Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Практическая работа по "Фармакологии"

Автор:   •  Декабрь 10, 2022  •  Практическая работа  •  5,157 Слов (21 Страниц)  •  116 Просмотры

Страница 1 из 21
  1. Стерильді дәрілік заттардың тұрақтылығын анықтайтын индикаторларды таңдау (инъекциялар мен инфузияға арналған ерітінділер, стерильді ұнтақтар және т.б. (ҚР ГФ I, 1 том)).

Биологиялық индикаторлар стерильдеу процедурасының тиімділігін бағалау үшін пайдаланатын белгілі бір микроағзалардың стандартталған препараттары болып табылады.Әдеттеолар тиісті инертті тасымалдағышқа тамызылған бактерия спорларының популяцияларынан тұрады. Инокульденген тасымалдағышты оның зақымдануы немесе ластануы болмайтындай, бірақ стерильдеуші агенттің микроағзалармен жанасуын қамтамасыз ететіндей етіп оқшаулайды. Тұқымдар суспензиялары бітелген ампулалардаболуы мүмкін. Биологиялық индикаторларды белгілі бір шарттарда сақталатындай етіп дайындайды; оларды сақтау мерзімі орнатылады. Биологиялық индикаторлар өндірісі үшін пайдаланылатын бактериялар тәрізді сол түрдегі микроағзалар стерильдеуге жататын сұйық өнімге немесе сондай түрдегі стерильденуі тиіс сұйық өнімге тікелей енгізілуі мүмкін.Мұндай жағдайда сұйық өнімнің тұқымдарға, әсіресе олардың өсуіне ингибирлеуші әсер етпейтіндігідәлелденуі тиіс. Биологиялық индикатор стандартты микроағзалар ретінде пайдаланатын бактериялар түрлерінің атауымен, бастапқы коллекциядағы штамм нөмірімен, тасымалдағыштағы тіршілікке қабілетті тұқымдар мөлшерімен және D шамасымен сипатталады.D шамасы-микроағзалардың тіршілікке қабілетті жасушалар санын олардың бастапқы санынан 10 %-ға дейін төмендетуге қажеттістерильдеу (ұзақтығы немесе жұтылған дозасы) параметрінің саны.D шамасы стерильдеудің нақтыбелгілі бір эксперименттік шарттары үшін ғана мағыналы болады. Биологиялық индикаторда тек көрсетілген микроағзаларболуы тиіс. Құрамында бір тасымалдағышта бактерияның бірден артық түрі болатын биологиялық индикаторларды пайдалануға рұқсат етіледі. Қажетті қоректікорта және инкубациялау шарттарытуралы ақпарат көрсетілуі тиіс. Индикаторлы микроағзалардыстерильдеуші агент үшін өте аз қол жетімді эмпирикалық анықталған немесе мүмкін болса, алдын ала өлшеу негізіндеаймақтарда орналастыру ұсынылады. Бұл аймақтарды эмпирикалық немесе мүмкін болса, алдын ала физикалық өлшеулер негізінде анықтайды. Стерильдеуші агенттің әсерінен кейінтұқымтасымалдағыштарды сынау үрдісінде микробтық ластанудыңалдын алу үшін асептика ережелерін сақтай отырып, қоректік ортаға салады. Қоректік ортасы бар ампула инокульденген тасымалдағышты қорғайтын орамға тікелей салынған индикаторларды пайдалануға рұқсат етіледі. Индикаторлы микроағзаларды таңдаудыкелесі талаптарды ескереотырып,жүзеге асырады: − стерильдеудің нақты әдісіне өнімді үнемі ластайтын микроағзалар тұрақтылығымен салыстырғанда тест-штамның тұрақтылығы жоғары болуы тиіс; − тест-штамм патогенді емес болуы тиіс; − тест-штамм оңай себілуітиіс. Ингубациялаудан кейін стерильдеуге ұшыраған стандартты микроағзалардың өсуі байқалса, ол стерильдеу процедурасының қанағаттанарлықсыз жүргізілгенін көрсетеді. Бумен стерильдеу. Стерильдеу циклін валидациялау үшін бумен стерильдеугеарналған биологиялық индикаторларды пайдалану