Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Генетикалық инженерия негіздері.Трансгенді ағзалар.Фармацияда және медицинада қолданылуы.Ағзаларды клондау

Автор:   •  Апрель 8, 2024  •  Реферат  •  3,059 Слов (13 Страниц)  •  141 Просмотры

Страница 1 из 13

[pic 1]

                 

              «Астана медицина университеті» КеАҚ

Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы

            Реферат  

Тақырыбы: Генетикалық инженерия негіздері.Трансгенді ағзалар.Фармацияда және медицинада қолданылуы.Ағзаларды клондау.

Орындаған:Досберген Жадыра

Тобы:119 ЖМ

Қабылдаған:Тулепбергенова Салтанат

                                                      Астана 2023                                                  

                                                   Жоспар

                       

1.Кіріспе

   •Гендік инженерия

2.Негізі бөлім

   •Шығу тарихы

   •Генетикалық инженерия технологиялары

   •Гендік инженерия жетістіктері және олардың медицина үшін  маңызы

   •Трансгенді ағзалар

   •Ағзаларды клондау

3.Қорытынды

4.Пайдаланылған әдебиеттер

                                             

                                             Кіріспе

   Молекулалық биология ғылымының ең маңызды,қолданбалы салаларының бірі болып гендік инженерия саналады.Ол 20-шы ғасырдың 70 жылдарынан бері қалыптасып дамып келеді.

   Гендік инженерия-белгілі бір ген өнімін(фермент,гормон т.б.) алу мақсатында,бір ағзаның генін екінші ағзаға көшіруге арналған жоғарғы технологиялық үдеріс,яғни екі ағзаның ДНҚ молекулаларын будандастырып,жаңа ДНҚ молекуласын қолдан құрастыру болып табылады,сонымен қатар генетикалық биохимиялық әдістердің көмегімен түраралық кедергілері жоқ ,тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше,табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алу саласы.

                                                 Негізгі бөлім

   

1.Шығу тарихы

    Гендік технологиялар саласындағы зерттеулер 20-шы ғасырдың 70 жылдары басталды.Тұңғыш тәжірибені 1972 жылы американ биохимигі Пол Берг іске асырды.Ол маймылдың онноген вирусын SV-40-тың толық геномын,бактериофаг-L геномының бір бөлігін және E.Coli бактериясының галактоза генін біріктіру арқылы рекомбинантты ДНҚ алған болатын.Ал келесі тәжірибені 1973-74ж Америка биохимиктері С.Коэн және Г.Бойер түрлі ағзалардан бөліп алынған генді бактерия плазмидасының құрамына енгізді.Бұл тәжірибе басқа организмдер гендерінің жаңа ағза ішінде жұмыс істей алатынын дәлелдеді.Жануарлар клеткаларымен жүргізілген тәжірибелерде бір келетка ядросын екіншісімен алмастыруға,екі немесе бірнеше эмбрионды қосып біріктіруге,оларды бірнеше бөлікке бөлшектеуге болатыны анықталды.Мысалы,генотиптері әртүрлі тіндердің клеткаларын біріктіру арқылы тышқанның аллофенді особьтары алынды.

2.Гендік инженерия технологиялары.

 

Гендік инженерияның әдістері

1.Клеткадағы ДНҚ-дан тікелей кесіп алу - белгілі организмнің ДНҚ-сьн түгелімен әр түрлі рестриктазалармен үзіп, әр түрлі ферменттер алады. Сонан соң оны клетка ішіне "арқалап" кіргізе алатын сақиналы плазмидалармен жалғайды. Ол үшін плазмиданы да рестриктазалармен үзеді, оған әлгі ДНҚ ферменттерін қоса жалғап, қайтадан бүтін  плазмидалар алады. Бұл плазмидаларды әрқайсысының кұрамында бір немесе бірнеше бөтен ДНҚ гені болады. Одан кейін плазмидаларды қайтадан бактерияға енгізеді. Енді бактерия клеткасында басқа ағза генінің түрі  бар.

2. Химиялық жолмен синтездеу - 1969 жылы Г.Корана ашқан.Бірақ  ол алған ген клеткада ешбір қызмет атқара алмады. Оған тек нуклеин қышқылдарының нуклеотидтердің орналасу тәртібін анықтағаннан  кейін ғана мүмкіндік туды. Бұл әдістерді тапқан Д.Джильберт пен Ф.Сэнгер.Олар адамның өсу генің бактериялары басқа геннің промотырына жалғастырып, плазмида арқылы бактерия клеткасына енгізді. Нәтижесінде бактерияның бір клеткасы 3 млн-ға дейін адам самототропин молекуласын жасай алатын болды. Адам инсулиніде осы жолмен бактерияға енгізілген болатын.

...

Скачать:   txt (43.5 Kb)   pdf (170.6 Kb)   docx (47.3 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club