Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоңырау шалған жерлерде жануарлардың клиникалық көрінісін тексеру және емдеу

Автор:   •  Март 30, 2018  •  Реферат  •  788 Слов (4 Страниц)  •  804 Просмотры

Страница 1 из 4

Қоңырау шалған жерлерде жануарлардың клиникалық көрінісін тексеру және емдеу. Жануарлар ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу.

Негізгі ережелер бойыншаең алдымен жануардың клиникалық жағдайын анықтайды: дене қызуын ,жүрек соғысының тыныс алуының жиіліктерін анықтайды,көзге көрінетін кілегей қабықтардың жағдайын ,зақымданған мүшенің орналасуын және фукционалдық жағдайын зерттейді.Тек содан кейін ғана барып жараны зерттеуге кіріседі.Бұл кезекте 25 қайда және қандай жағдайда жара пайда болды,қандай заттан жара пайда болды,оның түрін және топографиялық орналасуын анықтайды ,сонымен қатар кіммен және қай жерде алғашқы көмек көрсетілді. Содан кейін жараға ішкі және сыртқы зерттеулер жүргізеді. Егер жара бинттелген болса онда жараға таңғыштың дұрыс тағылғаның анықтайды,ол қанмен немесе экссудатпен ылғалданған, ластанулар немесе олардың сипаты бар ма соны анықтайды. Таңғышты алғаннан кейін жүнді жамылғының жағдайын,терінің зақымдану дәрежесін,ісінудің көлемін,инфильтратты немесе пролифератты , экссудаттың сипатын анықтайды.Кейін сутек тотығына немесе 0,5%-дық мүсәтір спиртіне малынған тампондармен ластанулар мен экссудатты жояды. Олардың жараға түспеуі үшін ,оларды жараның ортасынан периферияға қарай жуады.Кейін жараны йодталған (1:1000) спирт сіңген тампонмен немесе қағаз майлықтарымен жауып қояды.Ластанулар мен экссудатты жойып болғаннан кейін жараға шаштың түсуінің алдын алып, жараның қасында 5-7 см еңді жүнді жамылғының таңдап алып оны қайшымен қиып тастайды.Қырылып тасталған тері мұқият кептіріп,оған 5%-дық спирттійодтты ерітіндісін жағып қояды.         Кейін пальпация арқылы домбыққан аймақтардың ширақталған ұлпалардың дәрежесін ,флюктуация белгілерін (абсцесс, гематома), крепитацияны,газды көпіршіктердің шығуын (тері асты эмфизема, анаэробты флегмона, газды гангрена) анықтайды. Жараның көлеміне,пішініне, тереңдігіне, қырларының жағдайына және жараның түбіне, жарақатталған ұлпалардың сипатына,қатып қалған және өліп қалған ұлпалардың болуына,қалталардың,жарада бөгде заттардың болуына назар аударады.Егер кеуде қабырғасы зақымдалған болса онда өкпеге аускультация мен перкуссия жасайды.Құрсақ қабырғасы мен жамбас аймағы жараланса онда нәжіспен зәрде қан араласуымен мүмкін деген мақсатта оларды зерттейді. Жараны ішкі зерттеуді ең алдымен қараудан бастайды.Жараны қарамас бұрын ең алдымен новокаинді инфильтратталған анестезияны жасау қажет жараның ұлпасына енгізу жолы арқылы 0,25%-дық антибиотикпен новокаин ерітіндісін немесе фурацилинді енгізеді.Бұл жануардың маза кетуінің жойылуына және жарада өсіп жатқан микрофлораның өсуінің кедергі болуына себеп болады. Сосын жараның ілгектері арқылы жараны үлкейтіп зақымдану деңгейін және түбінің, қабырғаларының грануляция жағдайын анықтайды,экссудаттың саны мен сапасын оның құрамында қоспалардың көгілдір түсті сұйықтықтың ,сілекейдің,зәрдің,астық көлемнің,бөгде заттардың болуын анықтайды сосын оларды жояды. Кейін жараны зондтауға кіріседі: тереңдікті,қабат-қабат болуын, қуыстарды, қалталардың ,бөгде заттардың болуын анықтайды.Зондттауды резинке қолғаппен қорғалған сұқ саусақпен жасайды.Бұндай зондтау ұлпалардың жағдайы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді, артерияның соғуының жиілігін анықтауға,венаның көлемі мен орналасуын,жүйке өзегі және т.б анықтайды.