Контрольная работа по "Медицине"
Автор: Bakyt02 • Март 15, 2022 • Контрольная работа • 520 Слов (3 Страниц) • 208 Просмотры
78.Төмендеуші қолқаның кеуделік бөлігінің париеталды тармақтары және олардың анастомоздары жайында айтыңыз.
Тармақтары:
1)a.phrenica superiores-Жоғарғы көкет артериялары. Көкеттің бел аймағын және плевраның висцералды бетін қанмен қамтамасыз етеді.
2)aa.intercostales posteriors-Артқы қабырғааралық артериялар. (IIIXI), айрықша ірі тамырлар, саны 10 жұп. Олардың тоғызы III пен XI қабырғааралық кеңістікте жатады. Ал төменгілері XII қабырғаның астында жүреді, сондықтан олар қабырғаасты артериялары, aa. subcostales, деп аталады.Плевраның париеталды,құрсақтың париеталды,арқаның,көкіректің және іштің бұлшықеттері мен терісін қанмен қамтамасыз етеді.
Анастамоздары: Жетінші мен екінші қабыргааралық артериялар жоғарғы және төменгі құрсақүсті артерияларының, aa. epigastricae supеrior et inferior, тармактарымен анастамозданады.
79.Мидың үшінші қарыншасының құрылысы және қызметі.
Топографиясы және Анатомиясы:Аралық мидың қуысында орналасады. Қарыншааралық тесіктер, foramina interventricularia, арқылы бүйір карыншалармен байланысады,ал мидың суқұбыры aquaeductus cerebri арқылы төртінші қарыншамен байланысады.Қарынша қуысы ми-жұлын сұйықтығымен толтырылған.Оның 6 қабырғасын ажыратады(алдыңғы,артқы,жоғарғы,төменгі,2 бүйір,).
Қызметі:Миды травмалардан қорғайды,ОЖЖ де қоректік және соңғы өнімдерді транспорттауға қатысады,ми-жұлын сұйықтығының циркуляциясына қатысады.
80.Қол артерияларының:тармақтары,қанмен жабдықтайтын аймақтары.
Қолтық артериясы, a. axillaris, қолтық шұңқырында орналасады. Ол тікелей a. subclavia жалғасы. Қолтық артериясын колтық шұңқырының алдыңғы қабырғасындағы үш үшбүрышқа сэйкес шартты түрде үш бөлікке бөледі:Бірінші-Бұғана - кеуде үшбұрышына сәйкес бөлік (бұғанадан m. pectoralis minor жоғаргы жиегіне дейін); екінші-кіші кеуде бұлшықеті деңгейіне сәйкес, үшіншікеудеасты үшбұрышы деңгейіне сәйкес (кіші кеуде бұлшықетінің төменгі жиегінен үлкен кеуде бұлшықеттің төменгі жиегіне дейін).
Бірінші бөлімнен келесі тармақтар шығады:1)а.thoracica suprema-Ең жоғарғы кеуде артериясы
2)a.thoraco-acromialis-Кеуде акрамион артериясы.Ол келесі тармақтарды береді:
а)ramus acromialis- Акрамион тармағы.Үлкен кеуде және Дэльтатәрізді бұлшықеттерді қанмен қамтамасыз етеді.
b)r.clavicularis-Бұғаналық тармақ.Бұғанаасты бұлшықетін қанмен қамтамасыз етеді.
r. deltoideus-Дельтатәрізді тармақ.Үлкен кеуде және Дэльтатәрізді бұлш. қанмен қамт. Етеді.
rr.pectorales-Кеуделік тармақтар.Үлкен және кіші кеуде бұлшықеттерін қанмен қамт. Етеді.
...