Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Медицине"

Автор:   •  Март 23, 2022  •  Контрольная работа  •  276 Слов (2 Страниц)  •  645 Просмотры

Страница 1 из 2

ТАПСЫРМА-1

Сұрағы: Сүйектің жиі сынуын қалай түсіндіруге болады?

Жауабы: Адамның қартаю процессі бойынша бұл сұрақты былайша түсіндіре аламын: cүйектің құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың ара қатынасы адамның жасына қарай өзгереді. Қартаюға байланысты сүйектегі органикалық заттардың мөлшері кеміп, бейорганикалық заттардың мөлшері артады.  Ал бейорганикалық заттар сүйектің морт сынғыштығын арттырады. Сондықтан, қарт адамның сүйегі сынғыш болып келеді.

Қарт адамның білек сүйектері мен ортан жілік сүйегінің сынуы қалыпты,  себебі олар көп сынатын аймақтар болып табылады.

Сұрағы: Сүйектің жазылуы ненің арқасында өтеді?

Жауабы: Сынықтың бітуі – өте күрделі биологиялық процесс. Сүйектің тез бітуіне жарықшақтардың бір-бірімен дұрыс бірігуі мен сүйекті бір қалыпты ұстап тұрудың маңызы зор. Сонымен қатар сынықтың бітуі қандай сүйектің сынғандығына да байланысты. Мысалы, саусақ сүйектері 2,5 аптада, ал ортан жіліктің басы 6 айдан астам уақытта бітеді. Сүйектің жазылуы негізінен сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйекқап (периост) арқылы жүзеге асырылады. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі осы сүйекқап арқылы жүреді. Оның мәні мынада: сүйекқапта қантамырлар мен  жүйкелер болатындықтан, сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі. Сол қоректік заттар сүйек жазылуын тездетеді.

ТАПСЫРМА-2

Сұрағы: Мойын омыртқалардың денесі кішкентай, ал бел омыртқалардың денесі ірі. Оны қалай түсіндіруге болады?

Жауабы: Адамның салмағы бел омыртқаға  түсуіне байланысты олар бір-бірімен жақсы біріккен. Сондықтан бел омыртқасы бір – бірімен тығыз байланысқан және олардың денесі мен білікше өсіндісі үлкен әрі жалпақ болып келеді. Ал мойын омыртқасы басты қозғағандықтан денесі кіші. Сондықтан мойын омыртқасының денесі кіші, соған орай салмақта аз түседі.

Сұрағы: Қышқылға салынған сүйек жеңіл майысады. Неліктен?

...

Скачать:   txt (4 Kb)   pdf (50.5 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club