Контрольная работа по "Медицине"
Автор: Nazgul010 • Сентябрь 24, 2021 • Контрольная работа • 643 Слов (3 Страниц) • 259 Просмотры
1. 52 жастағы ер адам баспалдақпен 3 қабатқа көтерілгенде пайда болып, нитроглицерин қолданғанда жойылатын, төс артындағы және жүрек аймағындағы қысып ауыру сезімі шағымдарымен аймақтық дәрігерге келіп көрінді. Ауру тарихынан: Ауру ұзақтығы 1 айдан көп. Об-ті: жүрек тондары бәсеңдеген, ІІ тон акценті аорта үстінде, АҚҚ – 150/90 мм.с.б., ЖСЖ - 96 рет минутына. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Болжам диагноз.
А) ЖИА. Алғаш дамыған стенокардия +
В) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК ІІ
С) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК ІІІ
Д) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК ІV
Е) ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия
2. 46 жастағы ер адам, жедел жәрдем бригадасымен жалпы әлсіздікке шағымданып, ауыр жағдайда жеткізілді. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды, сұрғылт цианоз, аяқ-қолдары суық. Жүрек тондары тұйықталған, бөдене ырғағы, ЖЖЖ 110 рет мин. АҚ 85/55 мм сын. бағ. Олигурия – 20 мл/сағ. ЭКГ: синустық тахикардия, QS V1-V6, осы тіркемелерде ST сегменті монофазды қисық түрінде. Науқаста жедел миокард инфарктының асқынуы жедел аневризмаға күдік туған. Аневризманы анықтау үшін жүргізілетін ақпаратты тексеру әдісі:
А) Спирография
В) Коронарография
С) ЭхоКГ +
Д) ЭКГ
Е) Велоэргометрия
3. Жедел миокард инфарктына тән ЭКГ өзгеріс:
А) ST сегментінің 2 мм аса элевациясы +
В) биік симметриялы Т тісшесі
С) R тісшесінің амплитудасының төмендеуі
Д) QRS комплексінің 0,12 сек аса жалпақтануы
Е) тіркемелердегі R тісшесінің жарықшақтануы
4. Кардиологиялық бөлімшеге төс артындағы күшті күйдіріп ауырсыну сезімімен 78 жастағы науқас жеткізілді. Объективті: тері жамылғысы – сұрғылт, суық тер басқан. Жүрек үндері тұйықталған, ЖСЖ - 110 рет минутына, АҚ - 30/20 мм с.б.б. ЭКГ: ІІ, ІІІ, аVF, V2-V6 тіркемелінде ST сегментінің элевациясы. Дамыған асқыну:
А) кардиогенді шок +
В) өкпе ісінуі
С) өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Д) сол қарыншаның жедел аневризмасы
Е) эпистенокардиялық перикардит
5. 53 жастағы науқас ер адам физикалық күштеме түскенде пайда болатын, нитроглицерин қабылдағаннан басылатын, төс артындағы және жүрек аймағындағы басып, қысып ауырусыну сезіміне шағымданып аймақтық дәрігерге келіп көрінді. Ауру тарихынан: Артериялық гипертония ауруымен «Д» есепте тұрады. Тыныштық қалыпта ЭКГ-да өзгерістер байқалмаған. Жасырын коронар шамасыздығын анықтау мақсатында велоэргометриялық сынама жасалды. Оң мәнді күш түсіру сынамаларының критериі:
А) ST интервалының 0,5 мм-ден кем депрессиясы
В) ST интервалының1 мм кем қиғаштөмендеуі
С) V5-V6-тіркемелердегі – Q тісшесінің болуы
Д) ST интервалының 1 мм артық биіктеуі +
Е) QRS комплексінің деформациялануы
6. 57 жастағы науқас 1 ай бұрын миокард инфаркты болған. 2 апта бойы медикаментозды емі нәтижесіз, төс артындағы қысылған тәріздес ауырсыну мазалайды. ЭКГ-да динамикалық өзгерістер жоқ. Тиімді диагностикалық әдіс:
А) велоэргометриялық сынама
В) жүрек рентгеноскопиясы
С) фармакологиялық сынама
Д) допплер-эхокардиография
...