Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Этил спиртінің клиникалы-фармакологиялық сипаттамасы

Автор:   •  Апрель 15, 2018  •  Реферат  •  1,484 Слов (6 Страниц)  •  1,285 Просмотры

Страница 1 из 6

С.Ж. Асфендияров атындағы

Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

[pic 1]

Казахский Национальный Медицинский Университет имени

С.Д. Асфендиярова

Фармакология кафедрасы

СРС

Тақырып: Этил спирті

Орындаған: Қартанбаев Б.Б.

Тексрген: Сатбаева Э.М.

Алматы 2016


Жоспар:

  1. Этил спиртінің клиникалы-фармакологиялық сипаттамасы
  2. Этанолдың фармакокинетикасы
  3. Этанолдың фармакодинамикасы
  4. Этанолмен улану
  5. Этанолдың дәрі-дәрмектермен әсерлесуі

Алкоголь – құрамында медициналық препараттық қасиеті бар зат, адам организімінде табиғи зат алмасу жүретін уытты ксенобиотик, тағамдық азық – түліктер және алиментарлық себеп шарттармен дәрілік терапия жүргізу кезінде әсерлесуіне қандай да бір себептер ықпал етуі мүмкін.

        Алкоголь және алкогольдық сусындар адам организмінде көптеген дәрі – дәрмектердің метоболизміне жағдайсыз әсер етуі мүмкін. Бір немесе созылмады түрде этил спиртін қолдану қатарынан бірнеше дәрі – дәрмектерді тағайындауға кері әсерін тигізеді. Тұрмыстық улану арасында этил спиртімен улану көп жылдан бері алдыңғы орынды алады, біздің елде өлім – жітім жағдайы көптеп саналады.

        Дәріхана маманы үшін алкоголь мен дәрілердің қарым-қатынасы, осының барлығы этил спиртінің адам организміне әсер етуіне себепші болады.

Этил спиртінің клиникалы-фармакологиялық сипаттамасы

        Этанол (этил спирті, шарап спирті) – мөлдір, түссіз, ұшып кететін және жеңіл жанатын сұйықтық, өзіне тән иісі және күйдіргіш дәмі бар. Қандай жағдайда болмасын сумен араластырады. Жақсы ерітінді болып саналады.

Барлық дәрі – дәрмектер сияқты этил спирті де өзіне тән фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктерімен ерекшеленеді.

Этанолдың фармакокинетикасы

Сіңуі. Этанол асқазан – ішек трактісінен жақсы (жылдам және толық) сіңеді. Жүйелік қан айналысына препараттың түсу жылдамдығы оның қоюлығына байланысты және шырышты қабатпен байланыс ұзақтығы ретке келтіріледі. Этанолдың сіңуі ауыз қуысынан және өңештен басталады, 20 пайыздайы асқазанға және 80 пайыздайы ұлтабарға сіңеді. Концентрациясы 30 пайызға дейін көтерілсе сіңу жылдамдығы артады, ал концентрациясы 40 пайыздай немесе одан да жоғары болса – бәсеңдейді. Асқазандағы бар заттардың орын ауыстыруын бұзады, сілемейдің артық пайда болуын ширатады, асқазанның қабырғасын бүркемелейді және сіңуді бәсеңдетеді, жергілікті тамырдың қысылуына әсер етеді, бұл сілемейлі қабыққа 40 пайыз ерітіндінің тұтқыр әсер етуіне байланысты болады.

Аш қарынға қабылдағанда этанолдың барынша концентрациясы қанға 30 минуттан жетеді.

Этанолды қабылдамастан бұрын асқазан тағамға толып тұрса, әсіресе бүркемеліш қасиеті бар (картоп, май, ботқа және т.б.) тағамдар, сіңуі едәуір бәсеңдейді. Этанолдың қанға келіп түсуін бәсеңдетеді, сонымен қоса тәтті шараптардың құрамында болатын қантты және оны алмастыратын заттектерді. Көміртегі газдары бар сусындар, керісінше этил спиртінің сіңуін едәуір арттырады, өйткені ішектегі қан айналысын ширатады.

Қандағы этанолдың концентрациясын (пайыздық) ішілген спирттің (40 пайызды) (мл көлемінде) 0,0064 коэфициентіне көбейту арқылы санауға болады. Керісінше қандағы этанолдың (пайыздық) концентрациясын білсе, онда 156 коэффициентіне көбейту арқылы спирттің (мл көлемінде) қанша ішілгенін анықтауға болады. Алкогольды сусындарды анықтағанға дейін бірнеше сағат бұрын қабылдаған болса, онда биоөзгеру жылдамдығы ескеріледі (70 кг салмағы бар дені сау ер адамдар үшін 25 мл/сағатына).

...

Скачать:   txt (24.2 Kb)   pdf (518.9 Kb)   docx (649.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club