Ультрадыбыстық зерттеу
Автор: Kubik140 • Май 19, 2020 • Лабораторная работа • 459 Слов (2 Страниц) • 413 Просмотры
Лабораториялық жұмыстар
1. Иіс сезу, дәм сезу және көру анализаторларының бір бірімен байланысы.
Иіс сезудің ең алдымен адамда дәмдік маңызы жоғары. Тағамды шайнағанда немесе ішкенде оның құрамындағы ароматтық ұшқыш заттардың молекулалары мұрын-жұтқыншақ және мұрын жолдарына енеді және иісті сезетін жасушалардың рецепторларын қоздырыды. Бұл уақытта иіс сезу мен дім сезу анализаторлары бірлесе әрекеттеседі, және осы әрекеттің негізінде заттың қасиеттері туралы толық мәліметтер қабылданады. Кей жағдайларды мұрын жұтқыншақ қуысы жабық болса (жұту кезінде), мұрын бітеліп немесе жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабаты ісінсе (мысалы тұмау кезінде) адам ешқандай дәмде, иісте сезе алмайды. Заттың иісі мен дәмін сезуде көру анализаторының маңызы зор.
Жұмысқа қажет заттар: сірке қышқылының ерітіндісі, 10% глюкоза ертіндісі, қант, картоп, пияз, алманың түйірлері. Зерттеу адамаға жүргізіледі.
Жұмыстың барысы: Зерттелушіге тілін шығаруын сұрап оның үстіне әлсіз сірке қышлының бірнеше тамшыларын (2%), 10% глюкоза ертіндісінің бірнеше тамшыларын тамызамыз. Дәмдердің түрлі болғандарын анықтаймыз. Тіл үстіне алманың, пияздың, шикі картптың және тағы басқа да азық түлік заттардың түйірлерін қоямыз. Осы әрекеттен соң зерттелуші көздері мен мұрнын жабуын сұраймыз. Алдындағы процедуралрды қайталап, дәмнің өзгергенін немесе мүлдем сезінбегенін анықтаймыз.
Жұмысты безендіруге арналған нұсқаулар:
1. Алынған мәліметтерді кестеге енгізіңдер.
2. Дәмдік тітіркендіргіштерді толыққанды сезіну үшін түрлі анализаторлардың байланыстарының маңызы туралы тұжырымдама жасау.
Азық түліктер | Көздер ашық, мұрын жабық | Көздер жабық | Көздер жабық, мұрын жабық |
Сірке қышқылының 2% ерітіндісі | |||
Қант | |||
Пияз | |||
Картоп | |||
Алма |
2. Дәм сезу табалдырығын анықтау.
Тілге дәмдік заттар ерітінділерінің ең төмен концентрациясын тамызғандағы туындаған дәмдік сезімді дәм сезу табалдырығы деп атайды.
...