Созылмалы пиелонефрит
Автор: manatzharm • Май 24, 2022 • История болезни • 1,256 Слов (6 Страниц) • 348 Просмотры
Ауру тарихы
Орындаған:Жармаханова Манат
Тобы:306А
Ауру тарихы
І.Паспорттық бөлім
Аты-жөні,тегі: Есентаева Ажар Тауекелқызы
Науқастың жасы: 08.01.1953(69 жас)
Ауруханаға түскен күні: 17.04.2022 сағат 11:45
Ауруханаға түсу реті: шұғыл
Мамандығы: Зейнеткер
Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Алия Молдагулова 16
Алғашқы диагноз: Созылмалы пиелонефрит, латентті ағым, өршу
сатысы, белсенділік дәрежесі I. Екі жақты нефроптоз.
Сонгы клиникалык диагнозы: Созылмалы пиелонефрит, латентти ағым,өршу сатысы, белсенділік дәрежесі II. Eki жақты нефроптоз.
Шағымдары: дене температурасын 38 С-қа дейін жоғарлауы,әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, тершеңдік, бел аймағында екі жақтың ауырсынуы, иррадиациясыз, тұрақты емес, спазмолитиктермен басылады, жиі зәр шығару, ауырсынусыз аз порциямен,никтурия.
Anamnesis morbi:
Науқасты белдегі ауырсыну 2 жылдан бері мазалайды. 2014 жылы қарашада бүйректі УДЗ-ғa түсірген кезде екі жактан нефроптоз анықтаған. Науқас осы 2 жыл ішінде дарігерге каралмаган.Ешқандай ем қабылдамаған. Бұл жолы жағдайынын нашарлауы 4 күн дене температурасының 38 C-қа дейін көтерілуі, тәбетінің төмендеуі, бел аймағындағы ауырсыну, жиі зәр шығарумен көрінген. Науқас үйінде температураны түсіру үшін парацетамол, ауырсынуды басу үшін спазмолитик но-шпа қабылдаған. Дәрілерден кейін науқастың жағдайы жақсармағаннан кейін жедел жәрдем шақырған. Қазыргі кезде ОКА -да емделу мақсатымен нефрологиялық бөлімшеде жатыр.
Anamnes vitae:
Науқас 1971 жылы мұғалімдер отбасында дүниеге келген, тұрмыстық жағдайы орташадан жоғары. Балалық кезінде қатарластарынан физикалық, ақыл-ой кемшілігі болмаған. Өз жасына сай дамыған. 45 жыл бойы кеңсе қызметкері болып жұмыс жасаған. Кәсіби зиянды заттармен жұмыс жасамайды, үнемі компьютер алдында отырған және қозғалысы аз болған. Менструалды цикл 14 жастан басталып ,28 күнде 3 күннен келген. Гинекологиялық аурулары жоқ.Әкесінде артериалды гипертензия болған. 60жасында инсульттен қайтыс болған. Анасында аорта атеросклерозы диагнозы қойылған. Үйленген 3 баласы бар. Әскерде болмаған. Тұрмыс жағдайы жақсы. Туберкулез, вирусты гепатит, тері-венерологиялық сияқты жұқпалы аурулары жоқ.
Аллергоанамнез: тыныш, жоқ. Гемотрансфузия жоққа шығарады.
Зиянды әдеттері: Зиянды әдеттері жоқ
Тұқымқуалаушылық: жоқ.
Қарау:Науқастың жағдайы орташа ауырлық дәрежеде интоксикациялық ауырсыну, дизуриялық синдромдар әсерінен. Есі анық, есте сақтау төмендеген, сұрақтарға біркелкі жауап береді. Менингиальды белгілер мен парездер жоқ. Дене температурасы 37С. Тері жамылғысы таза, ылғалды, перифериялықісінулер жоқ. Тырнақ пластинкалары деформациясы жоқ. Бұлшықет тонусы сақталған,пальпация кезінде ауырсыну жоқ.
Дене қалпы:Нормастеник.
Тері жамылғысы: Физиологиялық түсі құрғақ,беті ісінген. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, ауырсынуы жоқ.
Тыныс алу жүйесі: Қарау кезінде кеуде торы цилиндрлік формада, екі өкпе де тыныс алу актіне симметриялы қатысады, перкуторлы-ашық өкпелік тыныс, аускультативті өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Ентігу жоқ. ТАЖ: 17
Пальпацияда: Кеуде клеткасының серпімділігі, эластикалық қасиеті сақталған. Дауыс дірілі екі жақ өкпесіне біркелкі таралады. Салыстырмалы перкуссияда: өкпе үстінде анық өкпелік дыбыс.
[pic 1]
[pic 2]
Аускультацияда: Өкпе үстінен тыныс барлық алаңында везикулярлы, сырыл жоқ.
Жүрек-қантамыр жүйесі:
Жалпы қарағанда: жүрек тұсында ешқандай өзгерістер жоқ. Мойын тамырларының тұсында ісіну, патологиялық соғу байқалмайды.
Жүрек ұшы соққысы V қабырға аралығында, бұғана орта сызығынан 0,5 см ішке қарай пальпацияланады. Ені 2 см, көлемі 2 см, орташа күшті
Аускультацияда: жүрек ырғағы дұрыс, жүректондары жеткілікті дыбысты, жүректің соғу жиілігі минутына 80 рет. Артериялық қан қысымы 120/80 мм сынап бағанасында. Екі қолының білек артериясында пульс жиілігі бірдей, 80 рет.
...