Егер жара терең және тар болса онда оны зондттау үшінстерильді сантиментрлерге бөлінген жұмырбас сүңгіні ,браншасы жұмылған корнцангты,эбонитті кататерді пайдаланады. Зондттау кезінде күш қолданбай жүргізу қажет,өйткені олай болмаған жағдайда өкпектеу мен ұлпалардың жіктелуі пайда болуы мүмкін оның нәтиежесінде тереңдікке ластанулар мен микроорганизмдердің енуі мүмкін.Зондтау үлкен диагностикалық және прогностикалық мәнге ие және келесі кешенді емдік процедураларды анықтауға мүмкіндік береді.Жараның диагностикалық зерттелуі әдеттегідей хирургиялық өңдеумен аяқталуы тиіс,сондықтанда құралдарды тек зерттеу үшін емес сонымен қатар хирургиялық операциялар үшін бір уақытта дайындайды.Егер де хирургиялық өңдеуді өткізуге жағдай жоқ болса онда жараның ішкі зерттеуін жүзгізуге болмайды. Жарақаттанған жануарға алғашқы көмек дереу көрсетілуі тиіс.Жараны және оның аймағын 5%-дық спиртті-йодтты ерітіндіні жағады және оған сол ерітіндіге дәл мөлшері жағынан бірдей дистиллденген немесе қайнатылған су қосады енді қосылған ерітіндіге дымқылданған стерильді дәкелі тампонмен жараның бетін жабады.Егер де тампон болмаса, онда жараға құрамында бор қышқылы ,йодоформ,сульфаниламидтері бар бактериоцидтік ұнтақты немесе трицилинді себуге болады.Егер қатты қан кетулер немесе травматикалық шоктың белгілері пайда бола бастаса онда тез арада резиңке бұрауды немесе қысып байланған таңғышты таңады және шокқа қарсы дәрілерді енгізеді(«Қан кету»,»Травматикалық шок» бөлімдерәнен қара).Жануарға толық тыныштық береді тек содан кейін білікті мамандар көмек көрсетеді. Жараны емдеу кешенді болуы тиіс. Жаралық процесттің бірінші фазасында мыналарды жасау қажет:жара аумағында тыштықтық құру,қатты тітеркенуден жүйке орталықтарын ауырсыну импульстары арқылы ескерту,жарадан өлі ұлпалардың ,микробты және т.б ластанулардың жойылуына ықпал ету,инфенцияның алдын алу қажет,жануардың азықтануына күтіміне жақсы жағдай жасау арқылы организмнің жалпы резистентілігін арттыру қажет. Жаралық процесстердің екінші фазасында мыналарды жасау керек:тыныштықпен дозаланған моционды үйлестіру,грануляцияны тітікендіруден, зақымданудан және ерте қара қотырланудың пайда болуынан сақтау, грануляция, эпителизация, қара қотырлану процесстерін басқару, эпителизация процессін ынталандыру,жаппай тыртықтың пайда болуын алдын ала ескерту және оның босалуына себептесу. Жаралардың сипатына және онда болып жатқан процесстеріне байланысты жараларды емдеудің ашық және жабық әдістерін қолданады. Жабық әдістің мәні жараға жіп, қорғаныш сорып алғыш, антисептикалық, асептикалық таңғыш салуда. Оны пайдалану көрсеткіштері хирургиялық өңдеуден кейінгі оталық, жаңа кездейсоқ және оқтан болған жаралар, сонымен қатар механикалық, химиялықжәне басқа да антисептикалық өңдеуге ұшыраған іріңді жаралар болып табылады. Бұл әдіс жаралардың шіріткіш және анаэробты микрофлорамен жұқтырылу күмәні 27 туған кезде және оның жарада дамуының бірінші белгілері пайда болған кезде мүлдем жарамсыз. Жараларды ашық әдіспен емдеу жіп және таңғыш салусыз жүзеге асырылады(сур. 10 а,б ). Оны пайдалану көрсеткіштері бірінші фазасында анаэробты инфекция белгілерімен ерте процесс, ал екінші фазасында – нәжіспен және топырақпен жеңіл ластанатын шеткі және басқа мүшелерінің жараларынан басқа, гидремиялық грануляциялармен толтырылған жаралар жатады. Мұндай жерлерді жара беткейімен жанаспайтын қаңқалық таңғышпен қорғайды. Жараны ашық әдіспен емдеу анаэробты инфекцияның дамуын ескертетін және грануляциямен толып қалған жараны эпителизациялау кезеңінде аэрациялауға ұсынылған оларға күн радиациясын қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

...

Скачать:   txt (12.4 Kb)   pdf (90 Kb)   docx (13.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club