Зақымдар (травматология)
Автор: kapsalamov2000 • Февраль 13, 2021 • Лекция • 3,138 Слов (13 Страниц) • 787 Просмотры
Зақымдар (травматология)
Сұрақтары:
1.Зақымдардың (травмалардың) жіктелімі. Травматизм туралы түсінік. Механикалық травмалардың түрлері.
2. Алғашқы медкөмекті ұйымдастыру. Травма асқынулары: шок, қан кету, инфекция.
3. Жабық зақымдар. Жұмсақ тканьдердің жабық зақымдары: соғылу, созылу, үзілу, клиникасы, алғашқы медициналық көмек, емдеу.
4. Травмалық токсикоз (ҰЖС).
5. Бас, кеуде және іш қуысы зақымдануының жалпы сұрақтары. Алғашқы медициналық көмек
1.Травма- зақымдану (жарақаттар) сыртқы факторлардың бір мезетте өте қатты (өлшеусіз, мөлшерден тыс) әсерінен болған ауру. Организмде органдардың құрылысы бұзылып, функциялары нашарлайды. Ол жергілікті және жалпы белгілері арқылы білінеді. Травманы зерттеу ілімі травматология деп аталады.
Травматизм жалпылама түсінік, бұған травманың бір түрлерінің белгілі бір тұрғындар арасында белгілі бір уақыт аралығында болған жиынтық түрлері жатады. Мысалы, әскери, спорттық, балалар травматизмі, тұмыстық травматизм және т.б. түрлері болады. Олардың алдын алу үшін көшеде жүру ережесін, жеке бастың қауіпсіздік ережесін және өндірістегі қауіпсіздік техникасын сақтау қажет. Өндірісте көптеген жұмыстарды автоматтандыру, механикаландыру қажет. Травма түрлері: механикалық, термиялық, электрлік, химиялық, радиация сәулесінен болған және т.б. трамвалар болады. Саны жағынан жекелеген, көптеген, қабаттасқан, құрама травма, политравма және т.б. түрлері болады.
Механикалық зақымдар ашық және жабық түрге бөлінеді, және жұмсақ тканьдер зақымы, сүйек-буын зақымы деп те бөлінеді. Жабық зақым кезінде тері жамылғысы мен кілегей қабаттары зақымдалмаған. Ашық зақым кезінде тері мен кілегей қабаттары зақымдалмаған. Ашық зақым кезінде тері жамылғысы мен кілегей қабаттарының зақымдалуы, яғни жаралануы болады, сол арқылы инфекция түсіп, үлкен асқынулар болуы мүмкін. Жұмсақ ткань зақымдары- соғылу, сіңір созылуы, буын байламдарының созылуы, үзілуі, бұлшық еттің созылуы, үзілуі, ұзақ жаншылу синдромы сияқты жабық зақымдар құлағанда, қысылғанда, ұрылғанда және т.б. жағдайларда пайда болады.
2. Алғашқы медкөмекті ұйымдастыру.
Егер алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсетпесе науқастың жағдайы нашарлап, өлімге душар болуы мүмкін.
Орта буын медицина өкілдері алғашқы медициналық көмекті толық көлемде көрсетіп, науқасты тасымалдай білуі тиіс. Зақымның болған жағдайына, орнына, сипатына, ауырлығына қарамастан алғашқы медициналық көмек мына ретпен көрсетіледі:
- Медициналық көмекті оқиға болған жерде көрсету.
- Ақырын тасымалдау.
- Мамандар көмегі және емдеу.
Оқиға болған жерде мына шаралар жасалады:
- Зақым әсерін жою, анальгетик дәрілер егу.
- Қанын тоқтату.
- Жарасын стерильді таңғышпен жабу.
- Шина таңып, иммобилизациялау.
- Тыныс, жүрек-тамыр жұмысын жақсартатын дәрілер егу.
- Науқасты ақырын тасымалдау
Травма кезіндегі жалпы өзгерістер: естен тану, шок, коллапс, өлім.
3. Жиі кездесетін жабық зақымдарды қарайық.
Сіңір созылуы- соғылған, ұрылған кездегі оқыс қимылдан болады. Бұл кезде буын айналасы ісініп, гематома жиналады, буын функциясы бұзылады. Алғашқы медициналық көмек: мұзды мұйықты алғашқы 2-3 сағат ішінде қоюға болады, қатты қысып таңады, қимылдауға болмайды. Іскені қайтып, ауырсынғаны басылған соң жылу процедурасын (маймен ысқылау, жылы грелка басу, УВЧ, т.б.) беруге болады. Бұлшық еттің созылуы, үзілуі оқыс қимыл кезінде бұлшық еттің мөлшерден тыс созылуынан болады. Зақымдалған тұсы ауырып, ісінеді, гематома болады, бұлшық ет функциясы жойылады. Егер бұлшық еті үзілсе, орны дефект-кеміс болып жетіспей тұрады, функциясы болмайды. Алғашқы медициналық көмек – салқын компресс басып, қатты қысып таңады, қимылдатпайтын етіп иммобилизация жасайды. Кейіннен ісінуі, ауырсынуы басылған соң, жылу процедураларын береді. Бұлшық еті үзілсе, операция жасау үшін ауруханаға жеткізіледі.
...