Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Медицине"

Автор:   •  Январь 27, 2020  •  Контрольная работа  •  1,531 Слов (7 Страниц)  •  1,008 Просмотры

Страница 1 из 7

24 Емдеу-профилактикалық ұйымдар дәріханалары (ауруханалық дәріханалар), міндеттері және функциялары.

Ауруханалық немесе ЕМП дәріханалары денсаулық сақтау мекемесіне жатады.Ауруханалық дәріханалар арнайы фармацевтикалық білімі бар заңды тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен ұйымдастырылып ашылады. Ауруханалық дәріханалардың негізгі міндеттеріне емдеу-профилактикалық мекемелердің сұрау-талап қағаздарф бойынша ,оларды дәрілік заттармен,мед бұйымдармен,ьасқа да фармацевтикалық тауарлармен қамтамасыз ету,емдеу-профилактикалық мекемелердің жұмыс ерекшелігіне және бағытына сәйкес дәрілік заттарға,басқа да фармацевтикалық тауарларға деген қажеттілігін анықтау;емдеу профилактикалық мекеме дәрегерлерін дәрілік заттар ассортименті туралы мәлеметтермен жүйелі түрде ақпараттандыру жатады.Ауруханалық дәріханалар негізгі міндеттерін жүзеге асыруда келесі кызметтерді атқарады: емдеу-профилактикалық мекемелердің емдеу бағыты мен ерекшелігіне сәйкес қажетті ДЗ,мед бұйымдардың,басқа да фармацевтикалық тауарлардың ассортиментін анықтау; емдеу-профилактикалық мекемелердің бөлімдерінен ДЗ-ға ,басқа да фармацевтикалық тауарларға сұрау талап қағаздарын қабылдау;емдеу-профилактикалық мекемелердің сұрау талап қағаздары бойынша дәрілік формаларды дайындау,сапасына бақылау жұргізу;ДЗ-ды,басқа да фармацевтикалық тауарларды емдеу орындары бөлмелеріне,кабинеттеріне босту және олардың қолданылуы мен сақталуын бақылау;фарм-лық тәртіп пенсанитарлық ереже талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;ДЗ туралы,олардың фарм-лық әсерлері,қосалқы әсерлері,дозалары туралы қажетті барлық мәліметтермен дәрігерлерді ақпараттандыру;ДЗ-дың,мед-лық және ауруды күту бұйымдарының,басқа да фарм-лық тауарлардың сақталуын бекітілген тәртіптер мен ережелерге сәйкес қам ету;бухгальерлік,оперативтік,статистикалық есептерді жүргізіп,айлық есеп жасау;дәріхана іс-әрекетіне,фарм-лық мамандардың ,кызметкерлердің жұмысына озық әдістерді,жаңа тех-ды енгізуді қамтамасыз ету.

