Балалардағы жедел обструктивті бронхиттер және бронхиолиттер
Автор: aizhanalmakhan03 • Январь 18, 2021 • Реферат • 1,793 Слов (8 Страниц) • 1,358 Просмотры
Балалардағы жедел обструктивті бронхиттер және бронхиолиттер
- Балалардағы жедел бронхиттер мен жедел бронхиолиттерді анықтаңыз.
- Клиникалық жіктелуі
- Балалардағы обструктивті бронхиттер мен жедел бронхиолиттердің дамуының негізгі себептері
- Балалардағы обструктивті бронхиттер мен жедел бронхиолиттерді диагностикалау жоспары
- Клиникалық көріністер және асқынулар
- Емдеу тактикасы.
1.Балалардағы жедел бронхиттер мен жедел бронхиолиттерді анықтаңыз.
Бронхит— этиологиясы әртүрлі (инфекциялық, аллергиялық, физика-химияирритативті) болатын бронхтардың қабынуы.
Жедел бронхит— қақырық бөлуінімен және жөтелмен бронхиалды шырыш көлемінің көбеюімен сипатталатын, трахеобронхиальды ағаштың шырышты қабығының жедел диффузды қабынуы. Жедел бронхит әдетте 14 күнге созылады.
Жедел жай бронхит— балаларда өзіндік ауру ретінде сирек болады. Көбінесе жай бронхит- ЖРВИ көріністерінің бірі, сондықтан ол басқа да белгілермен қатар жүреді(ринит, назофарингит, конъюктивит, кейде ларингит, трахеит те бірге жүреді).
Жедел обструктивті бронхит— ағымына бронхиалды обструкция сипаты, яғни экспираторлы ентігу тән болатын жедел бронхиттің түрі.
Бронхобструктивті синдром- көптеген жедел және созылмалы аурулардағы бронх өткізгіштігінің бұзылысы.
Жедел бронхиолит— обструктивті өзгерістер тән бронхиолалардың қабынуымен жүретін, көбінесе 6 ай мен 2 жастағы сәбилерде кездесетін ауру. Бұл аурудың негізгі ерекшелігі бронхиолалардың саңылауы тарылуынан тыныс жеткіліксіздігінің дамуы. Бұл қабынудың өршуінен майда және ірі бронхтарда дәнекер тінінің өсуіне, өкпе тамырларының бітелуіне және жүрек жеткіліксіздігіне әкеледі.
2.Клиникалық жіктелуі
Оның даму ағымына қарай:
-жедел бронхит
-созылмалы бронхит
Жедел бронхиттің:
-жедел жай бронхит
-жедел обструктивті бронхит
Қабыну сипатына қарай:
-катаральды
-іріңді
-катаральды-іріңді
-геморрагиялық
Патогенезі бойынша:
-біріншілік бронхит- қабыну үрдісі бронхтардан басталады.
-екіншілік бронхит- ЖРВИ, туберкулез сияқты аурулардың асқынуынан пайда болады.
Тыныс алу қызметінің бұзылысына қарай:
-обструктивті
-обструктивті емес
Этиологиясына қарай:
-Инфекциялық- бактериалық, вирустық, микоплазмалық, саңырауқұлақтық. Ең жиі жедел вирустық бронхит кездеседі.
-Химиялық және физикалық факторлардың әсерінен. Көп жағдайда бұл мамандыққа байланысты(тітіркендіргіш заттарды, шаңды жұту).
-Аллергиялық бронхит. Ем тағайындағанда антигистаминді препараттарды тағайындайды.
-Әр түрлі этиологиялы бронхит.
Зақымдану деңгейіне байланысты:
-төменгі тыныс жолдары
-кең таралған бронхит
-сегментарлы
Бөлінетін қақырық түріне байланысты:
-шырышты
-іріңді
-катаралды
-аралас
Бронхиолиттің даму ағымына қарай:
-жедел бронхиолит
-облитерациялаушы бронхиолит
-созылмалы бронхиолит деп бөлінеді.
3.Балалардағы обструктивті бронхиттер мен жедел бронхиолиттердің дамуының негізгі себептері
Обструктивті бронхит- Инфекциялық, түлі респиарторлы вирустар, микоплазма, хламидийлер тудырады, сонымен қатар сәбилерде РС- вирус, Цитомегаловирус(ЦМВ), аденовирус қоздырғыштары әсерінен туындауы мүмкін.
Икемдеуші факторлар: анасының жүктілік кезінде темекі тартуы(нәрестенің тыныс жолының түтіннен тарылуы), пассивтіі темекі шегу(баланың лас ауамен дем алуы). Фетальді алкагольді синдром, құрсақішілік даму кідірісі, конституцияның экссудативті-катаральды және лимфатика-гипопластикалы диатезі. Рецидивті жедел обструктивті бронхиттің дамуына тұқым қуалаушылықтың да әсері бар.
...