Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Педиатрия ғылымының тарихы

Автор:   •  Сентябрь 2, 2020  •  Лекция  •  1,871 Слов (8 Страниц)  •  1,513 Просмотры

Страница 1 из 8

Кіріспе. Педиатрия ғылымының тарихы.

Ғылымның даму кезеңдері, негізін қалаушылар. Балалар ауруханасы жұмысын ұйымдастырумен және негізгі принциптерімен танысу.

Педиатрия - пәнін оқып-үйрену болашақ мамандардың балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда, алдын-алу жұмыстарын жүргізуде, алғашқы медициналық және шұғыл көмек көрсетуде кәсіптік біліктілігін қалыптастырады. Ғылымның бір орнында тұрмауы, яғни денсаулық сақтаудағы ғылыми жетістіктер балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіре түсуді талап етеді,  бұл мақсатқа  қол жеткізуде медицина қызметкерлерінен терең білімділік, жоғары кәсіби мамандылық қажет.  Күнделікті жұмыс барысында медицина қызметкелеріне әр түрлі сипаттағы, ағымдағы ауру-сырқаулары бар науқастармен  кездесуге тура келеді. Кейде өткір басталған аурулық жағдай бала өміріне қауіп тудырып жатады. Осындай сәттерде жедел көмек  қажет. Өмірі қыл үстінде тұрған балаға жедел көмек көрсету-медицина қызметкерінен асқан  жауапкершілікті, кәсіби шеберлікті қажет етеді.  Әрине, ауырған баланы дұрыс емдеп жазу аса маңызды болса, оны аурытпау мақсатында физикалық, психо- әлеуметтік тұрғыдан дұрыс дамып қалыптасуына қолайлы жағдай жасау одан да маңызды. Бұл үшін балаларға сүйіспеншілікке тола тәрбиемен көңіл бөлу, сапалы тамақтандыру, жеткілікті ұйқы, таза  ауада көп болдыру және  шынықтырып отыру қажет. Өйткені, БДСҰ –ның пайымдауынша:  Денсаулық - тек ауру - сырқаудың жоқтығы ғана емес, сонымен қатар баланың жан-жақты, физикалық, психо-, әлеуметтік дұрыс жетілуі.

 «Педиатрия»  деген  сөздің  мағынасы  гректің  paid-бала, iatrea – емдеу деген  сөздерінен тұрады, балаларды емдеу ұғымын білдіреді. Балаларды  емдеуші  дәрігерді «педиатр» -деп атайды.  Педиатрия  ғылымы ертеден дамыған медицинаның саласы болғанына қарамастан салыстырмалы түрде жаңа ғылым, қазіргі таңда даму жолында бірнеше кезеңдерден  өтті.

І ерте кезең- ұзаққа созылып, медициналық ғылыми тәжірибенің жинақталуымен көрініс тапқанымен, әлі  қатаң жүйелілік болмады. Гиппократ, Гален  және араб дәрігерлері еңбектерінде балалар арасында кездесетін кейбір аурулық жағдайлардың сипаттары және нәрестелерге қажетті күтім, тамақтандыру  жайлы айтылды. ХІХ – ғасырға дейін созылған бұл кезеңде,  балалар арасындағы аурушаңдық және өлім- жітім өте жоғары болды.

ІІ кезең – балалар ауруханаларының ұйымдастырылып ашылу және алғашқы педиатриялық еңбектердің жазылуымен көрініс тапты. Осы кезеңде,  балалар арасындағы алғашқы өлім-жітімдік туралы проблеманы алға тартқан орыс ғалымы М.В. Ломоносов (1711-1765) болды. Өз алдына   ғылым ретінде негізінен  19-шы   ғасырдың  30-40-шы  жылдары  дами бастады. Бірінші орыс педиатры деп С.Ф.Хотовицикийді  атауға болады. Алғаш  рет  бала  ағзаларының, ауруларының  ерекшеліктеріне  көңіл аударып, оларды  емдеу  әдістерін  енгізе бастады. «Бала  организмі ересектердің  кішірейтілген  көшірмесі  емес» деген  ұғымды  алғашқы  енгізген  де осы ғалым. Ол сонымен  қатар «Педиятрика»  деп аталатын бірінші оқулық  шығарды.  Педиатрияның  «әкесі» деп Н.Ф.Филатов (1847-1902) педиатрияның негізін қалаушы, оның «Балалар ауруларының семиотикасы және диагностикасы», «Балалардың асқазан-ішек аурулары туралы дәрістер» атты танымал еңбектері бар. Н.Ф.Филатов 1834 жылы  Петерборда, 1842 жылы Мәскеуде алғашқы  балалар ауруханаларын  ашты. Ол ауруханалар осы күнге  дейін бар және Филатовтың атымен  аталады. Бұл ғалым балалардың  жұқпалы ауруларын зерттеуге үлкен  еңбек сіңірді. Петерборда Н.П.Гундобин (1860-1908) медико-хирургиялық академиясының педиатрия кафедрасын басқарды, бала организмінің анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін зерттеудегі көп жылдық еңбектері «Балалар ауруларының негізгі қолжазбасы»  және «Балалардың жас шамалық ерекшеліктері» монографиясы болды, бірінші  болып «Бала өлімімен күрес» одағын  ұйымдастырды.

...

Скачать:   txt (24.6 Kb)   pdf (130.2 Kb)   docx (15.7 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club