Цитоскелет (цитоқанқа). Құрылысы және қызметі
Автор: nurkentujmebaev • Декабрь 19, 2018 • Реферат • 1,570 Слов (7 Страниц) • 2,445 Просмотры
«Астана медицина университеті» АҚ
Молекулалық биология негіздері кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Цитоскелет (цитоқанқа). Құрылысы және қызметі.
Орындаған: Әбен А.Б.
109 ОМ
Қабылдаған: Арынова Б.С.
Мазмұны:
I Кіріспе
Цитоқанқа
II Негізгі болім
Микротүтікшелер
Актин филаменттері
Аралық филаменттер
III Қорытынды
I Кіріспе
Цитақанқа (цитоскелет)
Цитоскелет (жасуша қанқасы ) (гр. kytos — жасуша ; гр. skeleton — қаңқа) — жасушаның пішінін анықтап, оның қозғалысын қамтамасыз ететін құрылым .
Цитоскелет 3 негізгі құрылымдардан тұрады: микротүтікшелер , актин филменттері (жіпшелері) және аралық филаменттерден құралған. Олардың әрқайсысы мыңдаған ақуыздардан тұрады. Микротүтікшелер центриольдердің, базальды денешіктің, кірпікшелер мен талшықтардың құрамына кіреді. Олар тубулин протеинінен құралған.
Жасуша қаңқасы плазмолемма астындағы цитоплазманың шеткі кортикальды қабатында орналасады. Микрофиламенттерді жиырылғыш протеиндер: актин, миозин, тропомиозин құрайды. Сондықтан микрофиламенттер жасушадағы жиырылу аппараты қызметін атқарады. Жасуша қаңқасы торшаның пішінін анықтап, тіректік қызмет атқарады. Цитоскелет элементтерінің үшеуі де полимеризацияланады және өздігінен полимерлік құрылымдарға кірігіп , мыңдаған біркелкі актин бөлшектеріне , әжептеуір ұзын , 10 – 15 мкм , жасушаны тесіп өтетін сызықты массивтерге жинақталады. Бұл өте ұзын , жіпше тәрізді құрылымдар. Олар органеллаларды ұстап тұрушы , жасушаішілік қанқа және органеллалар қозғалатын «рельстер» қызметтерін атқарады.
Цитоскелет құрылымының қалыптасуына және қызметтік бірігуінде (инеграция) оның негізгі компанеттерімен бірге қосымша ақуыздар да маңызды рөл атқарады. Олар:
- Органеллалардың цитоскелетке жабысуына;
- Органеллалардың бағытты қозғалуын қалыптастыруға;
- Цитоскелет байланыстарының және қызметтерінің үйлестірілуіне жауап береді.
II Негізгі бөлім
Микротүтікшелер
Микротүтікшелер – ұзын және түзу , бір ұшымен центромераға (микротүтікшелерді ұйымдастырушы орталыққа) байланысқан, Гольджи кешенінің жанында орналасқан құрылымдар болып табылады. Олардың диамерті 25нм олардың қабырғасы тубулин ақуыз малекулаларынан тұрады. Электрондық микроскоп арқылы қарағанда микротүтікшелердің сақиналы байланысқан 13 суббірліктен тұратынын көруге болады. Микротүтікшелердің қызметінің бірі –жасуша ішінде каркас түзу. Сонымен қатар микротүтікшелермен ұсақ везикулаларда араласады. Микротүтікшелер цитоскелеттің негізгі ақуыздарының ұзын филаменттерге полимерленуі нәтижесінде түзіледі. Филаменттердің полимерленуі бір уақытта жүреді , яғни олар полярлы болады , олардың ұштары бір – бірінен ерекше. Микротүтікшелердің бір ұшы – оң ұшы үнемі полимерленеді , яғни өседі , ал екінші ұшы теріс ұшы тубулин бөлшектері тұрақтағанға дейін ыдырайды. Микротүтікшелердің тұрақтануы оның теріс ұшының , жасуша ортасында , ядроның жанында орналасқан , центромераға, жалғануы арқылы жүзеге асады.
...