Химиялық байланыстар
Автор: DinaraToleubaeva • Ноябрь 1, 2018 • Реферат • 822 Слов (4 Страниц) • 2,734 Просмотры
Қазақ-Ресей медициналық университеті
РЕФЕРАТ
ОСӨЖ
ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР
Орындаған: Толеубаева Динара
Мамандығы: Жалпы медицина
Тобы: 105Б
Тексерген:Қанағатқызы Б.
Химиялық байланыстар — химиялық элементтер арасындағы тұрақты тепе-тең күйдегі жүйе жасауға келіп тірелетін электромагниттік әсерлесу жиынтығы.Және атомдардың химиялық қосылыс түзіп әрекеттесуі. Қазіргі түсініктер бойынша атомдар арасындағы химиялық байланыста электростатикалық табиғи қатынастар бар.Химиялық байланыс деп бөлшектерді бір-бірін жақын ұстауға көмектесетін электрлік тартылыс күштерін айтады.Химиялық байланыстар түзуге қатысатын бөлшектер атомдар, молекулалар және иондар болуы мүмкін. Құрылымдық формулалардағы әр химиялық байланыс валенттік сызыкпен көрсетіледі, мысалы:
Н-Н (сутектің екі атомы арасындағы байланыс)
H3N-H+ (аммиак молекуласындағы азот атомы мен сутек катионы арасындағы байланыс)
(К+)-(І–) (калий катионы мен иодид-ион арасындағы байланыс)
Химиялық байланыстың жалпы сипатталары;
1. Байланыс энергиясы
2. Байланыс ұзындығы
Байланыс энергиясы-химиялық байланыс түзілу барысында бөлінетін және түзілген байланыстың беріктігін сипаттайтын энергия.
Байланыс ұзындығы-деп байланысқан атомдардың ядроларының ара қашықтығын атайды.
Атомдық орбиталь(АО)-электронның орналасы мүмкіндігі 90% -дан жоғарыболатын атомдық кеңістіктің бөлігі.
Молекулалаық орбиталь(МО)-электронның молекуладағы энергетикалық деңгейін және оның мейлінше ықтимал табылу аумағын анықтайтын толқынды ( x,yz)фунуция.
Салыстырмалы элетртерістілік(СЭТ)-элетр атомының жалпы электрондық тығыздықты өзіне қарай тартуының салыстырмалы қабілеттілігін сипаттайтын шама.
Химиялық байланыстың негізгі түрлері;
• Иондық
• Металдық
• Коваленттік (полялы,неполярлы)
• Сутектік
Бір немесе бірнеше электрон жұптары арқылы түзілетін химиялық байланыс коваленттік байланыс деп аталады.Коваленттік байланыста қосылысқа түсетін атомдардың дара электрондары ортақтасып ,екі ядроны бірдей айналатын элетрон жұбын түзеді.
Коваленттік байланыстың түзілу механизмдері;
• Алмастыру
• Донорлы-акцепторлы
Ковалентті байланыс түзілуінің алмастыру механизмінің маңызы-сыртқы атом орбитальдарын сол орбитальдарға екі электронды талдау (айырбастау) арқылы бүркестіру.
Ковалентік байланыс түзілуінің донорлы-акцепторлы механизмінің маңызы;
• Бір компанеттің (донордың) сыртқы деңгейіндегі атомдық орбитальда бөлінбеген электон жұбының болуы
• Келесі бір компанентте (акцепторда) бес атомдық бос орбитальдың болуы;
• Атомдық орбитальдардың бірігіп ортақ электон жұбы бар иолекулалар орбитальдар түзілуі
Коваленттік байланыстың полярлық деңгейіне орай жіктелуі;
• Полярсыз
• Полярлы
Коваленттік полярсыз байланыс-бір түрлі(электрерістігі бірдей)атомдар арасындағы байланыс.Оларға H2 ,O2,CI2,F2 т,б жатады.
Коваленттік
...