Жедел обструктивті бронхит
Автор: AlmaraAmantay05 • Ноябрь 15, 2022 • История болезни • 1,777 Слов (8 Страниц) • 605 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университеті
[pic 1]
[pic 2] Ауру тарихы
Кафедра: №1 Балалар аурулары, неонатологиямен
Клиникалық диагноз: Жедел обструктивті бронхит
Кафедра жетекшісі: Жумалина А. К.
Тексерген куратор:Бегенов Г.Б.
Факультет: Жалпы медицина
Тобы: 418А
Орындаған:Құттыбала Диляра
Ақтөбе 2022ж.
Паспорттық бөлім:
Аты-жөні:Бахитов Камил Рүстемұлы
Туған жылы:09.10.2021ж 1 жас 1 ай
Жынысы:ер
Ұлты:қазақ
Мекен жайы:улица 101 Стрелковой бригады,6 к 1
Ата-анасының аты-жөні:Ихсанова Гулдана
Ауруханаға түскен күні:26.10.2022ж
Түсу реті:жедел жәрдем
Түскен кездегі шағымдары:
Шағымдары: дене қызуы,ентігу,жөтел, мазасыздану,тәбеті нашарлауы,жалпы әлсіздік.
Негізгі шағымдары-дене қызуы,ентігу,жөтел
Қосымша шағымдары-мазасыздану,тәбеті нашарлауы,жалпы әлсіздік.
Anamnesis morbi:
26.10.2022ж дене температурасының көтерілуі мен ентігу шағымдары бойынша түсте жедел-жәрдем арқылы “Көпсалалы қалалық балалар ауруханасына” жеткізілген.Анасы бұл шағымдарды салқын тиюмен байланыстырады.
Anamnesis vitae:
Ақтөбе қаласында дүниеге келген.Ер бала 6-шы жүктіліктен 38 аптада туылған.Оған дейін 3 аборт болған.Ешқандай асқынусыз босанған.Жүктілік кезінде анасы бронхит,пневмониямен ауырған.Туылған кездегі салмағы 2700гр,бойы 49см.Туған кезде бірден айғайлаған.Апгар шкаласы бойынша 7 балл.3 тәулігінде кіндігі түскен.4 аптада жарасы жазылған.Өздігінен емген.Екпелерді уақытылы алған.Осыған дейін 2-ші және 7-ші айлығында бронхит диагнозымен ауруханаға түскен.
Жанұя анамнезі:Отбасы толық.Үйінде 7 адам.Көп пәтерлі үйде тұрады.Үйге жарық жақсы түседі.Бала күтімі жақсы,тамақтануы тұрақты.Тұрмыс жағдайы жақсы.Ата-анасының зиянды әдеттері жоқ.Тұқым қуалаушылық аурулар жоқ.
Аллергиялық анамнез:тағамға,дәрілік заттарға аллергиялық реакция жоқ.
Status praesens:
Баланың жалпы жағдайы:қанағаттанарлық
Төсектегі қалпы:белсенді
Есі:айқын
Ұйқысы:қалыпты
Дене пішімі:нормостеникалық
Дене салмағы:10кг
Бойы:72см
Қарағанда:тері жабындылары қызғылт,таза.Терісінде бөртпелер,жарықтар,пиггментация және ісінулер жоқ.Склерасы ақ түсті.Тілі таза,ылғалды.
Тері асты клетчаткасы:қалыпты,біркелкі.Тургор сақталған.
Лимфа түйіндері:ұлғаймаған,ауырсынусыз,қалыпты.
Бұлшықет жүйесі:қанағаттанарлық дамыған,тонусы қалыпты,симметриялы,ауырсынулар жоқ.
Сүйек жүйесі:қалыпты,деформациясыз.
Буындарының конфигурациясы қалыпты.Кеуде қуысының пішіні ұлғаймаған.Аяқ ұзындықтары бірдей.
Тыныс алу жүйесі
Жалпы қарау:мұрын арқылы тыныс алуы еркін.Кеуде клеткасының формасы нормостеникалық,кеудесі симметриялы. Тыныс алу типі-аралас.ТАЖ-30 рет мин. Жөтел және экспираторлы ентігу.
Пальпацияда:ауырсынусыз,кеуденің серпімділік қасиеті жақсы.
Аускультацияда өкпеде қатқыл тыныс,екі жақ өкпеде құрғақ сырылдар естіледі.
Жүрек-қан тамыр жүйесі
Жалпы қарау:артерияларда пульс симметриялы,ырғақты,біркелкі.Жүрек негізінде патологиялық пульсация байқалмайды.ЖСЖ минутына 128 рет.Артериялық қысым 110 70 мм.сын.бағ.бойынша.
...