ұсынылады. Geobacillus stearothermophilus (мысалы, АТСС 7953, NCTC 10007, NCIMB 8157 немесе CIP 52.81) тұқымдарын немесеэквиваленттік тиімділік көрсеткен микроағзалардың басқа штамдарынпайдалану ұсынылады. Тасымалдағыштағы тіршілікке қабілетті тұқымдар саны 5 х 105 -тен артық болуы тиіс. 120 о С температурадағы D шамасы 1.5 мин-тан кем емес болуы тиіс. Биологиялық индикаторларды (121+1) о С температурада 6 мин бойы бумен өңдегенде тіршілікке қабілетті тұқымдардыңсақталуы байқалуы мүмкін, ал осы температурада 15 мин бойы өңдеу стандартты микроағзалар толық өлгенше жүргізілуі тиіс. Құрғақ қыздырумен стерильдеу. Биологиялық индикаторларды алуүшін Bacillus atrophaeus (мысалы, АТСС 9372, NCIMB 8058 немесе CIP 77.18) немесеэквиваленттік тиімділігі дәлелденген микроағзалардың басқа штамдары ұсынылады. Тасымалдағыштағы тіршілікке қабілетті тұқымдар саны 1 × 106 -дан артық болуы тиіс. 160 о С температурадағыD шамасы 2.5 мин-тан кем болмауы тиіс.Шыныдан жасалған бұйымдарды стерильдеу және депирогендеу үшін 220 о С-ден артық температурадағы құрғақ қыздыруды жиі пайдаланады. Бұл жағдайда биологиялық индикаторлардың орнына, ыстыққа төзімді бактериялық эндотоксиндердің үш ретке төмендегені туралы дәлелдемені пайдалануға болады. Радиациялық стерильдеу. Биологиялық индикаторлар сәулеленудің орнатылған дозасының тиімділігін бағалаудың әсіресе жылдамдатылған электрондармен стериль- деу шарттарындағытәрізді бұрынғы операциялар мониторингісі үшін пайдаланылуы мүмкін. Ағымдағы операциялардың мониторигі үшін Bacillus pumilus (мысалы, АТСС 27142, NCTC 10327, NCIMB 10692 немесе CIP 77.25) немесе эквиваленттік тиімділігі дәлелденген микроағзалардың басқа штамдары ұсынылады. Тасымалдағыштағы тіршілікке қабілетті тұқымдарсаны 1 х 107 -ден аспауы тиіс. Dшамасы 1.9 кГр-нанкем болмауы тиіс. Биологиялық индикаторды 25 кГр дозамен (минималды жұтылған дозасы) сәулелендіргеннен кейін стандартты микроағзалардың өсуі байқалмайтынына көз жеткізу қажет. Газдық стерильдеу. Газдық стерильдеудің барлық процедуралары үшін стерильдеу циклдерін валидациялау үшін де, бұрынғы операциялар үшін де биологиялық индикаторларды пайдалану қажет. Газдық стерильдеу медицинаға арналған бұйымдар, оқшаулағыштар, камералар және т.с.с. үшін кеңінен пайдаланылады. Бұл әдістің осы мақсатта пайдаланылуы фармакопея шегінен шығып кетеді. Этиленоксид үшін Bacillus atrophaeus (мысалы, АТСС 9372, NCIMB 8058 немесе CIP 77.18) тұқымдары немесе Т эквиваленттік тиімділігі дәлелденген микроағзалардың басқа штамдарын пайдалану ұсынылады. Тасымалдағыштағы тіршілікке қабілетті тұқымдар саны 1 × 106 -дан артық болуы тиіс. Тұрақтылық параметрлері келесідей болуы тиіс:этиленоксид концентрациясы 600 мг/л, температурасы 54 °С және салыстырмалы ылғалдылығы 60 % болатын стерильдеу циклі үшін Dшамасы 2.5 мин-тан кем емес.Биологиялық индикаторларды жоғарыда көрсетілген сынау цикілінде ұстағанда 25 мин бойыстандартты микроағзалардың өсуі байқалмайтындай және төмен температурадағы (600 мг/л, 30 о С және салыстырмалы ылғалдылығы60 %) температуралық циклде 50 мин бойы индикаторларға әсер ету тіршілікке қабілетті тұқымдарды қалдыратындай бақылайды.

...

Скачать:   txt (77.3 Kb)   pdf (159.5 Kb)   docx (257 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club