Тест по "Фтизиатрии"
Автор: Sholpan9912 • Июль 29, 2021 • Тест • 1,749 Слов (7 Страниц) • 443 Просмотры
#1
10 жасар сәбиге балалар емханасында Манту сынамасы қойылды, күрт оң нәтижені берді – папула өлшемі 16 мм болды. Шағымдары жоқ. Туберкулезбен ауыратын науқаспен қатынас жоққа шығарылды. БЦЖ тыртығы – 4мм. Мойын, бұғана үсті-асты, шынтақ және шап шеткі лимфа түйіндері бұршақ тәріздес көлемде ұлғайған. Рентгенде: өкпесі таза, өкпе суреті күшейген, сол жақ түбірі кеңейген, құрылымсыз, бағаналы бронх жолағы тарылған.
Аталған болжам диагноздарының ішінде ең ықтималы қандай?
А) Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, кіші форма
В) Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, ісікті форма
С) Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, әктену формасы
D) Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, ыдырау формасы
Е) +++Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, инфильтратты форма
#2
Бала С., 9 жаста. Жалпы селқостық, субфебрильді дені қызуы, жиі отит және кератоконьюнктивиттер шағымдарымен тексерілді. Рентген суретінде: оң жақ өкпенің С1 инфильтратты өзгеріс көрінеді. Ол үлкейген трахеобронхиалды лимфа түйіндерімен жол арқылы байланысып жатыр.
Ең ықтимал болжам диагнозы қандай болады?
A) Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі
B) +++Біріншілік туберкулезді комплекс
C) Инфильтративті туберкулез
D) Деструкциялы пневмония
E) Ошақты-косылмалы пневмония
#3
Бала У., 3 жаста, салмақ тастаған, қозғыш, коньюнктивит, отит, жөтел ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Ентігуі жоқ, температура субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультативті - әлсіз тыныс. Рентгенде - өкпенің сол жақ (С1-2) бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтративті көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес. Манту сынамалары: 1 жаста – 8 мм, 2 ж. – теріс, 3 ж. – 17 мм.
Тексеру кезіндегі туберкулин сезімталдығының ең лайықты сипаты қандай?
A) Нормергиялық белгі
B) Теріс анергиялық белгі
C) +++Гиперергиялық белгі
D) Оң анергиялық белгі
E) Гипоергиялық белгі
#4
*!14 жастағы жасөспірімде дене қызуының 38оС жоғарлауына, тізесінің алдында беткей түйінді эритема, майда буындарында сыртқы өзгеріссіз артралгия байқаладлы. Анамнезінде: туберкулезбен ауырған әкесімен қатынаста болған. 2 ТБ Манту сынамасы- 8 мм. Қарап тексергенде өзгерістер жоқ. Рентгенологиялық тексеруде өкпе түбірінде өкпе суретінің күшеюі, түбірдің сыртқы шекарасы дөңестелген, оң жақ өкпе түбірі деформацияланған және кеңейген.
Төменде аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ТИІМДІ болжама диагноз?
- +++оң жақ кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі инфильтрация кезеңі
- оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің ауруханадан тыс пневмониясы
- оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі
- оң жақ біріншілік туберкулезді кешен инфильтрация кезеңі
- оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің туберкулемасы
#5
10 жасар балаға емханада Манту сынамасы қойылды, нәтижесі папула11 мм. Фтизиатрға жіберіліп, тексерілді. Туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым-қатынас анықталған жоқ. Интоксикация белгілері жоқ. Тері жабындылары қалыпты, таза. БЦЖ тыртығы 2 мм. Микрополиадения симптомы оң. Рентгендік тексеру кезінде сол жақ өкпе түбірінде бронхопульмоналды лимфа түйіндерінің кальци тұзы жиналған конгломераттары табылды. Негізгі бронх саңылауы тарылған.
Аталғанның ішінде Ең ықтимал алдын ала диагнозыңыз қандай?
A) КІЛТТ, инфильтрация фазасында
B) КІЛТТ, сорылу фазасында
C) +++КІЛТТ, әктену фазасында
D) КІЛТТ, ыдырау фазасында
E) КІЛТТ, себілу фазасында
#6
Орталық жүйке жуйесінің туберкулезді зақымдалуымен 12 жасар А. науқаста жоғары дене қызуы үстінде тырысулар, орталық салданулар мен жартылай салданулар, белбеу тәрізді қатты ауру сезімі байқалады. Аталғанның ішінде туберкулездің қандай клиникалық формасына тән белгілер?
А) ӨДТ менингеальды формасы
...