Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көрші дыбыстардың үндесуіне әсер ететін факторлар

Автор:   •  Май 2, 2023  •  Реферат  •  2,342 Слов (10 Страниц)  •  175 Просмотры

Страница 1 из 10

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық  қазақ-түрік университеті

                                Филология факультеті

                           Қазақ филологиясы кафедрасы

 БӨЖ

Тақырыбы: Көрші дыбыстардың үндесуіне әсер ететін факторлар

                                Қабылдаған: Молдашева Ақзия

                                Орындаған:   Серикбаева Динара

                                Тобы: ФҚӘ-111

Жоспар:

1. Сингармонизмді алғаш қазақ тілінде жан-жақты баяндаған  кім?

2.Сингармонизм тек дауыстылар гармониясы емес, сөздің құрамындағы барлық дыбыстардың гармониясы (дауыстылардың, дауыссыздардың) екендігіне талдау.

3.А.Байтұрсынов пен Х.Досмұхамедұлының сингармониялық концепцияларынан ғылыми ұғымдар қабылдағанына ғылыми түсініктеме.

1. Сингармонизмді алғаш қазақ тілінде жан-жақты баяндаған  кім?

Дауыстылардың тілдің қызметіне орай бір сөз көлемінде не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып ыңғайласып, үйлесіп келуін тіл үндестігі дейді. Түркі тілдерінде, әсіресе қазақ тілінде сингорманизм заңы алдымен тіл үндестігі түрінде танылып келді, яғни тіл үндестігі сингорманизмге синоним болып та қолданылады. Өйткені бұл заң тіліміздегі байырғы сөздерді түгел қамтиды, ал ерін үндестігі жазудың негізінде елеусіз қалып келді.
Тіл үндестігінің өзін екіге бөліп қарау керек болады: түбір тұрғысынан және түбір мен қосымшалардың ара қатысы тұрғысынан.
Қазіргі қазақ тілінде түбір сөздер буын құрамына қарай көбіне бір буынды (
бас, көз, қол, ақ, көк, бір, үш, ал, кел, жаз, күз), екі буынды (ауыз, құлақ, адам, жылқы, қара), үш буынды (көбелек, мұғалім, мемлекет, мақала), қала берді төрт-бес буынды (университет, институт, ассимиляция) болады. Соның өзінде көп буынды түбірлер – негізінен кірме сөздер: мемлекет, мұғалім, университет, институт. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай жуан буынды немесе жіңішке буынды болып келледі. Бұл – бұлжымайтын заң-сингорманизм.
           Сингармонизмді алғаш қазақ 
тілінде жан-жақты баяндаған, жеріне жеткізе айтқан – Досмұхамедұлы Халел. Ол: «қазақ тілінің өзіне меншікті түпкі сөзінің қайсысын алсаң да, түбір сөз болсын, туынды сөз болсын, сөздердің ішіндегі көп өзгерістерден қай қалғаныңды алсаң да, бәрінің сингармонизм заңымен жүріп, осы заңды қолданылып, бұл заңнан титтей шетке кетпейтін көресің. Қазақ тілінде сингармонизм заңына көнбейтін сөз, сөз өзгерісі жоқ»,-дейді. Халел айтатын сингармонизм – тіл үндестігі. Тіл үндестігін Халелше түсініп, Халелше пайымдаған абзал.
Ертеректе енген араб-парсы сөздерін айтпағанда, орыс тілінен енген сөздердің өзі де 
аралас буын қалпынан ажырап, бірыңғай буынды болып қалыптасты: бәтеңке, бөрене, кәмпит, көшір, нөмір, резеңке, сәтен.
Тіліміздегі қосымшалар орыс тілінен енген сөздердің де соңғы буынына сәйкес жуан не жіңішке жалғанады. Алайда орыс тілінде буындардың жуан не жіңішкелігі көбіне дауыссыздарға байланысты болады да, оларды айыру оңай бола бермейді. «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде» осыған байланысты:

а)  рк, нк, ке, кт сияқты дауыссыздар тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрінде жалғанады. Мысалы: цех-тар, тарих-тың.
ә) 
Х әрпіне біткен сөздерге қосымшалар әр уақытта жуан түрінде жалғанады.
б) «
ль әріптеріне біткен бір буынды сөздерде қосымшалар жіңішке түрінде жалғанады»,-дейтін арнайы ескерту болды.

 2.Сингармонизм тек дауыстылар гармониясы емес, сөздің құрамындағы барлық дыбыстардың гармониясы (дауыстылардың, дауыссыздардың) екендігіне талдау.

Сингармонизм – гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.

...

Скачать:   txt (31.4 Kb)   pdf (145.5 Kb)   docx (16 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club