Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы
Автор: Shahniza Abdimazhitova • Сентябрь 23, 2021 • Контрольная работа • 1,074 Слов (5 Страниц) • 473 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ -Түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Математика кафедрасы
Деңгейлік сұрақтар
Орындаған: Абдимажитова Шахниза
Тобы:ЖМА- 011
Түркістан-2021ж
Деңгейлік сұрақтары:
І-деңгей
1. Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы.
Ішкі секрециялық немесе эндокриндік (грек. эндон - ішкі + крино -бөліп шығару) бездердің өнімі тікелей қанға қүйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады. Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы канға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз ықпалын тигізеді.
Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон (грек. гормо - іске қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуте қатысады. 1980-2000 жылдары гормондардың молекулалық тетіктерде тұқым қуалау мәліметтерін тасуға және организмнің биологиялық ырғағын анықтауға қатысатыны дәлелденген. Сонымен гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің қызметтерін реттейді.
2. Эндокриндік бездер мен гормондар туралы түсінік.
Эндокриндік жүйе ішкі секреция бездерінің (эндокриндік бездер) және әр түрлі органдар мен тіндерде шашыраған эндокриндік жасушалар тобының жиынтығын құрайды, олар қанға жоғары активті биологиялық заттарды — гормондарды (қарақұмықтан. hormon-қозғалысқа келтіремін), ағзаның функцияларына ынталандыратын немесе басым әсер ететін: зат және энергия алмасу, өсу және даму, репродуктивті функциялар және өмір сүру жағдайларына бейімделу. Эндокринді бездердің қызметі жүйке жүйесінің бақылауында.
Эндокриндік бездер — ішкі секреция бездері) - шығару жолдары жоқ және ағзаның ішкі ортасына (қан, лимфа) диффузия мен экзоцитоз есебінен құпия бөлетін бездер.
Э. Старлингтің классикалық анықтамасы бойынша: "Гормон-бұл дененің бір бөлігінде жасушалармен бөлінетін және жасушалардың өсуін немесе белсенділігін реттей отырып, өте аз концентрацияда әрекет ететін оның қандай да бір басқа бөлігіне өтетін зат". Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі.
ІІ-деңгей
1. Ұйқы безінің гармондарының бала организміне әсері.
Ұйқы (қарын асты) безі немесе Лангерганс аралшалары көмірсугегінің алмасуьш реттейтін гормондарды өндіреді. Аралшаларда төрт түрлі клеткалар болады: альфа, бета, гамма және дельта. Соңғы жылдары мүнда Е және X деп белгілеген клеткалар табылды. Бүлардың соңғы төртеуі (гамма, дельта, Е, X) альфа және бета клеткаларының дамуындағы түрлі кезендерде пайда болатын клеткалар деген болжамдар бар. Альфа және бета клеткалары инсулин және глюкагон гормондарын өндіреді. Қарын асты безі өзінің атына сәйкес қарынның астыңғы жағында шарпы майымен аралас төселіп жатыр. Аралшалардың пішіні көбінесе дөңгелектеу болады, саны мен мөлшері адамның жасына қарай және физиологиялық жағдайына қарай өзгеріп түрады. Альфа клеткалары дөңгелектеу немесе бүрышты болып келеді де, бета клеткалары дөңгелек призма тәрізді болады. Альфа клеткалардың саны бета клеткалардан гөрі 4 еседей артық. Тек жаңа туған сәбилерде 2 есе аз. Олардың альфа клеткаларының саны ересек адамдардікіне қарағанда 4 есе көп болады да, алғашқы 1 жылдың ішінде тез азаяды. 4-5 жаста азаюы бәсеңдегенмен жалпы саны өлі де болса ересек адамдікінен көбірек болып, 12 жаста теңеседі. 25 жастан әрі қарай аралшалардың саны біртіндеп кеми береді. Альфа клеткаларда глюкагон гормоны, бета клеткаларда инсулин гормоны өнеді.
...