Тыныс алу мүшелерінің аурулары мен синдромдары
Автор: Mahsudamuyutova • Ноябрь 24, 2020 • Тест • 19,888 Слов (80 Страниц) • 740 Просмотры
[pic 1]
01_01_Тыныс алу мүшелерінің аурулары мен синдромдары_ Ішкі аурулар_ қаз
$$$001. Ауруханадан тыс пневмонияның патогенін анықтағанға дейін БАРЫНША тиімді антибактериальды терапияны тағайындаңыз:
A) тетрациклин
B) гентамицин
C) ровамицин
D) бисептол
E) кефзол
{Правильный ответ}=C
$$$002. Сәулелік еммен бірге ұзақ уақыт бойы антибиотик және стероидты гормондармен емделген науқаста пневмонияның клиникалық белгілері пайда болды, кейіннен патологиялық үрдіс ішкі мүшелердің өзгерістерімен сепсис түрінде жайылды. Өкпеде жұқа қабырғалы тез іріңдейтін қуыстар табылды. Жыныс мүшелерінен ірімшік тәрізді бөлінділер бөліне бастады. Жоғарыда сипатталған өзгерістердің БАРЫНША мүмкін қоздырғышы:
A) кандидалар
B) эхинококтар
C) аспергиллалар
D) микоплазмалар
E) ішек таяқшалары
{Правильный ответ}=A
$$$003. Ағымы жедел ауру, ылғалды сырылдар, өкпенің ортаңғы - төменгі бөліктеріндегі айқындығы орташа инфильтративті көлеңкелер, жылдам оң динамика қандай дертке БАРЫНША тән :
A) саркоидозға
B) пневмокониозға
C) ошақты пневмонияға
D ) милиарлы туберкулезге
E) инфильтративті туберкулезге
{Правильный ответ}=C
$$$004. 38 жастағы ер адамда, 5 күн бойы аздаған мөлшердегі қақырық, жөтел, дене қызуының 38оС көтерілуі, әлсіздік мазалайды. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде біртекті емес ошақты көлеңке.
Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:
A) өкпе рагінің
B) жедел бронхиттің
C) ошақты пневмонияның
D ) крупозды пневмонияның
E) өкпенің ошақты туберкулезінің
{Правильный ответ}=C
$$$005. Анамнезінде, пансионаттар мен қонақ үйлерде кондиционер мен душ қолданғаны туралы көрсетілген, айқын уланумен фебрильді қызба, жөтел, диарея; лейкоцитоз лимфоцитопения, пневмонияның қандай түріне БАРЫНША тән:
A) хламидиялық
B) легионеллездік+
C) микоплазмалық
4) пневмококктық
D) стафилококктық
{Правильный ответ}=B
$$$006. Пневмококкты этиологиялы пневмонияда жоғары белсенді антибактериальды препараттарға жатуы БАРЫНША мүмкін:
A) гентамицин, амикацин
B) офлоксацин, ципрофлоксацин
C) бензилпенициллин, экстенциллин
D) фузидин қышқылы, ко-тримоксазол
E) ампициллин-сульбактам, амоксиклав
{Правильный ответ}=E
$$$007. Өкпе тінінде іріңді-деструктивті ыдырау, жалқықсыз, жұқа қабырғалы қуыс түзумен сипатталатын пневмония келесі қоздырғышпен шақырылған болуы БАРЫНША мүмкін:
A) микоплазмамен
B) клебсиелламен
C) аденовируспен
D) пневмококкпен
E) стафилококкпен
{Правильный ответ}=E
$$$008. 72 жастағы ауыр бөліктік пневмониямен ауыратын ер адам, өте жоғары дене қызуы критикалық түскенде кенеттен әлсіреп, басы айналып, құлағы шуылдап, жүрегі айнып, лоқсу пайда болды. Объективті: ер адам бозғылт, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер,ЖСЖ – 120 рет мин, жіп тәрізді пульс, жүрек үндері тұйықталған, АҚҚ – 80/50мм.с.б.б..
Науқас жағдайының кенет нашарлауының себебі болуы БАРЫНША мүмкін:
A) сепсистің
B) кардиогенді шоктың
C) өкпе артериясының тромбоэмболиясының
D) инфекциялық-токсикалық шоктың
E) жедел респираторлы дистресс-синдромның
{Правильный ответ}=C
$$$009. 47 жастағы қантты диабетпен ауыратын және пневмониямен емделіп жүрген әйел қайтадан қалтырап, шылқып терлеп, дене қызуы 39оС дейін жоғарылады. ТЖ -32 рет мин. ЖЖЖ -108 рет мин. Қанда: лейкоциттер- 18 мың, таяқша ядролы -14, сегмент ядролы -52, лимфоциттер - 34, ЭТЖ – 48мм/сағ. Қаннан алтынды стафилококк егіліп алынды. ЭхоКГ зерттеуде қақпақшалар өзгермеген.
Қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін:
...