Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Цитоқаңқа. Жасушалық байланыстар

Автор:   •  Ноябрь 14, 2022  •  Эссе  •  1,395 Слов (6 Страниц)  •  332 Просмотры

Страница 1 из 6

Орындаған: Тұрымбет Ұлдана                                                                                            Группа: 1008                                                                                               Тақырып: Цитоқаңқа. Жасушалық байланыстар

•Цитоқаңқа(цитоскелет)-жасушаның белгілі бір құрылымдық деңгейінің ұйымдастырылуын бірқалыпты ұстап тұратын, ерімейтін ақуыздар кешені болып табылады. Микротүтікшелер, микрофиламенттер(актин жіпшелері), аралық филаменттер деген негізгі 3 құрылымнан тұрады.                                                                                   Микротүтікшелер-ұзын және түзу, бір ұшымен центросомаға байланысқан, Гольджи кешенінің жанында орналасқан, диаметрі 25нм болатын құрылымдар. Жасушаларда микротүтікшелер бірқатар уақытша(интерфазалық жасушалардың цитоқаңқасы, бөліну ұршықшасы) немесе тұрақты (центриольдер, кірпікшелер, қылшықтар) құрылымларды құрауға қатысады. Жасушаішілік қаңқаны құрай отырып, микротүтікшелер жалпы жасушаның және оның жасуша ішілік компоненттерінің бағытталған қозғалысының факторы бола алады, өзінің орналасуымен әртүрлі заттарға және ірі құрылымдардың орын ауыстыруына жылжу векторларын қалыптастырады. Микротүтікшелерді колцихинмен бұзу аксондарда зат тасымалын бүлдіріп, секрецияның блокадасына т.с.с әкеледіАктин филаменттері-Микрофиламенттер түгелдей дерлік жасушаларда кездеседі.                                                      Актин филаменттерінің диаметрі 5-9нм аралығында болады. Олар цитоплазманың кортикалды қабатында, тікелей плазмолемманың астында, шоғыр немесе қабаттар түрінде орналасады. Кортикалды қабаттың және шоғырдың микрофиламенттерінің құрамына актин, миозин, тропомиозин, альфа-актинин нәруыздары кіреді. Демек, микрофиламенттер жасушалардың амебоидты орын ауыстыруы кезіндегі қозғалысты іске асырып, жасушаішілік қозғалыстардың көпшілігін, мысалы, цитоплазманың ағымдарын, вакуольдердің, митохондриялардың жылжуын, жасушаның көбеюін мүмкін қылатын жасушаішілік жиырылғыш аппарат болып таб.                  Аралық филаменттер-Олар жіңішке (10нм), тармақталмайтын, көбінесе шоғырлар тәрізді орналасқан жіптер тәрізді болады. Аралық филаменттердің негізгі ақуыздары-кератин ф.(адамның эпителий жасушаларында кездеседі), виментин тәр.ф.(фибробласттарда, эндотелиалды жасушаларда кездесетін десмин, перферин т.с.с), нейрофиламенттер(нейрондарда), ламиндер(жасуша ядросында). Аралық филаменттер қызметі тіректік-каркастық, бұл фибриллярлық құрылымдар лабильді емес. Клиникада әртүрлі ісіктердің тіндік негізгі, иммуноморфологиялық әдістердің көмегімен, олардың аралық филаменттерінің нәруыздары бойынша анықталады. Бұл диагностика үшін және ісіктерге қарсы химиотерапиялық препараттарды таңдау кезінде өте маңызды.                            •Жасушалардың бір-бірімен тіркесіп байланысуының екі түрін ажыратуға болады: жасушааралық адгезия, жасушалааралық түйісу(контакт)                                                                                                •Жасушааралық адгезия-жасушалардың уақытша байланысуы. Ағзаның қабыну, иммундық реакцияларды қалыптастыруы сияқты маңызды құбылыстарына алып келеді.                                                                                     •Жасушалық адгезия кезіндегі кальцийдің маңызы: Адгезивтік қабілеті тек Са2+ ионы болған жағдайда ғана байқалатын ақуыздар-кодгериндер. Олардың қызметі-эпителий, нерв ж/е бұлшықет ұлпаларында салыстырмалы түрде тұрақты жасушааралық түйісуді қалыптастыру болып саналады.                                                                              Адгезивтік ақуыздардың 2түрі бар: интегриндер, селектиндер. Интегриндер-құрылысы гетеродимерлі (альфа, бетта) болып келетін интегралдық ақуыздар. Альфа, бетта субъединицаларынан тұрады. Жасушаішілік, мембраналық, жасушадан тыс домендері бар. Жалпы қызметі: цитоскелеттің бекінуіне қатынасады, арнайы лигандтарды танып, олармен адгезиялануға жауапты. Бетта(1,2,3)интегриндер-лимфоциттердің эндотелиймен, фагоциттелуші субъекттермен әрекеттесуін, фибриногенмен байланысуын қамтамасыз етеді. Селектиндер-мономерлер болып табылады, оның N-ұшы домені лектиндер қасиетіне ие, ал лектиндер-олигосахаридтік тізбектердің соңғы бір моносахаридіне ерекше сай болып келетін ақуыздар тобы болып табылады.                                          •Жасушааралық түйісу(контакт) —жасушалардың салыстырмалы түрде тұрақты байланысуы, ол ұлпалардың түзілуіне алып келеді және бір ұлпа жасушаларының арасында болады. •Түйісу түрлері:                                                                  1)Тығыз немесе жабындық-бұл байланыстарға арнайы интегралды нәруыздар қатысады, олар, ұялы тор тәрізді құрылымды түзеді, көршілес жасушалардың үстінде орналасады.                                                                        2)Бекіну(тіркесу)-адгезиялық белбеуше, десмосома Адгезиялық белбеуше-жолақ түріндегі жұп құрылымдар, олардың әрқайсысы көрші жасушалардың оптикалық бөліктерін белбеулей қоршап, бұл жерлерде олардың бір-біріне жабысуын қамтамасыз етеді. Десмосома(жабысу дағы)-кішкентай алаң немесе дақ түріндегі жұп құрылымдар. Нег.қызметі: жасушаның арасындағы механикалық байланыс. Жартылай десмосомалар-эпителийлік жасушаларды базальды мембранамен байланыстырады.                3)Коммуникативті—саңылаулы түйісулер(нексустар), синапстық байланыстар.                                            Саңылаулы түйісулер(нексустар)-ұзындығы-0,5-0,3мкм, ал плазмолеммаларды бөліп тұратын аралықтың ені 2-3мкм болатын аймақ. Қызметі: иондардың және ұсақ молекулалардың жасушадан жасушаға тасымалы. Мысалы, жүрек бұлшық етінде түзелу негізінде иондық өткізгіштіктің өзгеруі жататын қозу, жасушадан жасушаға нексустар арқылы жеткізіледі. Нексустар-кең таралған десмосомалар және интердигитациямен қатар олар кардиомиоциттер арасында жиі кездеседі. Сонымен бірге нексустар сперматогендік эпителийдің Сертоли жасушалары арасында да кездеседі. Кейбір деректерге қарағанда, нексус көз қарашығының жасушалары арасында да кездеседі. Бұл жерде олардың көмегімен көз қарашығы жасушалары қоректенеді. Синапстық байланыстар-жүйке тініне және 2нейронның аралығындағы маманданған контакт аймағында, сонымен қатар нейрон және басқа бір рецептордың немесе эффектордың құрамына кіретін элементтің арасында да кездеседі. Мысалы: жүйке-бұлшықеттік, жүйке-эпителийлік синапстар.

...

Скачать:   txt (10.8 Kb)   pdf (74.7 Kb)   docx (9.2 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club