?

1. Тәуекел деңгейінің жоғары болуы;

2. Өнарықтарының тарлығы;

3. Қосымша қаражат тарту мүмкіндігінің төмендігі;

4. Қызметкерлер біліктілігінің жоғары болмауы;

5. Барлығы.

155

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қай жылы қабылданды?

1. 2015 жылы 29 қазан;

2. 2006 жылы 31 қаңтар;

3. 2005 жылы 11 желтоқсан;

4. 2004 жылы 3 қаңтар;

5. 2006 жылы 2 наурыз.

156

Дара кәсіпкерлік келесі түрлерге бөлінеді:

1.  Жеке және біріккен;

2. Өзіндік және бірлескен;

3. Ерлі – зайыптылар, отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік;

4. Шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар;

5. Барлық жауап дұрыс.

157

Бірлескен кәсіпкерлік қандай нысандарда жүзеге асырыла алады?

1.Ерлі зайыптылар кәсіпкерлігі, шаруы қожалығының ортақ бірлескен меншігі және өзіндік кәсіпкерлік;

2. Өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік;

3. Жеке, бірлескен кәсіпкерлік және жай серіктестік;

4. Жеке және өзіндік кәсіпкерлік;

5. Ерлі зайыптылар кәсіпкерлігі, отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік.

158

Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу әдістері:

1. Аумақтық салық органында тіркеу және келіп тіркелу;

2. Өтініш жазу және мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеу;

3. Мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылмайды;

4. Келіп тіркелу және міндетті мемлекеттік тіркеу;

5. Дұрыс жауап жоқ.

159

Кәсіпкерлік қызметтің негізгі шарттары қандай?

1. Экономикалық, әлеуметтік, құқықтық;

2. Әлеуметтік, экономикалық;

3. Экономикалық, құқықтық;

4. Инновациялық, құқықтық;

5. Экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, инновациялық.

160

Өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру, делдалдық бұлар кәсіпкерліктің қайсысына жатады?

1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жағдайлары;

2. Кәсіпкерліктің түрлері;

3. Кәсіпкерліктің қызметтері;

4. Кәсіпкерліктің формалары;

5. Кәсіпкерліктің белгілері.

161

Бизнес-жоспар дегеніміз не?

  1. Фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады;
  2. Техника-экономикалық негіздеуді жүргізу және барлық талдауды жасау;
  3. Жоспарланған істің нақты іске асатындығын көрсететін экономикалық негізделген аналитикалық құжат;
  4. Болашақтағы жағдайды талдауға мүмкіндік беретін құжаттың түрі;
  5. Коммерциялық жобаны жүзеге асыру жоспары.

162

Бизнес-жоспарды құрудың мақсаты не?

1. Нарық қажеттіліктері мен қажетті ресурстарды алу мүмкіндіктеріне сай кәсіпорынның шаруашылық қызметін жақын уақытқа немесе ұзақ мерзімге жоспарлау;

2. Кәсіпорын қызметінің нақты бағыттарын, мақсатты рыноктарды және осы рыноктағы фирманың орнын анықтау;

3. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді фирманың мақсаттарын, стратегиясын және оған жету тактикасын мазмұндау;

4. Тұтынушыларға фирмамен ұсынылатын тауарлар мен қызмет көрсету көрсеткіштерін анықтау және құрамын таңдау;

5. Нарықты, жарнаманы, сауданы жетілдіру, бағаның түзілуі, өтім жолдары және т.б. зерттеу бойынша фирманың маркетингтік шаралар құрамын анықтау.

163

Бизнес-жоспардың құрылымы мен көлемі неге байланысты анықталады?

1. Ұйымдастыру формаларына;

2.Мақсатына, кәсіпорынның мөлшеріне, қызмет түрінің өзгешелігіне;

3. Мақсаты мен міндеттеріне;

4. Кәсіпорын қызметіне;

5. Жоспарлау мен басқаруға.

164

«Баға – сапа – рентабельділік» параметрлері бизнес-жоспардың қай тарауын сипаттайды?

1. Маркетингтік жоспар;

2. Қаржылық жоспар;

3. Өндірістік жоспар;

4. Ұйымдастыру жоспары;

5. Барлығы.

165

Бизнес-жоспарды құру неден басталады?

1. Жоспарлаудан;

2. Мақсат қоюдан;

3. Резюмеден;

4. Талдаудан;

5. Барлығы дұрыс

166

Мемлекеттік тіркеуден және мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден заңды тұлға қарамастан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын келесі тұлғалар босатылады:

1.Тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтындар;

2. Мердігерлік келісімшарт негізінде бір реттік жұмыстарды орындаушылар;

3. Комиссиондық дүкендерде сатумен айналысатындар;

4. Шаруа қожалығының құрамындағы тұлғалар;

5. Барлық жауап дұрыс

167

Кәсіпорынды таратуды тіркеу қанша күннің ішінде жүргізілуі керек?

1. 10 күннің;

2. 3 күннің;

3. 5 күннің;

4. 15 күннің;

5. 30 күннің.

