Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дезинфекция және оның әдістері

Автор:   •  Октябрь 19, 2018  •  Реферат  •  1,975 Слов (8 Страниц)  •  1,448 Просмотры

Страница 1 из 8

                                       Жоспар    

  Кіріспе:      

       1 Дезинфекция және оның әдістері

       2  Залалсыздандыру турлері

       3  Антисептика және Антисептикалық құралдар

       4 Антисептикалық заттар

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер.

        Дезинфекция- бұл  адамды қоршаған ортада патогендi және шартты патогендi микроағзаларды жою. Дезинфекция кезiнде микроағзалардың тек вегетативті түрлерi өледi. Микроағзаларды физикалық факторлар және химиялық заттар әсер ету арқылы жоюға болады. Микроағзалардың жойылуы дезинфицирлеушi заттардың әсер ету ұзақтығы (экспозиция) мен интенсивтiлiгiне (концентрация) байланысты болады. Стерилизация барлық микроағзалардың вегетирлеушi түрлерiмен қоса олардың спораларын да жою. Соңғысы қоршаған ортаның әсерiне аса тұрақты. Дезинфекция түрлерi. Профилактикалық және ошақты дезинфекцияны ажыратады: Профилактикалық дезинфекция ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын-алу мақсатымен жүргiзiледi. Ошақты дезинфекция күнделiктi ошақты дезинфекцияға және ошақты қорытынды дезинфекцияға бөлiнедi. Ошақты күнделiктi дезинфекция инфекция ошағында, инфекционды науқастың төсек маңында көп рет жүргiзiледi. Ошақты қорытынды дезинфекция инфекционды ошақтағы ауру қоздырғышын толық тазалау мақсатымен бiр рет науқасты жекелегеннен кейiн, инфекционды бөлмеге госпитализацияланғаннан кейiн, сауығуы немесе өлiмiнен кейiн жүргiзiледi. ЕАМ-де дезинфекциялық шараларды негiзiнен орташа медициналық персонал жасайды. Олар келесi нұсқау-әдiстемелiк құжаттармен қолдану қажет, инфекционды аурулардың жеке түрлерiндегi дезинфекциялық шаралар жүргiзудiң әдiстемелiк нұсқаулары, нақтылы заттар және дезинфекция әдiстерiн қолдану бойынша әдiстемелiк нұсқаулар. Дезинфекция әдiстерi: Механикалық, физикалық және аралас дезинфекция әдiстерiн ажыратады. Дезинфекцияның механикалық әдiстерi, оған жататындар: Бөлме iшiндегi жиһазды жуу. Киiмдi, төсек орынды, төсек заттарын қағу. Шаңсорғыш көмегiмен бөлмелердi шаңнан тазарту, бөлмелердi сылау және бояу. Қол жуу. Дезинфекцияның физикалық (термиялық) әдiстерi. Дезинфекцияның физикалық әдiсiне келесi әдiстер жатады: Күн сәулесiн қолдану. Бөлмедегi ауаны және бөлменi ультракүлгiнмен сәулелендiру. Ыстық үтiкпен үтiктеу, күйдiру, қыздыру. Бағалы емес заттарды, қоқысты өртеу. Қайнаған сумен өңдеу немесе қайнату. Пастеризация. Гиндализация (600С-да 6-7 тәулiк iшiнде бөлшектеп пастеризациялау, экспозиция-1 сағат). 30 минут дистилденген суда қайнату, жеке ыдыстарды органикалық кiрден тазартады, эпидемияға қарсы қорғау шараларын сақтап шаяды, шайынды суды дезинфекциялап канализацияға төгедi. Қайнау уақытын су қайнап бара жатқан уақыттан бастап есептейдi.                  

[pic 1]

Дезинфекцияның ауалы әдiсi (ораусыз, құрғақ-ыстық шкафында t0-1200С, экспозиция берiлген температураға жеткеннен кейiн 45 минут) қолданылады, егер бұйымдар шыныдан, металдан, резинадан, латекстан, термотұрақты полимерлi металдан жасалған болса және олар органикалық зақымданбаса. Булап қолданылатын әдiстi айтылған бұйымдарды алдын-ала тазартусыз жүргiзедi. Дезинфицирлеушi агент: 0,5 атм.-ден жоғары қысымды су буы. Дезинфекция режимi температура-1100С, экспозиция-20 минут, стерилизацияланған бикс-коробкаларда, дезкамераларда, автоклавта сирек қолданылады. Физикалық әдiс-персонал үшiн ең қауiпсiз және қолайлы әдiс. Егер жабдықтар, бұйымдар номенклатурасы сияқты жағдайлар болса, бұл әдiстi қолданған жөн. Дезинфекцияның химиялық әдiсi ЕАМ-де толық батыру әдiсiмен дезинфекциялаудың химиялық әдiсi кең қолданылады. Науқастар мен жанаспайтын бұйымдарды және олардың бөлшектерiн дезинфекциялық ерiтiндiге батырылған марлядан дайындалған салфеткамен екi рет сүртедi. Дезинфекцияға қолдануға болмайды: сайдекс, формамен, глутарал, бианол, дезоксон-1 және басқаларды, себебi олардың адам ағзасына   көрсететiн токсикалық әсерi жоғары. Дезинфекцияның химиялық әдiстерiне жатады: Шаю (орошение). Сүрту. Толығымен батыру. Себу.

...

Скачать:   txt (30.2 Kb)   pdf (396.1 Kb)   docx (222.4 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club