Гормондардын жалпы сипаттамасы
Автор: Zharqynaay • Май 19, 2024 • Реферат • 6,497 Слов (26 Страниц) • 80 Просмотры
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Биологиялық химия кафедрасы
ГОРМОНДАР
Оқулық құрал
Қарағанды
ГОРМОНДАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Гормон – жоғары биологиялық активті зат, эндокриндік бездер арқылы синтезделіп, ағзаның ішкі ортасына бөлінеді, заттар алмасуына реттеуші әсер беретін заттар.
Эндокриндік без – негізгі қызметі гормондарды ішке секреттеу болып табылатын, бөліп шығаратын түтікшесі болмайтын, анатомиялық құрылым. Оларға жатқызылады: - гипофиз, эпифиз, қалқанша безі, бүйрек үсті безі (милық, қыртыстық бөлігі), қалқанша маңы безі, жыныс бездері..
Ұйқы безі (асқазан асты безі) және жыныс бездері олар аралас секрет бөлуші бездер. Ішке секреция бездерінің қызметі әр түрлі гормондарды синтездей алатындығымен ерекшелінеді. Мысалы, қалқанша безі тироксин, тирокальцитонинді бөледі. Бұл гормондар бір безде синтезделсе де әртүрлі бағыттағы әсерлерді береді. Сонымен бірге қызметі бір бағыттағы, бірақ, әртүрлі эндокриндік бездерден синтезделетін гормондар да болады. Мысалы, жыныс гормондары жыныс бездері мен бүйрек үсті бездерінде де синтезделеді.
Эндокриндік емес мүшелелерде, мысалы, бүйрек, АІТ, жүрек биологиялық активті зат түзе алады. Олардың кейбіреулері өздерінің нысана-жасушаларына өте жақын синтезделеді, сондықтан олар диффузия арқылы жете алады, қан арқылы тасымалданбастан. Оларды жергілікті әсер етуші гормондар деп атайды және оларды бөлетін жасушаларды паракриндік жасушалар деп атайды.
Кейбір биологиялық активті заттар гормондық қызметтен басқа, медиатор ретінде қызмет атқара алады. Гормондық немесе медиаторлық қызметінің байқалуы олардың синтезделу орнына байланысты анықталады. Мысалы, егер олар бүйректің милы затында түзілсе олар – гормон, егер симпатикалық соңдарда синтезделсе олар – медиатор қызметін атқарады және солай аталады.
Реттеуші гипоталамус пептидтерінің кейбіреулері тек бас миының нейрондарында ғана емес, сонымен бірге басқа мүшелердің ерекше жасушаларында да (мысалы, ішекте) табылған. Бұл пептидтерді өндіретін жасушалар, қазіргі көзқарас бойынша, әртүрлі мүшелер мен ұлпалардың жасушаларына таратылған диффуздық нейроэндокриндік жүйені құрайды деп есептеледі.
Бұл жүйенің жасушалары құрамында аминдердің жоғары мөлшері болуымен сипатталады және олар аминдердің алғызатын ұстауға қабілеттілігімен және аминдердің декарбоксилазасы болуымен ерекшеленеді. Сондықтан олар ағылшын тілінен аудармасы бойынша Amine Precursors Uptake and Dekarboxylating System – APUD жүйесі – аминдердің алғызатын ұстап алушы және оларды декарбоксилдеуші жүйе деп аталады. Сондықтан, эндокриндік бездерді ғана емес, сонымен бірге, ішкі ортаға спецификалық реттеуші заттарды бөлетін, ағзаның ұлпалары, бездері мен жасушаларын біріктіретін эндокриндік жүйе туралы да айтуға болады.
Гормондардың жіктелуі.
Гормондарды әртүрлі критериилеріне байланысты жіктейді.
Ерігіштігі бойынша – гидрофилді, липофилді.
Химиялық құрылымы бойынша:
- Аминоқышқылдардың туындылары: Мысалы, тирозиннің туындылары: адреналин, тироксин, дофамин, норадреналин, трийодтиронин, дофамин, адреналин, норадреналин.
- Протеиндік-пептидтік гормондар:
- полипептидтер: глюкагон, кортикотропин, меланотропин, вазопрессин, окситоцин, асқазан мен ішектің пептидтік гормондары;
- жай протеиндер: инсулин, соматотропин, пролактин, паратгормон, кальцитонин;
- күрделі протеин (гликопротеидтер): тиреотропин, фоллитропин, лютропин
- стероидтық гормондар: олар кортикостероидтар (альдостерон, кортизол, кортикостерон) және жыныс гормондары – андрогендер (тестостерон), және эстрогендер мен прогестерон.
- Сигналдарды беру механизмі және рецепторларының орналасуы бойынша негізгі екі топқа бөлінеді:
- рецепторлары цитоплазма мен ядро мембранасында орналасқан, цитоплазмалық немесе жасушаішілік әсерлесуші суда еритін гормондар ( мысалы, стероидтар, йодтирониндер, кальцитриол)
- рецепторлары плазмалық мембранада орналасқан, жасушасыртылық әсер етуші немесе мембраналық әсерлесуші гормондар (мысалы, үлкен молекулалы гормондар - жасушаға өте алмайтын гормондар);
- Сигналдардың табиғаты бойынша: - гормоналдық әсерді жасуша ішіне тікелей берушілер.
- Биологиялық қызметі бойынша: – протеиндер, аминоқышқылдар, липидтер, көмірсулар алмасуын реттеуші гормондар (инсулин, глюкагон, кортизол, адреналин), су-тұз алмасуын реттеуші гормондар (вазопрессин, альдостерон). Кальций, фосфат алмасуын реттеуші гормондар (паратгормон, кальцитриол, кальцитонин), репродукция қызметін реттеуші гормондар (эстрадиол, тестостерон, прогестерон). Тропты әсер етуші гормондар – гипоталамустың либериндері, статиндері және гипофиздің кейбір гормондары басқа бездерден бөлінетін гормондардың синтезін реттейді.
Гормондардың химиялық құрамы әр түрлі болғанымен де оларға кейбір жалпы ортақ биологиялық қасиеттер тән.
Гормондардың жалпы қасиеттері:
- Физиологиялық әсерінің қатаң түрдегі спецификалылығы (троптылығы).
- Әсерінің жоғары биоактивтілігі: - гормондар өзінің физиологиялық әсерін өте аз дозада (10-6-10-10 моль\л) беретіндігі.
- Әсерінің дистанттығы: - гормон әсер ететін нысана-жасуша синтезделетін орнынан алыс орналасқан.
- Әсерінің генералділігі (жайылынқылығы)
- Әсерінің пролонгациялануы (ұзақ мерзімділігі).
Гормондардың ағзаға физиологиялық әсерінің 4 типі белгілі: - кинетикалық немесе босатушы, мысалы, белгілі бір мүшелердің қызметі атқарылуын дамыту); - метаболиттік (заттар алмасуын өзгерту); морфогенетикалық (мүшелер мен ұлпалардың дифференциациясы, өсуге әсері, пішін қалыптастыру үдерістерін стимуляциялау); - корригациялау (мүшелер мен ұлпалардың қызметінің интенсивтілігін өзгерту).
...