168

Төменде келтірілгендердің ішінен жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамытуды жүзеге асыру жолдарына жатпайтынын анықтаңыз:

1. Мемлекеттік органдар жанындағы сарапшылық кеңестерді ұйымдастыру;

2. Мемлекеттік органдар жанынан ғылыми-зерттеу институттарын құру;

3. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;

4.Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру;

5.Бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру.

169

Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі қандай салықтарды қамтиды?

1. Табыс салығы мен әлеуметтік салықты;

2. Жер салығы мен табыс салығын;

3. Акциз және әлеуметтік салықты;

4. Тек жеке табыс салығын;

5. Дұрыс жауабы жоқ.

170

Патент қандай мерзімге беріледі?

1. Бір жылдан көп мерзімге;

2. Бір күнге;

3. Кемінде бес жылға;

4. Тоқсан күнге;

5. Кемінде бір айға.

171

Кәсіпкер патент алу үшін қандай табыс сомасын көрсетеді:

1. Нақты жылдық табысын;

2. Ұйғарылған тоқсандық табысын;

3. Шамаланған жылдық табысын;

4. Табыс сомасын көрсетпейді;

5. Дұрыс жауабы жоқ.

172

Кәсіпкерлік қызметтің қайсысы тауар-ақша және сауда-айырбас операцияларымен сипатталады?

1. Коммерциялық;

2. Өндірістік;

3. Кеңес беру;

4. Қаржылық;

5. Барлығы.

173

Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан бөлінетін құжаттар мен меншікті қаржылық қаражаттарын тиімді пайдалану келесі қаржылық институттың негізгі мақсаты болып табылады:

1. Микрокредиттік ұйымдардың;

2. Лизингтік компаниялардың;

3. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның;

4. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның;

5. дұрыс жауап жоқ.

174

Технопарктер алғаш рет қай елде пайда болды?

1. Малайзияда;

2. Жапонияда;

3. Қытайда;

4. АҚШ-та;

5. Сингапурда.

175

Әлемдік тәжірибеге сәйкес технопарктер моделін көрсетіңіз:

1. Жапониялық және корейлік;

2. Қытайлық, сингапурлық және жапониялық;

3. Американдық, жапондық және аралас;

4. Американдық, қытайлық және аралас;

5. Дұрыс жауап жоқ.

176

Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық мөлшері нені анықтайды?

1. Ұйымдастыруды;

2. Жоспарлауды;

3. Оны жүргізу тәртібі мен тоқтату жолдарын;

4. Басқару мен бақылауды;

5. Дұрыс жауап жоқ.

177

Кәсіпкер түсінігін алғаш рет енгізген ағылшын экономисі – ол:

1. Р. Кантильон;

2. Ж.Б. Сэй;

3. А.Смит;

4. А.Маршал;

5. Дж.Б.Кларк.

178

Кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне төмендегілерден қайсысы жатады?

1. Қазақстан Республикасының және басқа да елдің азаматтары;

2. Заңды түрдегі шетел азаматтары;

3. Өкілеттігі шектеулі тұлғалар;

4. Азаматтық бірлестіктер;

5. Барлығы.

179

Кәсіпкерліктің объектісі?

1. Шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері;   

2.  Жеке тұлғалар;

3.  Заңды тұлғалар;

4.  Мемлекет;

5. Серіктестіктер.

180

Кәсіпкерлік теорияның қалыптасуына өз үлесін қосқан әйгілі француз экономисі?

1. Р.Кантильон;

2. А.Смит;

3. А.Тюрго;

4. Ж.Б.Сэй;

5.  Д.Шумпетер.

181

Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты не?

1. Табыс табуға бағытталған комерциялық жетістік;

2. Банк жүйесінің өз ішінде, сондай-ақ банктер мен банктік емес институттар  арасында қаражат тарту және несиі беру бойынша бәсекелестікті күшейту;

3. Клиенттің қаржылық жағдайын талдау;

4. Өзгерістерді болжау;

5. Қызмет көрсетудің  сапасын қадағалау;

182

Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы кәсіпкерліктің қандай жағдайы?

1. Кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы;

2. Кәсіпкерліктің құқықтық жағдайы;

3. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жағдайы;

4. Кәсіпкерліктің психологиялық жағдайы;

5. Кәсіпкерліктің педагогикалық жағдайы.

183

"Startup" –

1. Фирма ішіндегі жоспарлаудың негізі болып табылады;

2.Техника-экономикалық негіздеуді жүргізу және барлық талдауды жасау;

3.Жоспарланған істің нақты іске асатындығын көрсететін экономикалық негізделген аналитикалық құжат;

4. Болашақтағы жағдайды талдауға мүмкіндік беретін кәсіпорын;

5.Ауқымды бизнес-идеяны іздеуге және жүзеге асыруға бағытталған уақытша құрылым.

184

Меншік түрлеріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі қалай аталады?

1. Бизнес;

2. Кәсіпкерлік;

3. Кәсіпкерлік қызмет;

4. Тәуекел;

5. Дұрыс жауап жоқ.

185

Дамыған елдерде шағын және орта бизнеске жатқызудың негізгі көрсеткіші қайсы?

