Қазіргі ғылымдағы пәнаралық байланыстар: тарих және құқықтану
Автор: Айдос Имантай • Май 28, 2018 • Реферат • 3,922 Слов (16 Страниц) • 1,250 Просмотры
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университеті
«Тарих» факультеті
«Қазақстан тарихы» кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Қазіргі ғылымдағы пәнаралық байланыстар: тарих және құқықтану
Тексерген: Мұсағалиева А.С.
Орындаған: Қорғасбекова Р.Б.
Астана, 2017
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Даланың алғашқы заңдары
2.2. Кеңестiк Қазақстандағы мемлекет және құқық
2.3. Тәуелсiз Қазақстан кезеңi (1991 жылдан бүгiнгi күнге дейiн).
III. Қорытынды
Тарихпен құқықтың байланысын қарасытырар болсақ, құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді деп айтсақ болады. Құқық тарихта болып жатқан әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің, қоғамдағы қарама-қайшылықтардың таралуын әлеуметтік нормалардың реттей алмауының салдары.
Құқық тарихтың алғашқы беттерінде ақ көрініс тапқан. Мысалы: алдымен материалдық объектiлерден басталады. Алғашқы қауымдық құрылыстың өзiнде-ақ адамдардың құқықтық тұрғыда жеке меншiк мүлiктерi болған. Аңшының өз меншiгi ретiнде қару-жарағы болса, ал әйелдiң үйге деген құқығы болған. Кез келген қоғамдағы экономика мен қоғамдық қарым-қатынастардың дамуы жеке адам құқығына байланысты өрбiп, одан әрi мемлекеттiк дәрежеге дейiн көтерiледi. Оның арасында отбасылық құқықтың да орны ерекше. Мiне, осының бәрi тарих және құқық тарихы пәнiнiң негiзгi зерттеу объектiлерi болып табылады.
Тарих пен құқықтану саласы мемлекет дамуының тарихи заңдылығын зерттейді және анықтайды.
Тарихи ғылым ретінде мемлекет тарихы мен құқығын – шаруашылық, мәдениет және адами қызметтің өзге де салаларымен тығыз байланысты, сонымен қатар, салыстырмалы түрде дербестікті сақтайтын әрі зерттеудің нақты айқындалған нысанына ие адамзат тарихының бір бөлігі. Алайда бәрінен бұрын мемлекет тарихы мен құқық заң ғылымы болып табылады. Бұл тұрғыдан ол мемлекеттің бүкіл элементтерінің: мемлекеттік механизм, мемлекеттік бірлік пішіні, саяси және құқықтық жүйенің дамуын қамтиды.
Қазақ халқының мемлекеттік тарихында, құқықтық танымы мен санасында халықтың әдет-ғұрыптық заңдарының мәдени-әлеуметтік, саяси-құқықтық маңызы өте зор. Ел өмірінің барлық саласын тұтас қамтыған әдет заңының жүйесі халық, мемлекет, жеке адам тіршілігінің барлық бағыты бойынша белгілі өлшемдерді, қағидалар мен ережелерді қалыптастырды.
Мемлекет пен құқықтық жүйелер кездейсоқ орын алып, жойылып кетпейді, белгілі объективтік факторларға бағынады, солардың көмегімен сәйкес үрдісті, дамудың белгілі желісін байқауға болады. Мемлекет пен құқықтың дамуындағы жалпы ілгерілеудің болуына күмән келтіруге негіз жоқ. Мемлекеттің деспоттық түрлерінен, демократиясының қарадүрсін түрлерінен бастап адамзат барынша жетілген, дамыған әрі гуманистік институттарға ауысады. Құқықта да дәл солай. Қылмыстық құқықта қанды кектің, өлім жазасының жабайы түрінің, жұдырық үстемдігінің орнына қоғамды, сондай-ақ, тұлғаларды заңсыз озбырлықтан қорғауға кепілдік беретін заманауи институттар пайда болды. Мұның барлығы тарихи процесс онжылдыққа артқа жылжытып, соның ішінде, мемлекет пен құқықтың дамуында кең иірімдерді жасайтындығын жоққа шығармайды.
Қоғам, мемлекет пен құқықтың дамуының заңдылығын жоққа шығару ғылым ретінде тарихты жоққа шығаруға алып келеді. Егер біз мемлекет пен құқықтың дамуындағы заңдылықтар туралы айтсақ, осы процестің қозғаушы күшінің проблемасымен бетпе-бет жүздесуіміз сөзсіз. Көптеген ғалымдар экономиканың, өндіріс тәсілінің мемлекет пен құқықтың дамуына зор әсерін дәлелдеген. Бұл факторды тіпті, жетекші деп есептеуге болатыны анық. Мысалы, тікелей материалдық қажеттіліктерге, айталық, ұлттық сезімге сүйенбейтін бұқаралық психологияның бөлігін алып көрелік. Ұлтшылдыққа дейін алып келетін бұл сезімдер қоғамның, ұлттың өзінің ең өзекті қажеттіліктерімен көбінесе қарсы келеді. Тарихтағы тұлғаның рөлі сынды дамудың ілгері қозғаушы күшін де есептен шығаруға болмайды.
...