Контрольная работа по "Медицине"
Автор: THEand01 • Апрель 13, 2020 • Контрольная работа • 454 Слов (2 Страниц) • 358 Просмотры
1. Несеп-жыныс жүйесі аурулары бар науқастарға сұрақ қою және тексеру (Сұрақ-Жауап)
Сұрау. Біз науқастан анамнез жинау барысында науқас қандай шағымдармен келгенін байқай аламыз. Шағымдарды жинау науқастың жалпы жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Анамнез жинау бөлімі паспорттық бөлімнен басталады.
Паспоттық мәліметтер
1. ФИО
2. Туылған айы,жылы,күні
3. Тұрақты мекен-жайы
4. Ауруханаға келген күні
Науқастың шағымдары
Бұл бөлімде науқас бізге не себепті келгенін, қандай негізгі шағымдары бар екенін, қандай қосымша шағымдары бар екенін анықтап сұраймыз. Қаншалықты ауыратындығы, ауырсыну жиілігін сұраймыз, созылмалылығын сұраймыз.
Несеп-жыныс жүйесі аурулары кезіндегі науқастардың негізгі шағымдары:
ауыру яғни бас ауыруы
бүйрек және несеп жолдары тұсының ауыруы
несепкке отырған кездегі ауырсыну сезімі
ісіну
несеп бөлінуінің бұзылуы
көздің көруінің нашарлауы
қызудың көтерілуі
тері қышымасы.
Осы аталған арыз-шағымдарға сүйене отырып, ауру туралы жалпы бағдарлама жасай аламыз.
Аурудың даму тарихында аурудың қашан басталғанын,қандай жиілікте ауыратындығын,қандай ем-шара қолданғанын,кандай терапиялар жүргізгенін сұраймыз. Бұрын қандай аурулармен ауырғандығын,аллергияға сезімталдығын және жағымсыз әдеттерін сұрастырамыз.
Науқастың өмір тарихында оның қайда оқығанын, қандай мамандықта жұмыс жасайтыны, отбасылық өмірі туралы және әлеуметтік жағдайы туралы сұрастырамыз.
Бұл анамнезді жинақтаудың негізгі диагностикалық маңызы - науқас туралы көп ақпарат алып, шағымдарын дұрыс іріктеп, дұрыс диагноз қоя білу
Науқасты тексеру оның жай-күйінің ауырлығын бағалауға мүмкіндік береді. Бүйрек жетіспеушілігімен және уремиялық комамен ілесе жүретін бүйректің ауыр зақымдануы кезінде науқастың жағдайы өте ауыр, ессіз. Жеңіл жағдайларда науқастың жағдайы орташа ауыр немесе жеңіл.
Тексеру
...