25.Дәріхананың рецептуралық-өндіріс бөлімінің (РӨБ) жұмысын ұйымдастыру. Дәріханалық ұйымдардың өндірістік қызметі рецептерді қабылдау, қабылданған рецептер бойынша дәрілерді дайындау, дәріханашілік бақылау арқылы дайындалған дәрілердің сапасын тексеру, сәйкесті түрде дайындалған дәрілерді безендіру және бекітілген тәртіптерге сәйкес дәрілік заттарды тұрғындарға босату. Дәріханада рецептерді қабылдау, дәрігерлердің рецептері мен емдеу –профилактикалық мекемелердің сұрау – талап қағаздары бойынша дәрілерді дайындау, дайындалған дәрілердің сапасын бақылап, безендіріп, босату жұмыстарын жүзеге асыру үшін рецептуралық - өндіріс бөлімі (РӨБ) ұйымдастырылып ашылады. Рецептерді қабылдау және дайын дәрілік заттарды босату үшін дәріханаларда дайын дәрілік заттар бөлімі (ДДБ) ашылады. Керек болған жағдайларда РӨБ мен ДДБ қызметтері бір бөлімде біріктіріледі. Бөлімдердің жұмыстарына бөлім меңгерушілері және олардың орынбасарлары басшылық жасайды. РӨБ штатында фармацевтер және фармацевтің ассистентері жұмыс істейді. РӨБ фармацевтері лауазымдарының келесі түрлері болады: • жеке дәрілік формаларды дайындауға арналған рецептер мен емдеу-профилактикалық мекемелердің сұрау талап қағаздарын қабылдаушы, дайындалған дәрілердің сапасын бақылаушы, дәрілерді босатушы фармацевт – технолог; • рецептерді қабылдаушы және дайын дәрілік заттарды босатушы фармацевт – технолог; • дәріханада жеке дайындалған және дәріханашілік алдын ала дайындалған дәрілердің сапасын толық тексеруші фармацевт –аналитик. Дәріханалық жұмыс көлеміне байланысты ақпараттар жүргізуші фармацевт, фармацевт ассистенттерінің жұмысын бақылаушы фармацевт, түн уақытында жұмыс істейтін фармацевт мамандары бөлінуі мүмкін. РӨБ фармацевт ассистентері лауазымдары дәрігерлердің рецептері мен емдеу-профилактикалық мекемелердің сұрау-талап қағаздары бойынша дәрілер дайындау, емдеу-профилактикалық мекемелердің тапсырыстарын комплектілеу т.б. жұмыстарға бөлінеді. РӨБ фармацевтикалық мамандардан басқа көмекші қызметкерлердің лауазымдары болады: бөліп түюшілер, санитар-жуушылар. РӨБ жабдықталуы дәріхананың жұмыс көлеміне байланысты жүргізіледі. Дәріхананың рецептерді қабылдау және дәрілерді босату жұмыс орындары типтік жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Рецептерді қабылдаушы және дәрілерді босатушы фармацевт – технологтың жұмыс орнын секциялық столмен, дәрілік заттарды сақтау шкафтарымен, дайындалған дәрілерді сақтайтын айналмалармен, тоңазытқышпен, күшті әсерлі және ұлы дәрілік заттарды сақтау шкафтары, компьютермен жабдықталады. Рецептерді қабылдау және дәрілерді босату жұмыс орнын ДЗ тәуліктік және реттік дозалары таблицасы, ДЗ өзара сиымдылығы, ҚР мемлекеттік фармакопеясы, ДЗ мемлекеттік реестрі, ДЗ синомимдерінің анықтамасы, бағалар таблицасы т.б. анықтама әдебиеттермен қамтамасыз етіледі. Рецептерді қабылдаушы және дәрілерді босатушы фармацевт– технолог ҚР «Дәрілік заттар туралы» Заңы, ҚР «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңы талаптарын басшылыққа алады және дәрілік заттар айналысы саласындағы басқа да нормативтік–құқықтық актлерді, ҚР ДСМбұйрықтарын, нұсқауларының орындалуын қамтамасыз етеді. ҚР ДСМ бұйрығымен анықталып бекітілген дәрігердің рецептінсіз босатылатын дәрілік заттардың тізімінен басқа барлық дәрілік заттар дәріханалық ұйымдардан тек қана рецептер бойынша босатылуы керек. Дәрілік заттар азаматтарға емдеу–профилактикалық мекемелерге денсаулығына байланысты ем алу үшін және стационарлық емделуді амбулаториялық жағдайда жалғастыру үшін тағайындалып жазылады. Келесі дәрілік заттарға рецептерді жазуға тиым салынады: • ҚР тіркеуден өтпеген және ҚР ДСМ қолдануға рұқсат бермеген дәрілік заттар; • тек қана емдеу–профилактикалық мекемелерде қолданылатын: наркозға арналған эфир, хлорэтил, фентанил, сомбревин, калипсол, фторатан, кетамин және т.б. дәрілік заттар; • медициналық көрсеткіштер жоқ болған жағдайда.

...

Скачать:   txt (25.5 Kb)   pdf (76.1 Kb)   docx (11.7 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club