Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Медицине"

Автор:   •  Март 6, 2021  •  Контрольная работа  •  1,498 Слов (6 Страниц)  •  632 Просмотры

Страница 1 из 6

Сейтжанова П.Ғ. 4-004 топ

Задание 2

СРСП - Гипергликемия синдромы бойынша диагностикалық ізденіс алгоритмін жазыңыз

[pic 1]

[pic 2]

[pic 3]

[pic 4][pic 5]

[pic 6][pic 7]

[pic 8][pic 9]

[pic 10]

[pic 11][pic 12][pic 13]

[pic 14]

[pic 15]

[pic 16][pic 17][pic 18]

[pic 19]

[pic 20][pic 21]

[pic 22]

[pic 23][pic 24]

[pic 25][pic 26]

[pic 27]

СРС -   Есепті оқып, тапсырманы  орындаңыз

Науқас, 18 жаста.

Шағымдары: ауыз қуысының айқын құрғақтығына, шөлдегіштікке 5 литрге дейін, дене салмағының 1 ай ішінде 2 кг дейін төмендеуіне, қатты әлсіздікке пен шаршағыштыққа.

Ауру анамнезі: 2 аптадан бері жоғарыда аталған шағымдары пайда болғаннан бастап сырқатпын деп санайды. Басынан өткізген вирусты инфекциямен байланыстырады. Тексеру кезінде гликемия деңгейі -  15ммоль/л. Эндокринологқа жіберілген.

Өміранамнезі: бала кезінде гепатитА, паротит, жиі ЖРВИ-мен ауырған. Тұқымқуалаушылық аурулары жоқ.

Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Дене конституациясы астеникалық. Бойы 178 см,  салмағы 55 кг, ДСИ- 17,3 кг/м2. бел көлемі- 75 см. Тері жамылғысы физиологиялық, таза. Тамырлардың a. a. Tibialis posterior et dorsalis pedis dex et sin. пульсациясы сақталған. Беткей, тактильді, температуралық сезімталдық сақталған. Қалқанша безі 0 ст, бірқалыпты, ауырсынусыз. Көздік симптомдары теріс. Шеткері ісінулер жоқ. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. ТЖ 18 рет мин. Жүрек тұсы өзгермеген. Жүректің салыстырмалы шекарасы: оң жақ шекарасы төстен 1 см сыртқа, жоғарғы шекарасы- парастерналді сызық бойымен 3 қабырғаның төменгі бөлігімен, сол жақ шекарасы - орта бұғаналық сызығытан 1,5 см сырқа орналасқан. Жүрек түрткісі 5 қабырғааралықта. Аускультацияда жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ- 90 соққы мин, АҚ-130/80 мм.сын.бағ.. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Үлкен дәреті тұрақты, қалыпты. Кіші дәреті еркін, ауырсынусыз, жиі.

Зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері:

Жалпы қан анализі - Hb– 122 г/л, эритроцит – 4,1 х 1012/л, ТК. – 0,9, лейкоцит – 4,5 х 109/л, тромбоцит 200 х 109/л, ЭТЖ – 12 мм/сағ;

Жалпы зәр анализі көлемі - 100,0,тығыздығы– 1021,бозғылт-сары, мөлдір, ақуыз – теріс, гликемия - 0,12 ммоль/л,  лейкоцит – 0-1 көру алаңында, эритроциты – 0-1 көру алаңында, жалпақ эп.-2-3 көру алаңында, ацетон -0,15

Биохимический анализ крови: жалпы билирубин  -13 мкмоль/л, тікелей билирубин – 5 мкмоль/л, АЛТ 30,6 ед (норма 0-40 ед), АСТ 40,3 ед (норма 0-37 ед), холестерин 3,3 ммоль/л (норма 3,1-5,2 ммоль/л),  креатинин – 68 ммоль/л, жалпы ақуыз - 68 г/л (норма-64-83);

Гликемиялық профиль: гликемия деңгейі аш қарынға – 15ммоль/л, постпрандиальді гликемия- 19ммоль/л, HbА1С – 8, 2 % (норма 4-6,4%), инсулин  аш қарынға – 5,1мМЕ/л (норма 7,2-24 мМЕ/л), С-пептид деңгейі –0,98 нг/мл (1,0-5,0 нг/мл).

ЭКГ:  синусты тахикардия, ЖЖЖ-90 соққы мин, вольтаж орташа.

  1. Жетекші синдромды анықтаңыз және жетекші синдром бойынша ажыратпалы диагноз жүргізіңіз (3 нозология)

Жетекші синдром- инспидарлы синдроммен қосарланған гипергликемия синдромы.

Инспидарлы синдром ,себебі науқаста полиурия(жиі зәр шығарады),полидипсия бар. Сол себепті инспидарлы синдром қосарланған гипергликемия синдромы деп қойдым. Гипергликемия синдромы,себебі науқас ауыз қуысының айқын құрғақтығына, шөлдегіштікке 5 литрге дейін, дене салмағының 1 ай ішінде 2 кг дейін төмендеуіне  шағымданады.

Гликемиялық профильінде гликемия деңгейі аш қарынға – 15ммоль/л, постпрандиальді гликемия- 19ммоль/л, HbА1С – 8, 2 % (норма 4-6,4%), инсулин  аш қарынға – 5,1мМЕ/л (норма 7,2-24 мМЕ/л), С-пептид деңгейі –0,98 нг/мл (1,0-5,0 нг/мл).

Жетекші синдром бойынша ажыратпалы диагнозды мына нозологиялар бойынша жасаймын:Қант диабеті 2 тип,ҚД 1 тип,LADA диабеті.

Қант диабеті 2 тип-бұл ауру көп жағдайда 40 жастан асқан пациенттерде кездеседі,ал біздің пациент 18 жаста, яғни жас шамасы жағынан бұл аурумен біздің пациентпен сәйкестік жоқ. Қант диабетінің 2 типі кезінде көп жағдайда семіздік байқалады, ал біздің пациентте дене салмағының төмендеуі, дене салмағының 1 ай ішінде 2 кг дейін төмендеген, астеникалық дене конституациясы байқалады, яғни бұл жағдайда бойынша сәйкес  келмейді. ҚД 2 типі ұзақ уақыт симптомсыз өтеді, ауру біртіндеп басталады,ал біздің пациентте симптомдардың жедел басталғандығы көрінеді(2 апта бұрын басталған),яғни аурудың басталу ағымы да науқаста ҚД 2 типі екендігін жоққа шығарады.Сонымен қатар ҚД 2 типі кезінде жиі тері мен қынап қышуы ,терінің липоидты некробиозы,көру өткірлігі төмендеуі ,неврологиялық бұзылыстар,табанның дистрофиялық өзгерістері байқалады,ал науқаста  мұндай белгілер мүлде байқалмайды,терісінде қышынулар жоқ,физиологиялық таза,басқа  симптомдары бойынша  да науқаста ҚД 2 тип екені жоққа шығарылады.Тағы ҚД 2 типі кезінде аяқтағы макроангиопатиялар(тамырлар пульсациясы әлсіреуі) байқалады,ал науқаста a. a. Tibialis posterior et dorsalis pedis dex et sin. пульсациясы сақталған.Зәр талдауында ацетон анықталмайды ал менің науқасымда зәрінде ацетон анықталған(0,15),С пептид деңгейі ҚД 2 тип кезінде бастапқыда жоғары болады ал науқаста төмендеген , яғни зертханалық көрсеткіштері жағынан да сәйкестік байқалмайды.

...

Скачать:   txt (20.8 Kb)   pdf (276 Kb)   docx (24.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club