Контрольная работа по "Медицине"
Автор: toishy.amina • Март 29, 2022 • Контрольная работа • 13,368 Слов (54 Страниц) • 194 Просмотры
1. Жатырдан тыс жүктілік, клиникасы, диагностикасы. Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы.
Жатырдан тыс (эктопиялық) жүктілік - бұл ұрықтанған жұмыртқажасушасының жатыр қуысынан тыс орнығып, бекініп, дамуы. Диагностикасы:
- шағым және анамнез
- айна арқылы жатыр мойнын қарап тексеру;
- бимануалды зерттеу;
- ЖҚА (гемоглобин, лейкоцитарная формула, ЭТЖ);
- Зәрдегі Хориондық гонадотропинді анықтаудың иммундық тестілеу әдістері (қалыптыда ХГ 48сағат сайын 66% ұлғаяды). Қан сарысуында ХГ 1000 МЕ/мл ден жоғары болса, УДЗ арқылы толығымен эктопиялық жүктілікке күмәндануға болады.
- УДЗ.
Шағымдары:
- етеккірдің кеш болуы;
- сүт бездерінің тығыздалуы;
- жүрек айну,
- дәмнің өзгеруі;
- іштің төменгі бөлігінде үзілісті түрде толғақ тәрізді ауырсынулар;
- жыныс жолдарынан қанды бөлінділер;
Гинекологиялық қарауда:
Қынап, жатыр мойнының шырышты қабатының цианозы.
Жүктіліктің айына сай емес түрде жатырдың көлемінің ұлғайып, жұмсаруы.
Жатыр қосалқылары аймағында бір жағынан ісік тәрізді қамыр сияқты консистенциялы, пальпацияда ауырсынатын түзіліс анықталады. Динамикалық және қайталап қарауда 3-4 күннен кейін түзілістің көлемінің ұлғайғанын көруге болады.
Емі:
- Госпитализация.
- Хирургиялық ем.
Диагностика және емі
Негізгі әдісі — лапароскопия немесе лапаротомия. Манипуляцияны жалпы анестезиямен жүргізеді.
Медикаментозды ем: антибактериальды терапия (*Амоксициллин + клавулан қышқылы, таблеткалары 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг, тамыр ішілік ерітінді дайындауға арналған флакондағы ұнтақ 500 мг/100 мг, 1000 мг/200 мг). Тәулігіне 2-3 рет интервалмен 5-7 тәулік.
3 тің 1 ге қатынасында қан кетудің көлеміне қарай кристаллоидты ерітінді енгіземіз.
Жедел жәрдем дәрігері тактикасы қатты ауырсыну болса, фентанил 0,1-0,2мг көктамырға болюсті түрде өте ақырын, анестезиолог-реаниматологтар кетамин 0,2-0,5 мг/кг көктамырға болюсті түрде ақырын(алдын ала атропин 0,5-1 мг көктамырға болюсті ақырын+диазепам 0,15-0,3мг/кг көктамырға болюсті түрде өте ақырын) енгіземіз.
2. Өкпеден қан кету, клиникасы, диагностикалық критерийлері.
Өкпеден қан кету - төменгі тыныс жолдарындағы қанды жөтелу болып табылады. Клиникалық тәжірибеде өкпеден қан кету мен қан түкіру ерекшеленеді. Қан түкіру дегеніміз қақырықта немесе сілекейде қанның болуы, ол сұйық немесе ұйыған түрде болуы мүмкін. Этиология инфекция(туберкулез, пневмония), жарақаттық, ятрогенді, ісіктік, қантамыры, т.б.
Өкпеден қан кетудің ІІІ дәрежесі:
І д. - қан түкіру (кровохарканье)
ІІ д. - массивті қан кету
ІІІ д. - профузды қан кету.
А. 50мл/тәул.
Б. 50-200 мл/тәул.
В. 200-500мл/тәул.
Клиникасы:
- қақырықта қанды бөлінді болуы, сұйық қанық қызыл немесе ұйынды түрінде,
- әлсіздік
- Бас айналу
- АҚ төмендеуі
- естен тану,
- тамақтағы қышу сезімі
- кеуде торындағы күйдіру сезімі
- бозару
- терлегіш
- қорқу сезімі
- ентігу, ауа жетіспеу сезімі
- тахикардия.
Диагностикасы:
І дәрежесінде:
- рентген
- КТ
- фибробронхоскопия.
ІІ дәрежесінде:
- трахеобронхоскопия
- бронхиальды артериография
- ангиография.
Массивті қан кетуде трахея мен басты бронхтарды қарау жеткілікті. Өкпесінен қан кеткен әрбір науқас шұғыл түрде мүмкіндігінше арнайы бөлімге госпитализациялануы керек. Науқас отырған немесе жартылай отырған күйде тасымалдануы қажет. Тыныс жолдарына түскен қанды науқас жөтелмен шығаруы керек. Бұндай жағдайда асфиксия қан кетуден гөрі қауіптірек. Қан түсінің алқызыл болуы оның бронхиоладан кеткендігін көрсетеді, ал қою қошқыл түс өкпе артериясы жүйесінен кеткендігін көрсетеді.
...