Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Медицине"

Автор:   •  Апрель 6, 2021  •  Контрольная работа  •  4,921 Слов (20 Страниц)  •  420 Просмотры

Страница 1 из 20

ДТС

1. Бала 13 жаста. Тісті шайған кездегі қанағыштыққа шағымымен келді. 2 ай төңірегінде тістем бұзылысына байланысты ортодонт- стоматологта емделуде. 3 апта бұрын қызылиектің қанағыштығы пайда болған. Тұқымқуалаушылық байқалмайды. Туберкулез, гепатит ауруларымен ауырмаған. Аллергоанамнезі теріс. 3 жасында желшешекпен ауырған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза.  Т-36,7С, PS-88 соғ. мин, ТАЖ-16 мин. Өкпеде – везикулярлы тыныс, жүрек тондары анық, қатты. Беті симметриялы. Ауыз ашылуы еркін. Төменгі жақтың алдыңғы бөлігінде күрек және ит тістер тығыз орналасқан. Төменгі жақта кеңейткіш алынбалы пластинка бар. Күрек және ит тістер аймағында қызылиек жиектерінің және тісаралық емізікшенің гиперемиясы мен ісінуі байқалады. Тигенде қансырайды. Грин – Вермиллион индексі 2,3 –ке тең.

Рентгенограммада: қалыптасқан 38, 48 тістердің ұрығы байқалады. 31, 32, 33, 41, 42, 43 тістер мойын аймағында бір біріне тығыз жанасады. Жалпы қан анализінде: гемоглобин - 108*10/12, лейкоциттер - 8,2*10/9, сегмент ядролылар– 54,таяқша ядролылар– 2, эозинофильдер– 2, лимфоциттер – 34, моноциттер – 8, ЭТЖ– 5.

1. Диагноз қойыңыз.

2. Берілген патологияның этиопатогенезін түсіндіріңіз.

3. Баланың жалпы статусын бағалаңыз.

4. Жергілікті қарау мәліметтерін талдаңыз.

5. Ауыз қуысы гигиена жағдайын бағалаңыз.

6. РМА индексін есептеңіз.

7. Рентген мәліметтерін талдаңыз

8. Берілген жас бойынша пародонт тканьдерінің анатомо-морфологиялық ерекшелігін атаңыз.

1. Шағымына қарай: қызылиектің ауруы бар екенін анықтаймыз. Ауру анамнезі: Тісті шайған кездегі қанағыштыққа шағымымен келді. 2 ай төңірегінде тістем бұзылысына байланысты ортодонт- стоматологта емделуде. 3 апта бұрын қызылиектің қанағыштығы пайда болған. Бұл процесс созылмалы түрде жүріп жатыр. Өмір анамнезі: Тұқымқуалаушылық байқалмайды. Туберкулез, гепатит ауруларымен ауырмаған. Аллергоанамнезі теріс. 3 жасында желшешекпен ауырған.

2. Жалпы қарау мәліметтері: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза. Т-36,7С, PS-88 соғ. мин, ТАЖ-16 мин. Өкпеде – везикулярлы тыныс, жүрек тондары анық, қатты. Беті симметриялы. 3. Жергілікті қарау мәліметтері: Ауыз ашылуы еркін. Төменгі жақтың алдыңғы бөлігінде күрек және ит тістер тығыз орналасқан. Төменгі жақта кеңейткіш алынбалы пластинка бар. Күрек және ит тістер аймағында қызылиек жиектерінің және тісаралық емізікшенің гиперемиясы мен ісінуі байқалады. Грин – Вермиллион индексі 2,3 –ке тең.

4. Рентгенограмма мәліметтері: патологиялық өзерістер байқалмайды. Картикальды пластинка тұтастығы сақталған. Рентгенограммада қалыптасқан 38, 48 тістердің ұрығы байқалады. 31, 32, 33, 41, 42, 43 тістер мойын аймағында бір біріне тығыз жанасады.

5. Лабораториялық тексеру мәліметтері қалыпты, гемоглобин қалыпты мөлшерінен сәл төмен. гемоглобин - 108*10/12, лейкоциттер - 8,2*10/9, сегмент ядролылар– 54,таяқша ядролылар– 2, эозинофильдер– 2, лимфоциттер – 34, моноциттер – 8, ЭТЖ– 5.

6. Клиникалық диагноз гингивит, 2 ай бұрын ортодонт дәрігерге барған, ортодонт емінің дұрыс болмау себебінен, және ауыз қуысының гигиенасын дұрыс сақтамаган(патогенді микробтардың жиналуынан)

7. Ажырату нақтамасы маргинальді және катаральді гингивит, жедел пародонтит.

8. Ем жоспары 1ші дәрігерге барып аурудың қай сатыда екенін анықтау керек. Тістен тіс қақтары және тастарды алып, ауыз қуысы тазалығын сақтап және оған ықпал ететін( ауыз шаю заттары, жіптер, ауызда ванночка жасау, антибиотик кабылдау, ауызды уақытлы шаю) басқада заттармен қалпына келтіру. Антибактериалды заттармен немесе анттсептиктерменде жүзеге асады

2. Бала 12 жаста. Қызылиектің қанағаштығына, ісінуіне және гиперемиясына шағымымен келді. 2 апта бұрын қызылиегінің қанағыштығы пайда болған. Тұқымқуалаушылық байқалмайды. Туберкулез, гепатит ауруларымен ауырмаған. Аллергоанамнезі теріс. 3 жасында қызылшамен ауырған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза.  Т-36,7С, PS-88 соғ. мин, ТАЖ-16 мин. Өкпеде – везикулярлы тыныс, жүрек тондары анық, қатты. Беті симметриялы. Ауыз ашылуы еркін. Төменгі жақтың алдыңғы бөлігінде күрек және ит тістер тығыз орналасқан. Төменгі күрек және ит тістер деңгейіндегі қызылиек көлемі ұлғайған, тіс сауытын 2/3 биіктікте жабады, ұстағанда ауырсынады. Шиллер – Писарева сынамасы оң, РМА индексі 75%, OHIS=1,5. Жалпы қан анализінде: гемоглобин - 108*10/12, лейкоциттер - 8,2*10/9, сегмент ядролылар– 54,таяқша ядролылар– 2, эозинофильдер– 2, лимфоциттер – 34, моноциттер – 8, ЭТЖ– 5.

...

Скачать:   txt (71.5 Kb)   pdf (182.2 Kb)   docx (24.4 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club