Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Туберкулез

Автор:   •  Октябрь 10, 2018  •  История болезни  •  1,063 Слов (5 Страниц)  •  613 Просмотры

Страница 1 из 5

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина

Университеті

Білім алушының өзіндік жұмысы

Мамандығы: педиатрия

Кафедра: фтизиатрия және дерматовенерология

Дисциплина: балалар фтизиатриясы

Курс: 6

Топ: 669

Орындаған: Халитова Н.Ж.

Тексерген: Татимов Е.А.

1.Аты – жөні : Ерманов Асхат Осипович

2.Туған күні, айы, жылы : 50 жас (17.10.1968)

3.Мекен жайы: Ақтөбе қ., Алға ауданы, Бостандық көшесі 7 -25

4.Түскен күні: 02.09.2018 ж

Түскен кездегі шағымдары: дене температурасының көтерілуі 40 ºС дейін, қақырықты жөтел, оң жақ жауырын аймағында ауырсыну , әлсіздік, тершеңдік, аз салмақ тастау

Жанұясында: науқаспен бірге әйелі қызы тұрады. Науқас тексерілгеннен кейін тексерістен өткен, патология анықталмаған

Өмір анамнезі: 1968 жылы Ақтөбе қаласы Алға ауданында дүниге келген. Отбасында 2 – ші  бала. Анасында жүктілік қалыпты өткен. Тамақтануы қалыпты, толық  режимде тамақтанады. Анасы тірі. Әкесі 6 жыл бұрын туберкулезден қайтыс болған. Балалық шағы ерекшеліксіз, физикалық және интеллектуалды қалыс қалмаған. Мектепке 7 жасында барып, 10 класс бітірген. Кейін инженер мамандығына оқып білім алған. Мамандығы бойынша жұмыс жасаған.

Зиянды әдеттері: темекі шекпейді, ішімдік ішпейді.

Басынан өткізген аурулары: бала кезіндегі есінде жоқ, ЖРВИ жиі ауырады, псориаз 5 жыл, тері – венерологиялық аурулар теріс, травма операция жоқ.

Аллергологиялық анамнез: сульфат тобындағы препараттарға қышу түріндегі

Аллергиялық реакция

Санитарлық  – эпидемиологиялық  анамнез: жақсы қамтылған үйде тұрады. Соңғы 6 ай ішінде ешқайда (Алға ауданынан басқа ) шықпаған, жұқпалы аурулармен қатынасқа түспеген, үйіне басқа жақтан адамдар келмеген. Соңғы айларда жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация жасалмаған.  

Экологиялық  анамнез: Экологиялық жағынан жақсы, жақын жерде ластанған су және басқа ластау көзі жоқ.  Тамағын жалпы маркеттен немесе азық- түлік дүкенінен алады.

8.Арнайы  анамнез: БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясын, Манту сынамасының ақпараттарын айтуға , есіне түсіруге науқас қиналады. Соңғы флюорография   10 жыл бұрын, патология анықталмаған. Әкесі 6 жыл бұрын туберкулезден қайтыс болған.

Ауру анамнезі: науқас өзін 1 ай бойы ауырамын деп санайды. Алғаш симптомдар тершеңдік, жөтел, әлсіздік пайда болып, кейін салмақ тастау мен температура қосылған. Учаскелік дәрігерге қаралған. Кейде қуысының жалпы рентгенографиясынан  кейін туберкулезге күдікті болып, фтизиатрға жолданылған.

Жалпы жағдайы: орташа ауырлықта. Температура 36,8. Санасы анық, сақталған. Төсектегі қалпы белсенді, уақыт және орын ориентацисы сақталған.Нормостеник. Дене бітімі дұрыс. Бойы 178 см, салмағы 68 кг. Тері жамылғысы бозғылт.  Маңдайы мен кеудесінде дұрыс емес формалы гиперпигментация ошақтары бар.  Ылғалдылығы, тургоры және эластикалылығы сақталған. Тыртық , қасу іздері байқалмайды.  Тырнақтың жоғары сынғыштығы жоқ. Тері асты шел май қабаты біркелкі таралған. Ісіктер жоқ. Шеткі лимфа түйііндері ұлғаймаған, эластикалы, ауырсынусыз, өзара және жанындағы тіндермен жабыспаған.  Бұлшық ет жүйесі жасына және жынысына сай, пальпация кезінде ауырсынбайды. Сүйек буын жүйесі көзге көрінетін деформация жоқ. Белсенді және енжар қозғалыстар шектелмеген.

  Дем алу жүйесі

Науқастың мұрын арқылы тыныс алады,  дем алу түрі аралас , дем алу жиілігі – 22 р/мин, дем алудың тереңдігі және ырғағы қалыпты

пальпация

Пальпация кезінде кейде клеткасы эластикалы, оң жоғарғы жағында ауырсынулы. Дауыс дірілі күшейген.

перкуссия

Салыстырмалы перкуссия – сол жағында анық , оң жағында S1-2  аймағында тұйықталу

 аускультация

Сол жағында везикулярлық тыныс, оң жағында S1-2  аймағында кішкене көпіршікті сырыл, S4-5 тыныс әлсіреген. Бронхофония  S4-5, S1-2  оң жағында күшейген.

...

Скачать:   txt (15.2 Kb)   pdf (168.2 Kb)   docx (69.3 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club