1. Тәуекел;

2. Жарғылық капиталы;

3. Активтерінің құны;

4. Айналым көлемі;

5. Жұмысшылыр саны.

186

Калькуляция дегеніміз не?

1.Өндірістік фондтарды қалпына келтіруге кеткен амортизациялық төлемдер;

2. Мемлекеттік және әлеуметтік сақтандыру төлемдері;

3. Тауардық бағасын анықтау;

4. Сандық және сапалық талдау;

5.Шығындар баптары бойынша өнімнің өзіндік бірліктерін анықтау.

187

Белгілі бір өнімнің рыноктағы жағдайын және кәсіпорынның рентабельділік деңгейін бейнелейтін не?

1. Өзіндік құн;

2. Баға;

3. Калькуляция;

4. Төлемдер;

5. Шығындарды есептеу.

188

ЖШС –ның ерекшеліктеріне төмендегілердің қайсы кірмейді?

1. Жеке тұлғалардың тікелей қатысуы;

2. Қатысушылар басқа қатысушылардың келісімісіз шыға алады;

3. Жарғылық капиталдағы өзүлесін басқа қатысушыға сатуға немесе беруге құқылы;

4. Бір адам құралады ;

5. Дұрыс жауап жоқ.

189

Акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығы:

1. Мұндай құқық жоқ;

2. Мүліктік құқық;

3. Қатысу құқық;

4. Дивиденд алу құқығы;

5. Жеке құқық.

190

Кәсіпкерлік әрекет немен жүргізіледі?

1. Кәсіпкердің тек мүліктік жауапкершілігімен

2. Кәсіпкердің атынан тек тәуекел үшін

3.Кәсіпкердің атынан тәуекел үшін және мүліктік жауапкершіліксіз

4.Кәсіпкердің атынан емес тәуекел үшін және мүліктік жауапкершілікпен

5.Кәсіпкердің атынан тәуекелімен және мүліктік жауапкершілікпен

191

Кәсіпкерлік неге бағытталған қызмет?

1. Заңнамалық тұлғалардың қызметіне бағытталған

2. Жеке тұлғалардың қызметіне бағытталған

3. Жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бағытталған

4. Жеке және заңды тұлғалардың таза табысына бағытталған

5. Жеке тұлғалардың таза табысына бағытталған

192

Инновациялық қызметтің жаңа немесе жетілдірілген өнім, технологиялық үрдіс түрінде іске асырылған нәтижесі – ол:

1. Ноу-хау;

2. Инновация;

3. Өнертапқыштық;

4. Инновациялық қызмет;

5. Барлық жауап дұрыс.

193

Саудалық, сауда-көтерме сатып алу, сауда делдалдық, тауар биржалары кәсіпкерліктің қай түріне жатады?

1. Өндірістік;

2. Қаржылық;

3. Коммерциялық;

4. Кеңес беру;

5. Дұрыс жауап жоқ.

194

Тауарға қайсысы жатады?

1. Қызмет көрсету;

2. Физикалық объекттер, қызметтер, орындар, ұйымдар мен идеялар;

3. Ұйымдар мен идеялар;

4. Ешқайсысы;

5. Барлығы.

195

Тұтынушы білмейтін немесе оларды сатып алуға ойланбайтын тауарлар қай түріне жатады?

1. Пассивті сұраныс тауарлары;

2. Күнделікті сұраныс тауарлары;

3. Алдын-ала таңдау тауарлары;

4. Ерекше сұраныс тауарлары;

5. Тұтыну тауарлары.

196

Кәсіпкерлік қабілеттілік адамдардың ерекше таланттығын анықтап, оны түсіну үшін кәсіпкердің қандай қызметін түсіну керек?

1. Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, себебі орындаған жұмысы мен көрсеткен қызметі табыс беретініне сенеді;

2. Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және кәсіпорынның іс-бағытын айқындайды;

3. Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін адам;

4. Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын адам;

5. Барлығын.

197

Кез-келген шаруашылық қызметтегі ерекше белгісі ретінде не саналады?

1. Инновациялық тәсіл;

2. Инноватика;

3. Жаңа технология;

4. Экономикалық бәсеке;

5. Бәсекеге қабілеттілік.

198

Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге қандай қызмет салады?

1. Тәуекелге бару қызметі;

2. Басқару қызметі;

3. Экономикалық қызметі;

4. Ұйымдастыру қызметі;

5. Новаторлық қызметі.

199

Нарыққа бағытталу туралы қаржылық шаруашылық талдау жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер көрсетумен айналысатын кәсіпкерлік – бұл ....

1. Қаржылық кәсіпкерлік;

2. Кеңес беру кәсіпкерлігі;

3. Коммерциялық кәсіпкерлік;

4. Сақтандыру кәсіпкерлігі;

5. Делдалдық кәсіпкерлік

200

Ж.Б.Сэй қай жылдары кәсіпкерлік қызметтің мәні мен оның қоғамдағы ролін қашан көтерді?

1. 1812 ж.;

2. 1815 ж.;

3. 1810 ж.;

4. 1811 ж.;

5. 1814 ж.

...

Скачать:   txt (86 Kb)   pdf (221.5 Kb)   docx (60.9 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club