Контрольная работа по "Медицине"
Автор: assel_shatlan • Январь 22, 2021 • Контрольная работа • 1,439 Слов (6 Страниц) • 461 Просмотры
Билет № 1.
- Креатин, креатинин, химиялық табиғаты, түзілуі, диагностикалық маңызы. Креатинурия, оның пайда болу себептері.
Жауабы Креатин - бұл қаңқа бұлшықеттерінің, миокардтың және жүйке тіндерінің заты. Креатинфосфат түрінде креатин жоғары энергия байланысының «қоймасы» болып табылады және жасуша жұмысы кезінде АТФ тез қайта синтезделуі үшін қолданылады. Креатинин - бұлшықет және басқа тіндердегі энергия алмасуына қатысатын креатин ыдырауының соңғы өнімі. Қандағы және несептегі креатинин концентрациясы бұлшықет массасына және бүйректің шығару қабілетіне тікелей байланысты, ал рациондағы ақуыз мөлшері оның деңгейіне әсер етпейді. Креатинді анықтау бүйрек ауруларын диагностикалау үшін кеңінен қолданылады. Креатинфосфаттың шамамен 3% -ы ферментативті емес дефосфорлану реакциясында үнемі креатининге айналып жатады. Тәулігіне сау адам бөлетін креатинин мөлшері әрдайым бірдей болады және тек бұлшықет салмағының көлеміне байланысты болады.Егер де креатиннің синтезі оны бұлшықет тінінде бекіту мүмкіндігінен алда болса, онда креатинурия дамиды - несепте креатин пайда болады. Физиологиялық креатинурия баланың өмірінің бастапқы жылдарында байқалады. Кейде физиологиялық құрамға қарттардың креатинуриясы да кіреді, бұл бұлшықет атрофиясы және бауырда түзілген креатинді толық қолданбау кезінде жүреді. Бұлшықет жүйесінің аурулары кезінде (миопатиямен немесе прогрессивті бұлшықет дистрофиясымен) креатиннің ең жоғары концентрациясы несепте байқалады - патологиялық креатинурия туындайды.
2. Бүйрегі ауыратын науқаста, дұрыс диета ұстағанына қарамастан, бүйрек остеодистрофиясы – мешел тәрізді ауру, бұл кезде сүйектің деминерализациясы күшейеді.
Шешу алгоритмі:
- Тіс тіндерінің минерализация, деминерализация процестерін түсіндіріңіз.
Тіс тіні мен сүйекте де минерализация,деминерализация процессі тән.Минерализацияның екі сатыдан жүреді.Органикалық матрицаның және бейорганикалық матрицаның жетілуі жүреді. Тотығу-тотыксыздану үрдісі активтенеді, жасуша мембраналарының өткізгіштігі
жоғарлайды.Ал екінші кезеңде, нәруыздық матрикс минералдану жүреді.Жасушалардағы бейорганикалық пирофосфаттың концентрациясын реттеп жатады.
2) Осы науқастың бүйрегінің зақымдануы неліктен деминерализацияға әкелді?
3) Сүйектің деминерализациясы кезінде қандай гормондардың мөлшері артуы немесе төмендеуі мүмкін?
Сүйектің деминерализациясы гормондарға байланысты болады.Минерализация үрдісіне байланыстырушы белок остеокальцинда қатысады. Қандағы кальций концентрациясы төмендегенде,паратгормон секрециясы артады. Сүйектің резорбциясы қүшейеді.Яғни, деминерализация күшейеді. Ал,кальцитонин сүйектің минерализациясын арттырып, сүйек резорбциясын тежейді.
__________________________________
Билет № 2.
1.Қан сарысуының ферменттері. Трансаминазаларды, креатинкиназаны және альфа-амилазаны анықтаудың диагностикалық маңызы.
Қан сарысуында ферменттерді анықтау диагностикалық мақсатта
қолданылады.Осы ферменттерді анықтау арқылы ағза мүшелерінің зақымдануын,сонымен қатар функционалдық жағдайына баға береді. Ферменттер барлық тіршілік
процестерінің негізі болып табылады. Ал ферменттер
әсерінің қандай болмасын бұзылуы әр түрлі жайсыз құбылыстарға әсер етеді. Миокард инфаркты кезінде зерттеуді қажет ететін ферменттер:креатинкиназа,ЛДГ.Осы ферменттер белсенділігі артады.Қанда α-амилазаның белсенділігі жоғарыласа Гиперамилаземия,ал төмендесе гипоамилаземия деп аталады.Гиперамилаземия мына ауруларда байқалады:
•Жедел панкреатиттің бастапқы сатысында
•Созылмалы панкреатиттің өршуі
•Ұйқы безінде қатерлі ісік болса немес тас болса
•Жедел вирустық инфекция
•алкогольдік интоксикация
•Жатырдан тыс жүктілік
Төмендеуі болса
Жедел панкретит ұстамасы кезінде
панкреонекрозде,
муковисцидоз кезінде байқалады.
...