Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алкоголизм и туберкулез

Автор:   •  Ноябрь 29, 2018  •  Реферат  •  340 Слов (2 Страниц)  •  884 Просмотры

Страница 1 из 2

   Екі немесе бірнеше аурудың ағзада қабаттасып кездесуі өзекті мәселе, әсіресе туберкулез бен маскүнемдік жиі кездесетін және әлеуметтік маңыздылығы жоғары патологиялық жағдай. Зерттеушілердің пікірінше, туберкулез бен маскүнемдіктің арасында белгілі бір шарттылық бар: маскүнемдік туберкулездің пайда болуына мүмкіндік туғызса, ал туберкулез маскүнемдіктің дамуына алғышарт болып табылады. 86,7% жағдайда маскүнемдік жалғыз дамиды және 13,3% жағдайда ғана туберкулезбен сырқаттанушыларда маскүнемдік туындайды. (1)

   Әдеби деректерге сүйенсек, екі нозологияның бірлесіп кездесу жиілігі кең ауқымда – 22,4% дан 65,0% ға дейін. Бұл екі түрлі патологияның  коморбидтілігі «клиникалық заңдылық» екенінің дәлелі. (2) Екі аурудың осыншама жиі бірлесіп кездесуі, олардың дамуының ортақ патогенетикалық – биологиялық, әлеуметтік, психологиялық факторларының бар екендігін жобалайды.(3)
   Ұзақ уақыт алкогольмен улану ағзадағы зат алмасу процессінің бұзылуына,  ішкі ағзалардың дегенеративті және деструктивті өзгерістеріне алып келеді, нәтижесінде туберкулездің дамуына қолайлы жағдай туындайды. (4) Ішімдікке салыну - ағзаның жалпы қорғаныш жүйесін азайтады. Созылмалы маскүнемдіктің жалпы клиникалық белгілері клинициттерге жақсы мәлім, бауырдың функционалды қабілеттілігінің бұзылуы, басқа да ағзалардың токсикалық зақымдалуы: жедел улан, кардиомиопатия, созылмалы гастрит, холецистопанкреатит, анорексия. Осылайша , созылмалы алкоголизм кезінде, әсіресе 2 және 3 сатысында, өкпе туберкулезі жиі дамиды.(5) Созылмалы маскүнемдіктен жапа шегетін адамдар көбіне профилактикалық тексерулерден бой тасалайды. Маскүнем адам дәрігерге өте кеш қаралады. Бұл өз кезегінде туберкулез ағымын ауырлата түседі.

...

Скачать:   txt (5.1 Kb)   pdf (91.7 Kb)   docx (11.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club