PBL сабағы. Пациентті зерттеу
Автор: Rinatqazwer • Ноябрь 22, 2023 • Эссе • 881 Слов (4 Страниц) • 148 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
[pic 1]
Эссе
Тақырыбы: PBL сабағы,Пациентті зерттеу
Орындаған: Батаев Ринат
Топ:1-001 Ом сфо
Тексерген:Роза Токетаевна
Қарағанды 2023
Науқастың аты-жөні:Катя Николавна, жынысы:әйел, жасы:15 те. Ол сенбі күні құрбысы Ританың үйіне қонаққа келген. Кейін түнгі 02:00 де жағдайы нашарлап, Ританың ата-анасы оны ауруханаға алып келген.
Шағымы- көп реттік құсуға, кіші дәреттің жиіленуіне, жалпы жайсыздыққа, салмақ тастауына, шөлінің қанбауына.
Ауру тарихы- жоғарыдағы шағымдарды жексенбі күннен Ританың құрбысының үйінде сауық кешінде бөлме температурасының жоғары болуымен байланыстырады. Өздігінен ештеңе қабылдамаған, эпид аймағы таза.
Өмір тарихы- Науқастың баяндауы бойынша Диспансерлік тіркеуде тіркелмеген, созылмалы сырқаттары жоқ, тұрақты түрде Лантус, Актрацид, күніне 3 реттен қабылдайды. Соңғы рет жұма күні 2 күн алды қабылдаған. Ота және ауыр жарақаттар алмаған. ЖИТС, АИТ, Боткин, Туберкулез, Гепатит ауруларымен ауырмаған. Өмір салты- зиянды әдеттерді қолданбайды.
Жергілікті статусы- есі анық, сұрақтарға жауап береді, адекватты, орталық жүйке жүйесі жедел өзгеріссіз, дене бітімі астеникалық тұрғыда, тірек қимыл функциясы өзгеріссіз, көз қимылдатқыш функциясы өзгеріссіз, тілі ортаңғы сызықпен ренді тістелмеген, жұтыну сақталған, іші жұмсақ ауырсынусыз.
...