Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бактериалдық ішек жұқпаларының қоздырғыштары – эшерихиоздар, дизентерия, іш сүзегі, А және В паратифтерінің, сальмонеллездер, Кампилобак

Автор:   •  Январь 11, 2023  •  Реферат  •  2,328 Слов (10 Страниц)  •  390 Просмотры

Страница 1 из 10

Тақырыбы:  Бактериалдық ішек жұқпаларының қоздырғыштары – эшерихиоздар, дизентерия, іш сүзегі, А және В паратифтерінің, сальмонеллездер, Кампилобактериялар. Геликобактериялар.

Жоспар:

1.Дизентерия таксономиясы,морфологиясы,диагностика,емдеу.

2. Сальмонеллез таксономиясы,морфологиясы,диагностика,емдеу.

3. Капилобактериялар таксономиясы,морфологиясы,диагностика,емдеу.

4. Геликобактериялар таксономиясы,морфологиясы,диагностика,емдеу.

         Эшерихиоздар - Eschericia coli тудыратын аурулар. Энтералды және парентералды эшерихиоздарды ажыратады. Энтералды – көбінесе ас қорыту жолдарын зақымдайтын жедел жұқпалы аурулар, оның қоздырғыштары E.coli-дің диареегенді штамдары болады. Парентералды – кез-келген мүшені зақымдаумен жүретін E.coli-дің шартты-патогенді штамдарымен тудырылады. Ішек таяқшасын Т. Эшерих ашқан (1885).

       E.coli-дің маңызы. Ішек таяқшасы – бұл, тоқ ішектегі қалыпты микрофлораның өкілі; бірқатар пайдалы қызметтер атқарады, соның ішінде ішек ауруын тудыратын бактерияларға, шіріткіш бактерияларға, Candida туыстығындағы саңырауқұлақтарға антагонист болып келеді, В, Е, К топтағы витаминдерді синтездеуге қатысады, клетчатканы жартылай ыдыратады. Тоқ ішекте 02, 07, 09 және т.б. серологялық топтарға жататын E. coli мекендейді.

Сонымен қатар, E. сoli –дің шартсыз патогенді штамдары бар – диареегенді немесе энтеропатогенді ішек таяқшалары (ЭПІТ), олар ағзаға сырттан түсіп энтералды (ішектік, эпидемиялық) эшерихиоздар деп аталатын ауруларды кең таратады.

Таксономия. E.сoli - Enterobacteriaceae  тұқымдасының  Gracilicutes  бөліміне жататын  Escherichia  тобының негізгі өкілі.

Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері. E.сoli шеттері домалақтанған, ұсақ грам теріс таяқшалар, жағындыда бейберекет орналасқан, спора түзбейді, кейбір штамдары микрокапсулаға ие, перитрихтер; талшықтардан басқа, кейде пили (кірпікшелер) анықталады.

Дақылды өсіру. Ішек таяқшасы - факультативті анаэроб, қоректік ортаға талғамсыз, 37ºС-та және рН 7,2-7,4 болатын қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі, сұйық ортада диффузды лайлану түрінде өседі және тығыз қоректік орталарда кәдімгі колониялар түзеді. Эшерихиоз диагностикасы үшін Эндо, Левин және т.б. дифференциалды-диагностикалық орталар кең қолданылады.

Ферменттік белсенділігі. E.сoli жоғары ферменттік белсенділікке ие. Ішек таяқшасы 24 сағат бойы лактозаны ыдырататын  Enterobacteriaceae  тұқымдасының  өкілі.

Антигендік құрылымы. Ішек таяқшасы соматикалық (О), талшықты (Н), беткейлі (К) антигендерге ие. Антигеннің әрбірі біртекті емес: О- антигеннің 170-тен астам, К-антигеннің 100-ден астам, Н-антигеннің 50-ден астам нұсқалары бар. О-антигеннің қалыптасуы серологиялық топқа жататындығын көрсетеді.

Патогенді факторлары. E.coli энтеротропты, нейротропты, пирогенді әсер ететін эндотоксин түзеді (ЭПІТ). ЭПІТ ащы ішектің  эпителиіне жабысып немесе адсорбцияланып экзотоксинді түзеді, ол ащы ішек қуысында су мен хлоридтің мөлшерден көп бөлінуіне алып келеді және натрийдің кері сіңірілуін бұзады, нәтижесінде ішектің жиырылуын, іш өту мен сусыздануды күшейтеді.

Резистенттілігі. Басқа энтеробактериялардың ішінде E.coli қоршаған ортаның әртүрлі факторларының әсеріне аса жоғары төзімділігімен ерекшеленеді.

Энтералды эшерихиоздардың эпидемиологиясы. Энтералды эшерихиоздардың көзі ауру адамдар мен жануарлар болып табылады. Инфекцияның таралу механизмі фекалды-оралды (нәжісті-ауыз қуысы арқылы), негізгі таралу жолдары – тағамдық, қарым-қатынастық және тұрмыстық. Ауру көбінесе күрт көбею түрінде сипатталады.

Патогенезі.  Инфекцияның ену қақпасы – ауыз қуысы. E.coli ащы ішекке түсіп, оның эпителий жасушаларына талғамдылық қасиетке ие бола отырып, пили (кірпікшелер) мен сыртқы мембрана ақуыздарының көмегімен ащы ішектің эпителиясының жасушаларына жабысады. Бактериялар көбейеді, өледі, ішектің жиырылуын күшейтетін экзотоксин бөледі, диарея тудырады, қызуды, жалпы интоксикация белгілерін жоғарылатады. Сонымен қатар, ішек таяқшасы неғұрлым ауыр диареяны, құсуды және айтарлықтай тұзды су алмасуын бұзатын экзотоксин бөледі. Басқа патогенді факторларды түзетін ЭПІТ ағзаға сәйкесінше әсер көрсетеді және бұл аурудың клиникалық белгілерін анықтайды.

...

Скачать:   txt (35.8 Kb)   pdf (134 Kb)   docx (17.4 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club