Жастардың салауатты өмір салтының калыптасуына олардың құндылықтық бағдарларының әсері
Автор: Aiym Dairabai • Май 1, 2022 • Статья • 457 Слов (2 Страниц) • 326 Просмотры
Аннотация:Бұл мақалада қазіргі уақыттағы Қазақстан жастарының денсаулығы мен салауатты өмір салтын басқару мәселесіне назар аударылады. Мақалада жастардың салауатты өмір салтын ұстануына қандай өмірлік құндылықтары әсер ететіндігі жөнінде теориялық талдау жасалынды. Және де жастардың өмірлік құндылықтары мен салауатты өмір салтының өзара байланысы бойынша көптеген авторлардың еңбектері қарастырылады. Жастардың құндылықтық бағдарлары мен денсаулығына көңіл бөлуі олардың салауатты өмір салтын толыққанды ұстануына алып келетіндігі теориялық тұрғыдан дәлелденді.
Кілттік сөздер: құндылық,құндылықты бағдар, жастар(студент), денсаулық, салауатты өмір салты.
Қазіргі Қазақстан жастары жеке, өз бетінше өмір сүруді жөн көретіндігі баршамызға мәлім. Жоғарғы әлеуметтік мобильділік жағдайында жастар және олардың құндылықтық көзқарастары түрлі өзгеріске ұшырап, кедергілерге жолығып жатады. Бұл өзгеріске ең алдымен құндылық жүйесінің құрылымы ұшырайды[1].
Көзқарастар мен әлеуметтік идеялардың өзгеруі қоғамның және әрбір жеке адамның санасын қайта құруға әкеледі. Құндылықтарды қабылдауда қазіргі қоғамның ең белсенді санаты ретінде жастарға ерекше көңіл бөлінеді[2, С. 56-60 ].
«Құндылық» ұғымын оның жеке өмірдегі рөлі мен функцияларын зерттеу әртүрлі отандық және шетелдік психологиялық мектептер өкілдерінің еңбектерінде, мысалы, психоанализ (З.Фрейд, К.Г.Юнг, А. Адлер, Э.Фромм, К.Хорни және т. б.), мінез-құлық (Б.Скинер, Дж.Роттер), гуманистік психология (А.Маслоу, К.Роджерс, М. Рокич) және т. б. отандық психология А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, В.Н.Мясищев, К.А.Абулханова-Славская, А.Л.Бодалев, А.С.Прангшвили, Д.Н.Узнадзе және басқалардың еңбектерімен ұсынылған[3,С. 12-13].
А.Г.Здравомысловтың түсінігінде, құндылық бағдарлары- адамның материалдық және рухани игіліктер мен идеалдардың жиынтығына қатысты тұрақты, таңдау қатынасы ретінде қарастырады, олар жеке адамның өмір сүру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін заттар, мақсаттар немесе құралдар ретінде қарастырылады. Құндылық
...