Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гистологиялық препараттарды дайындаудың негізгі этаптары

Автор:   •  Сентябрь 8, 2026  •  Лекция  •  664 Слов (3 Страниц)  •  5 Просмотры

Страница 1 из 3

Гистологиялық препараттарды дайындаудың негізгі этаптары

1.ФИКСАЦИЯ ЭТАПЫ - зерттеуге алынған органдар мен ткандердің құрлысын өмірлік тіршілігіне сәйкес қалыпта сақтау үшін жасалады. 0,5-1 см органдардың кесіндісін 10-20% формалин, спирт, сулема ертінділерінде фиксациялайды. Фиксаторды таңдап алу жұмыс мақсаты мен объектінің ерекшелігіне байланысты. Фиксациялау уақыты әртүрлі, бірнеше минуттан тәулікке дейін, не одан да көп болады. Фиксациядан кейін кесінділерді фиксатордан тазалау үшін сумен шаяды. Егер фиксатор спирт болса, шаюдың қажеті жоқ.

2. ТЫҒЫЗДАУ ЭТАПЫ - фиксацияланған материалдардан жұқа кесінді алу үшін керек. Тығыздау сусыздандыру арқылы жүреді, яғни кесіндіні концентрациясы бірте-бірте жоғарлайтын спирттер қатарынан 50%, 70%, 98%, 100% өткізеді. Содан кейін орган кесегін парафин немесе циллоидинге салып, сіңіртілген соң оның үстіне құйып, қатайтады. Тығыздауды сондай-ақ сұйық көмір қышқылымен мұздату арқылы жасауға болады. Бұл әдісті көбінесе клиникалық практикада диагностика жасауда препаратты тез дайындау үшін қолданады. Кесінділерді жасау үшін арнайы құрал МИКРОТОМ қажет, кесінділер қалыңдығы 5-50мкм.

3.БОЯУ ЭТАПЫ- микроскоп астында клеткалардың, ткандар мен органдардың жеке структуралық бөлшектерін анық ажырату үшін қолданады.

Бояуларды химиялық қасиеттеріне байланысты ажыратады негіздік, қышқылдық нейтралды (бейтарап) деп. Негіздік бояуларға гематоксилин, кармин, азур жатады. Негіздік бояулармен боялатын құрылымдар БАЗОФИЛЬДІ (клеткалар ядросы, жас клеткалардың цитоплазмасы) деп аталады. Қышқылдық бояуларға эозин, анилин көгі, пикрин қышқылы жатады. Қышқылдық бояуларға боялатын құрылымдар ОКСИФИЛЬДІ (көптеген клеткалар цитоплазмасы, клеткааралық заттардың талшықтары) деп аталады.

Көрмелік гистологиялық препараттарды алу үшін құрылымдарды көк немесе күлгін түске бояйтын гематоксилин және құрылымдарды қызғылт түске бояйтын эозин қолданады.    АРНАЙЫ БОЯУЛАР- зерттеуші көңіл аударған құрылымдарды ажырату үшін керек (клеткалар органойдты т.б.) Мысалы: нерв тканінің элементтерін органдарды ажырату үшін күміспен импрегнация (сіндіру) әдісі қолданылады. Гистохимиялық әдістер арқылы құрылымдардың химиялық құрамын білуге болады.

Мысалы: Бірнеше арқылы РНҚ-ны, ал Фельген реакциясы көмегімен ядродағы ДНК ажыратуға болады.

Гематоксилин-эозинмен бояу

1. Кесінділерді парафиннен босатады. Парафинді алып тастау үшін еріткіштерді (ксилол,бензол, хлороформ) қолданылады.

2. 96%, сосын 70% спиртке 1-2 минутқа салады да, сумен шаяды.

3. Гематоксилинмен бояйды 1-2 минут және сумен 1 минут шаяды.

4. Цитоплазманы эозинмен бояп, сумен шаяды.

5. 70%, 96%,100% спиртте препаратты сусыздандырады.

6. Препаратты ағартады (карбол-бензол) 5-минут

4.БАЛЬЗАМДАУ ЭТАПЫ- боялған препаратты сақтау үшін керек (каналдық, бальзам, глицирин, самырсын бальзамы).

...

Скачать:   txt (9.8 Kb)   pdf (90 Kb)   docx (10.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club