Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ішек эпителийі,кірпікшелі және целомдық эпителийлер,без эпителийі

Автор:   •  Май 5, 2022  •  Реферат  •  892 Слов (4 Страниц)  •  345 Просмотры

Страница 1 из 4

17. Ішек эпителийі,кірпікшелі және целомдық эпителийлер,без эпителийі.

Бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий - сирек кездесетін эпителийдің түрі, энтодермадан және мезодермадан пайда болады. Оның негізгі функциясы — ылғал беттерді қорғау. Осы эпителийдің барлық жасушалары біріне-бірі ұқсас. Кейбір бездердің өзектерінде кездеседі. Көпшілік жағдайда бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий өзгеріске ұшырап, корғау қызметімен бірге секрет бөлу және сіңіру функцияларын да атқарады. Секреторлық және сіңіруші жасушалардан тұратын бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий ішекті астарлайды. Сондықтан оны ішек эпителийі деп атайды.

Бір қабатты бір қатарлы жалпақ эпителий адамдарда және сүтқоректілерде өкпе альвеоласының, өкпенің беттері мен қабықтарын астарлап тұрады.Оны барлық целом қуысын қаптап тұратындықтан целомдық эпителий деп те атайды. Немесе олар мезодерманың туындысы болғандықтан, мезотелий деп те аталады.

Бездердің негізгі массасы эпителийден тұрады.Олардың организмдегі қызметі-тіршілікке керекті әртүрлі сөлдер бөлу.Бездер 2ге бөлінеді;эндокринді және экзокринді.Экзокринді бездер сөлін дененің бетіне немесе іші қуыс мүшелерге бөлетін болса,эндокринді бездер сөлдерін тікелей қанға немесе лимфаға бөледі.Экзокринді бездерге сілекей,тер,жас,сүт,ұйқы бездері және бауыр жатады.Эндокринді бездерге қалқанша безін,гипофиз,эпифиз,бүйрекүсті бездерін т.б жатады.Экзокринді бездердің өзін экзоэпителий және эндоэпителий деп бөледі.Экзоэпителий бездері эпителий қабатының астына өтіп,дәнекер ұлпасына батып тұрады.Эндоэпителий бездері тек эпителий қабатының ішіне орналасады.Экзокриндік экзоэпителиальді бездер бір жасушалы және көп жасушалы болуы мүмкін. Экзокриндік экзоэпителиальді бір жасушалы бездер омыртқасыздарда кең тараған. Экзокриндік экзоэпителиальді көп жасушалы бездер организм бездерінің негізгі массасын құрайды — сілекей, көз жасы, тері, май бездері, бауыр, ұйқы безінің экзокриндік бөлігі.Экзокриндік экзоэпителиальді көп жасушалы бездер өзегінің құрылысына қарай жай және күрделі бездер болып бөлінеді.Тармақталмаған бір ғана өзегі бар безді жай без дейді. Егер өзектің тармақталған жүйесі болса, ондай бездер күрделі болады. Көптеген күрделі бездер өте үлкен келеді, оларды органдар деп атауға болады (бауыр мен ұйы безі).

18.Сперматогенез бен овогенез арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар.

Гаметалардың пісіп жетілуі гаметогенез процесі барысында іс жүзіне асады. Оның екі түрі бар;

Сперматогенез – аталық жыныс жаушаларының (сперматозоидтардың) пісіп жетілуі. Көбею кезеңінде диплоидты сперматогониялар қарқынды түрде митоздық бөлінуін бастайды. Сперматагониялардың бір бөлігі келесі өсу аймағына өтеді. Бұл кезеңде цитоплазма көбейіп, олардан бірінші реттегі сперматоциттер түзіледі. Келесі аймақ – пісіп жетілу аймағы. Мұнда мейоз процесі жүреді. Мейоздың бірінші бөлінуінің нәтижесінде әр бірінші реттегі сперматоциттерден екі екінше реттік сперматоциттер, ал мейоздың екінші бөлінуінің соңында – төрт сперматид түзіледі. Мейоздың нәтижесінде пайда болатын гаметаларда хромосомалар жиынтығы – гаплоидты.    Сперматогенездің ерекшелігі мұнда қалыптасу аймағы бар. Бұл аймақта сперматидтердің ядросы тығыздалып акросома аппараты қалыптасады. Бұл кезеңде цитоплазма мөлшері азаяды. Сперматидтер кішірейеді, құйрығы пайда болып, нағыз сперматозоидтарға айналады.

Овогенез – аналық жыныс жасушасының (жұмыртқаның) пісіп жетілуі. Овогенез  үш кезеңнен тұрады: көбею, өсу, пісіп жетілу.  Бірақ, қалыптасу кезеңі болмайды. Овогенездің өзіндік ерекшеліктері бар. Овогенез  аналық жыныс безінде өтеді. Алғашқы жасушалар – овогониялар көбею және өсу кезеңдерінен өтеді. Мұнда овоциттер қалыптасады. Бірінші реттік овоциттерден мейоздық бөлінуі арқылы екінші реттік овоциттер қалыптасады.Екі процесс айырмашылығы сперматогенез 4кезеңнен тұрса,овогенез 3кезең бойынша өтеді.

...

Скачать:   txt (13.8 Kb)   pdf (129 Kb)   docx (11.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club