Туберкулез деген не? Клиникалық көрінісі
Автор: Ergaliyeva03 • Май 15, 2023 • Реферат • 1,547 Слов (7 Страниц) • 317 Просмотры
[pic 1] «Казақстан-Ресей «Казахстанско-Российский
Медициналық Университеті» Медицинский Университет»
Реферат
« Туберкулезді анықтау, ауыз қуыс лимфа түйіндерінің туберкулезі »
Орындаған: Сатымбай М.М
Курс: 3 курс
Мамандығы: Стоматология
Тобы: 302 Б
Қабылдаған: Галиева Қ
КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
Туберкулез деген не? Клиникалық көрінісі
Ауыз-қуыс лимфа түйіндерінің туберкулезы (Түрлері,диагностикасы,емі)
Жақ-бет туберкулезі (Симптомтары,түрлері,диагностикасы,емі)
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМІ:
Қолданылған әдебиеттер
Туберкулез - бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез - бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының - сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.
Жұқтырудың негізгі көзі - туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.
Туберкулез адамнан адамға ауамен таралады. Жөтелгенде, түшкіргенде немесе қырғанда өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Жұқтыру үшін адамға осындай бактериялардың аз ғана мөлшерін дем алуы жеткілікті. Туберкулез қоздырғышының сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар, мысалы, микобактериялар тозаңданған, көгерген үй-жайларда адам үшін қауіпті болып қала отырып, жылдар бойы өмір сүруге қабілетті. Науқас адам жөтелгенде қақырықпен бірге, түшкіру, сөйлеген кезде қоршаған ортаға 2-6 м радиуста ауада таралатын миллиондаған микобактерияларды бөледі, олар еденге, заттарға шаңмен бірге тұнады және көптеген жылдар бойы өміршең болып қалуы мүмкін.
[pic 2]
АУЫЗ-ҚУЫС,ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІНІҢ ТУБЕРКУЛЕЗЫ
Ауыз қуысында көбінесе қызыл иек, еріндер мен таңдай туберкулезі жиі кездеседі. Зақымданудың негізгі элементі спецификалық туберкулезді төмпешік жатады. Төмпешіктер топтап, некрозды ошақтың жан жағында орналасады. Жаралар беткей орналасады, сары қызғылт қабыршақпен жабылған.
Этиологиясы.
Зақымдану көбінесе ауалы тамшылы жолмен беріледі. Инкубациялық кезең аяқталғаннан кейін, 8-30 күн ішінде ауыз қуысының кіреберісінде жаралар пайда болады, шекаралары дұры семес, түйіршікті, түсі бозғылт сұр. Туберкулезді жараның негізгі белгілері жедел қабыну белгілерінің болмауы тән, сонымен қатар ауырсыну болмайды. Жараның айналасында инфильтрат орналасады, еріннің қызыл қаймасы аймағында айқын көрінеді. Жараның пайда болғанынан 2-4 апта өткен соң, оның мөлшері ұлғая бастайды.Регионарлы лимфа түйіндері үлкейіп, тығыздала бастайды. Олар көбінесе іріндеп, ашыла бастайды. Науқастардың жалпы жағдайы нашарлайды: температурасы субфибрильді, әлсіздік, қатты тершеңдік дамиды.
...