Өңештің, асқазанның, ішектің құрылымдық-қызметтік сипаттамасы
Автор: Dumankhalyk • Сентябрь 20, 2020 • Реферат • 757 Слов (4 Страниц) • 708 Просмотры
Тақырыбы: «Өңештің, асқазанның, ішектің құрылымдық-қызметтік сипаттамасы».
Орындаған: Халық Д.Е
Топ:3-023 ЖМФ
1. Тапсырма.
[pic 1]
Мүшені атаңыз. Құрылымдарын белгілеңіздер.
Мүше-Өңеш
1-эпителий
2-өңеш саңылауы
3-меншікті табақша
4-бұлшық етті табақша
5-шырыш асты негіз
6-өңештің меншікті бездері
7-бұлшық ет қабықшасы
2. Тапсырма
Сұраққа жауап беріңіз.
Аш ішектің әр түрлі бөлімдеріндегі шырышты қабықшаның құрылысының ерекшеліктері қандай? Тоқ ішектің қабырғасының құрылысы.
Аш ішекте қоректік заттардың барлық түрлерінің – ақуыздар, майлар мен көмірсулардың химиялық қайта өңделуі жүреді.Аш ішектің ұзындығы – 6-7м.Ішекте ұзына бойына 3 бқлімін ажыратады: ұзындығы 25-30см болатн ұлтабар, аш ішектің 2/5 бөлімін құрайтын ащы ішек, қалған бөлігі- мықын ішек.Қабырғасы 4 қабықшадан тұрады:
-Шырышты
- шырыш асты
-бұлшық етті
-сірлі
Шырышты қабықша бірқатар түзілімдер – айналмалы қатпарлардың, бүрлердің және криптілердің (ішек бездері) болуына байланысты ерекше бедерге ие. Бұл құрылымдар аш ішектің жалпы үстіңгі бетін ұлғайтып, оның негізгі қызметтерін атқаруға септеседі. Айналмалы қатпарлар шырышты қабықшадан және шырыш асты негізден құралған. Шырышты қабықшаның бетінде көптеген кішірек көлемді төмпешіктер жиі кездеседі. Бұл аймақтарда қабықшаның ішінде жеке (солитарлық) немесе топ құраған (пейер түймешіктері) лимфалық фолликулалар орналасады. Пейер түйіншелерінің жалпы саны 30-ға дейін жетіп, көбінесе тек мықын ішекте орналасады. Олардың аймағында, әдетте, бүрлер мен криптілер болмайды.
Ішек бүрлері қабықшаның аш ішек саңылауына еркін еніп тұратын саусақ тәрізді немесе жапырақ тәрізді пішіні бар өсінділер болып табылады. Аш ішек бүрлердің саны орасан көп. Әсіресе ол ұлтабар мен ащы ішекте мол болады да (1 шаршы мм-ге 22-40 бүр келеді) , мықын ішегінде аз қоныстанады (1 шаршы. мм-ге 18-31 бүр келеді). Ұлтабардағы бүрлер – енді және қысқа (биіктігі бар болғаны 0,2-1,5 мм). Әр бүрдің түзілуіне шырышты қабықшаның барлық қабаттарының құрылымдық элементтері қатысады.
Жасушалардың апикальды бетінде көптеген микробүрлерден түзілген жолақты (оксифильді) жиекше көрінеді. Жасушалардың 1 шаршы мкм бетіндегі микробүрлердің саны 60-90 аралығында болады.Микробүрлерде жіңішке филаменттер мен микротүтікшелер бар. Микробүрлердің бетін жауып тұратын гликокаликсті ажыратады. Оның құрамында липопротеиндер, гликозамингликандар, кейбір ас қорыту ферменттері: аминопептидазалар, фосфатазалар, гликозидазалар болады.
М-жасушалар лимфалық фолликулалардың үстінде орналасқан эпителийдің құрамында анықталады. Олар бағаналық эпителиоциттердің бір түрі болып табылады. Олардың апикальдық бөлімінде бағаналық жасушаларға қарағанда микробүрлері аз болады, базальдық бөлімінде лимфоциттер мен макрофагтар орналасқан терең инвагинациялары анықталады. Бұл жасушалар иммундық реакцияларға қатысады. Антигенмен байланысқан М-жасуша оларды өзгеріссіз инвагинациялардың ішіне қарай ауыстырады. Ол жерде антигенді тану және жою немесе залалсыздандыру өтеді.
Ішектің эпителийінің құрамындағы бокал тәрізді экзокриноциттер бүрде бағаналы жасушалар арасында жекелей орналасқан. Құрылымы жағынан бұлар - әдеттегі шырышты жасушалар.Жазық эндоплазмалық тор, Гольджи кешені жақсы дамыған. Өнімді бөлу әдісі мерокринді. Бокал тәрізді экзокриноциттер бөлетін шырыш ішектің шырышты қабықшасының бетін ылғалдандыруға және сол арқылы ас ботқасының жылжуына көмектеседі.
Ішек криптілері шырышты қабықшаның меншікті табақшасында орналасқан эпителийдің түтікшелі тереңдемелері болып табылады.
...