Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өкпеден тыс туберкулез

Автор:   •  Ноябрь 15, 2018  •  Реферат  •  2,371 Слов (10 Страниц)  •  2,170 Просмотры

Страница 1 из 10

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

              [pic 1]

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Өкпеден тыс  туберкулез  түрлері.

Орындау  тәртібі: мәнжазба дайындау

Мамандығы: Жалпы медицина

Кафедрасы: Фтизатрия  және  дерматовенерология.

Курс:  4

Орындаған: Қуанышова Ботагөз Әділбекқызы

Тобы: 412«Б»

    Тексерген: Байсалбаев Бақытжан Сұлтанбекұлы

                     Ақтөбе 2018

                                                 ЖОСПАР

I.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.

1.Өкпеден  тыс туберкулез.  Шеткері лимфа  түйіндері туберкулезі  этиологиясы,  патологиялық  анатомиясы,клиникалық  көріністері,  диагностикасы.

2.Бүйрек  туберкулезі-  эпидемиологиясы,  жіктелісі,  симптомдары,  диагностикасы.

3.Сүйек-  буын  туберкулезі : ортан  жілік-  жамбас буыны  туберкулезі,  тізе  буыны туберкулезі, иық,  шынтақ,  білекзік  буындары  туберкулезі  клиникалық  көріністері.

4.Тері туберкулезі  этиологиясы,  таралу  жолдары, зақымдалу  формалары.

5.Туберкулезді  менингит  клиникасы, кезеңдері,  асқынулары.

III.Қорытынды.

IV.Қолданылған  әдебиеттер.

КІРІСПЕ

       Өкпеден тыс туберкулез жиі зақымдайды: Сүйекті;буынды; әр шығару жүйесі; перифериялық  лимфа  түйінін; жүйке-жүйесін; іш  қуыс  ағзаларын;  көзді,теріні;

Шеткі лимфа түйіндерінің туберкулезы  бастапқы кезеңінде лимфа түйіндері 0,5—1,5 см-ге дейін ұлғайған, жұмсақ консистенциялы, пальпацияда  ауырсынбайды , өзара және айналасындағы тіндермен жабыспаған. Кейде лимфа түйіндердің тіндері казеозға және іріңдеуге ұшырайды, бұл кезде бейспецификалық қабыну үрдісіне лимфа түйінінің капсуласы қосылады да біріккен, теріге және айналасындағы тіндерге жабысқан конгламерат құрылады

       Бүйрек туберкулезі кезінде бел аймағындағы ауырсыну сезімі бастапқы этаптарында 7% жағдайда кездессе, соңғы этаптарына қарай берілген симптом 95% жағдайда кездеседі. Ауырсыну симптомы тұйық, сыздаған болады, алайда, бүйректегі деструктивті бұзылыстары фонындағы несеп ағу жолдары бұзылысқа ұшырағанда айқын ауырсыну сезімі, кейде бүйрек ұстамасына дейін баруы мүмкін. Ауырсынусыз макрогематурия 17% науқастарда кездеседі

     Буындарда туберкулездің басталуы бәсең, аздап ауырып, буынның көлемі ұлғайып, қозғалу қабілеті нашарлайды. Туберкулез ауруының белгілері: буындарда бұлшық еттері семіп, аяқ-қол сүйектері жіңішкеріп, тері қыртысы қалыңдайды. Емделмей, ауру асқынған жағдайда, буын қозғалмай қалады, суық ісік және жазылмайтын жара пайда болады. Сырқат адамның дене қызуы көтеріліп, жүдеп, тамаққа тәбеті тартпай, әлсіреген жағдайда, тезірек дәрігерге көрінген дұрыс

                                                 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Өкпеден тыс туберкулез жиі зақымдайды:

  • Сүйекті;
  • буынды;
  • зәр шығару жүйесі;
  • перифериялық  лимфа  түйінін;
  • жүйке-жүйесін;
  • іш  қуыс  ағзаларын;
  • көзді,теріні;

Шеткі лимфа түйіндерінің туберкулезы — бұл жалпы аурудың көрінісі. Пайда болуы бойынша ол біріншілікті туберкулез кезеңіне жатады, яғни дербес бір ауру болып табылады. Алайда екіншілікті лимфадениттер кездесуі мүмкін, ол басқа ағзалардағы процесстің өршуі кезінде болады.Жиі туберкулезбен мойын лимфа түйіндері -75— 80%, сирек –қолтықасты-15—20% және шап аймағы л.т. -5%  зақымданады

.
Этиологиясы:Туберкулез қоздырғышы жиі жағдайда микобактерияның адамдық түрі болып келеді, бірақ кейбір туберкулез бойынша қолайсыз эпизоотикалық жағдайдағы орындарда өгіздік микобактерия маңызды орын алады. Лимфа түйіндерінің микобактериямен зақымдануы лимфагемотагенді жолмен жұреді.

...

Скачать:   txt (34.3 Kb)   pdf (356.7 Kb)   docx (173.1 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club